Контрольная работа по "Бизнес-планированию"
Автор: meruert.sergali • Сентябрь 18, 2022 • Контрольная работа • 1,049 Слов (5 Страниц) • 217 Просмотры
Жоспарлау - бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет.
Жоспарлау кезеңдері.5
1.Бірінші кезеңде болжау жүргізіледі, алдымен бар ресурстарды болжау мақсатында белгілі бір факторларға жүйелі талдау жасалады.
2. Екінші кезеңде кәсіпорынды дамыту баламасына таңдау жасалып, салыстыру жүргізіледі. Басқаруда қойылған міндеттің шешіміне бір ыңғай болмайды
3. Үшінші кезең - мақсатты қалыптастыру және міндетті қою. Мақсатты дәл анықтап, оған жету мерзімдерін анықтау кажет.
4. Төртінші кезенде жұмыстың сәйкес тізбегі мен әрекет ету бағдарламасы жасалады. Әрекет ету бағдарламасын жасау үшін қабылданатын міндеттердің орындалуының уақытша тізбектілік пен кезектілігін бекіту қажет.
5. Бесінші кезеңде бағдарламаны кұндык бағалау және бірінші кезекте қаржылық ресурстарды бөлу жүргізіледі.
Бизнес-жоспар ағылшын тілінен аударғанда «кәсіпкерлік іс-әрекет жоспары», «кәсіпкерліктің жоспары» деп аударылады. Бизнес-жоспардың екі қағидалы бағыты бар:
№1 Түйіндеме. Бизнес-жоспар жасалғаннан кейін түйіндеме құрастырылады. Негізгі мақсаты - ұсынылатын жобаға қаражаттарды енгізу қажеттігін дэлелдеу. Түйіндеме бизнес-жоспар компьютерге басылған мәтіннің үш бетіне қысқаша шолудан тұрады. Бүл жоба жарнамасы, сондықтан оның мазмұны кысқа да накты болуы кажет. Түйіндемеге түсініктеме жеткілікті дәрежеде еркін жазылуы тиіс, бірақ мәтінді бизнес-жоспардың мақсаттары мен мәселелерінен бастау керек.
Кіріспе:Жоспар максаты,жобаның қысқа мерзімді манызын камтиды.
Негізгі мазмұны:бизнес жоспар және оның негізгі бөліктерінің барлық негізгі элементерінің қысқаша сипаттамасы.
Қорытынды:жетістік факторлары,кәсіпкерлік әррекеттің негізгі жолдарына сипаттама беру.
№2 тауар кызмет сипаттамасы
Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат.Лдан болек сатуга , айырбаска түсетін өнім.
Тауардын сипаттамасы химиялык физикалык механикалык санақтардыжәне т б қаситеттерді ғана емес сонмен катар онын дизайны қаптамасын қамтуы кере:Қолдану әдістерін ұсына отырып негізгі және бөллек қосымша сондай ак келещегі барын бөлек көрсету керек.Сатып алушылар осы өнімді неге тандайтынын яғни өтінімінде ұсынылатын өнім қандай бәсекелесті артықшылыққа ие екенін түсіну керек.
№3 Маркетинг жоспары. ― бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы нысандандырылған құжат. Бірінші кезекте нарықтың сиымдылығы мен тауардың жалпы құны туралы мәліметтерді жинап өңдеуді талап етеді. Өйткені ұсынылып отырған тауар немесе қызмет көрсетуге қатысты сұранысқа тауардың бағадан өзге әсер ететін факторлар бар. Мысалы, тұтынушылардың демографиялық, әлеуметтік, мәдени сонымен қатар экономикалық жағдайы секілді факторлар. Екінші кезекте, сатылатын тауар немесе қызмет көрсетуден түсетін табыстар мен бизнесті ұйымдастыру және жүргізуге қатысты шығындардың өтелуі мәселесі. Сондықтан да осы және нарыққа қатысты өзгеде ақпаратты экономикалық талдау мен жоспарлау бизнесті жүргізудің анықтаушысы болып табылады. Осы себептен бизнес жоспардың бұл бөлімі ең күрделі әрі көлемді бөлім болып табылады. Маркетинг жоспары келесі бөлімдерден тұрады:
1) маркетинг мақсаттары мен стратегиялары;
2) тауар нарықтарын кешенді талдау және жобалау;
3) бағаның қалыптасуы;
4) тауарды (қызметті) тарату жүйесін таңдау;
5) жарнама;
6) сатуды ынталандыру әдістері, клиенттерге сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
№4 Өндіріс жоспары. «Өндіріс жоспары» бөлімінде кәсіпорын жақындағы 2-3 жылда (ірі компаниялар үшін мерзім 4-7 жылға дейін созылуы мүмкін) тиімді өнім (қызметтер) өндіруді жоспарлау жолына түсініктеме береді. Бұл бөлімде - тауарлар қайда дайындалатыны, қандай өндірістік қуаттар қажет болады, қандай жабдық қажет және жетіспейтін жабдықты кайдан сатып алуға болатыны жоспарланады, өндірістік ағымдар тізбегі қандай, шикізат пен материалдар кімнен және кайдан сатып алынады, өндірістік бірлесу жоспарлана ма, сапаны бақылау жүйесі қандай, өндірілетін өнімнің (кызметтердің) өзіндік құны кандай? - деген сүрақтарға жауап береді.
...