Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1971 жыл)

Автор:   •  Июнь 4, 2018  •  Реферат  •  522 Слов (3 Страниц)  •  970 Просмотры

Страница 1 из 3

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКА САЛАСЫ БОЙЫНША ЛАУРЕАТТАРЫ ЖАЙЛЫ

Газетіміздің өткен сандарында экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының тағайындалу тарихы  және олардың осы сыйға лайықты деп тағайындалған 1969 жылдан 2000 жылға дейінгі еңбектері жайлы жазылған болатын. Бүгінгі санда олардың осы сыйға лайықты делінген еңбектеріне кеңінен  тоқталамыз.

 [pic 1]        [pic 2]        

Рагнар ФРИШ             Ян ТИНБЕРГЕН

(1895-1973)                   (1903-1994)

Экономика бойынша Нобель сыйлығының алғашқы лауреаттары (1969 жыл)

«Экономикалық процестерді талдауға арналған динамикалық үлгілерді құрғаны мен қолданғаны үшін»

 

1930 жылдары Я.Тинберген мен Р.Фриш статистика мен экономикалық талдауды біріктіретін жаңа ғылым – эконометриканы – құрды. Бұл ғалымдардың экономикалық тәжірибеге математикалық тәсілдерді ендіруі бұған дейінгі айқынсыз және тұманды экономикалық болжамдарды дәл және шынайы етуге мүмкіндік жасады.

Осы негізде Я.Тинберген 27 математикалық теңдеулер арқылы алғаш рет голланд экономикасының жұмыс атқарушы үлгісін жасады. Кейіннен ол 48 теңдеуді пайдалана отырып, американдық экономиканың үлгісін құрды. Бұл еңбек қоғамда мойындалып, экономикалық циклдар теориясының негізін құрады.

Р.Фриш «эконометрика» ұғымын экономикалық-математикалық тәсілдерді біріктіретін ғылыми пәндер кешені ретінде қарастырды. Эконометриканың негізгі тарауларына ол экономикалық өсу теориясын, өндірістік функциялар теориясын және сұраныс пен ұсынысты талдауды енгізді.

Бүгінде кеңінен қолданылатын «микроэкономика», «макроэкономика» ұғымдары осы ғалымның арқасында дүниеге келген.

Рагнар Фриштың ғылыми еңбектері Адам Смит, Давид Рикардо және Стюарт Милль сынды ғалымдардың экономикалық теориясын жаңадан қарастыруға ықпал етті. Фриш теоретиктердің жалпы шешімдерін дәлелдеу немесе жоққа шығару мақсатында нақты экономикалық жайттарды талдау үшін статистика мен математиканы белсенді пайдалануды ұсыну арқылы экономикалық пайымдауды 180 градусқа бұра білді.

[pic 3]

Пол Энтони Самуэльсон

(1915-2009)

Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1970 жыл)

«Статикалық және динамикалық экономикалық теорияны дамытқан ғылыми жұмысы үшін»

П.Э.Самуэльсон – көрнекті американ экономисті. Индиана штатында орналасқан шағын Гэри қаласында Польшадан қоныс аударған еврей иммигранттарының отбасында дүниеге келген.

Чикаго университетінде білім алған, Гарвард университетінің философия докторы (PhD), Массачусетс технологиялық институтының профессоры. Неоклассикалық микроэкономика мен кейнсиандық макроэкономиканың тұжырымдамаларын біріктіретін «неоклассикалық синтездің» бастамашысы және неокейнсиандық ілімнің негізін құраушылардың бірі. Халықаралық экономикалық ассоциацияның президенті (1956-1959), Эконометрикалық қоғамның президенті (1952).

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (174.1 Kb)   docx (49.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club