Жылқының ринопневмониясы
Автор: Yerkhan • Октябрь 8, 2018 • Реферат • 2,543 Слов (11 Страниц) • 2,386 Просмотры
Жоспар:
Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Тарихи деректер, қоздырушысы
2.2. Індеттік ерекшеліктері.
2.3. Дерттенуі, өтуі мен симптомдары.
2.4. Балау және емі.
2.5. Дауалау мен күресу шаралары
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Жылқының ринопневномиясы (лат. Rhinopneumoniae equorum) немесе Биенің вирустық іш тастауы, Жылқының герпесвирустық инфекциясы — биенің буаздығының екінші жартысында іш тастауымен, жас құлынның тыныс жолдарының жіті қабынуымен ерекшеленетін аса жұғымтал ауру.
19 ғ. ортасына дейін жылқының кілегейлі қабықтары қабынып, ыстығының көтерілуі арқылы байқалатын бұл ауру тұмау ретінде қарастырылып келеді. 1922-23 жылдары оны АҚШ-та Димок пен Эдвардс сипаттады, ал Германияда аурудың диагнозын 1937 жылы Мисснер мен Хармс қойды. Кейіннен ауру Америка мен Европаның басқа елдерінде, Африка мен Азия құрлықтарында анықталды.
Қоздырушысы – Herpesvirus equi 1, жылқы герпесвирустарының бірінші типіне жатады, құрамында РНҚ бар, ірі, диаметрі 120300 нм болады. Морфологиялық жағынан жылқы герпесвирустарының 2-және 3- типінен, басқа жануарлардың герпесвирустарының айырмашылығы жоқ.
Жылқы герпесвирустары жылқы эритроциттерін аггютинациялайды, гемадсорбция тудырады. Торша өсіндісіне өскенде өзіне тән цитопатогендік әсер береді. Ринопневмония вирусының екі подтипі бар, біріншісі Америка континентінде, екіншісі Европа мен Азияда кездеседі.
Төзімділігі. Вирус сутегі иондарының концентрациясының өзгеруіне сезімтал, рН 4-тен төменғ 10-нан жоғары болғанда тез белсенділігін жояды,вирусқа ең қолайлы орта рН 6-6,7. 50% глицерінде жақсы сақталады, бұл ортада 40 градус температура жағдайында 5 ай белсенділігін жоймайды. Натрийдің дизоксихолоты 1:100 және 1:1000 езіндісінде 22-24 градуста белсенділігін 45-60 минутта жояды.Ол трипсиннің әсеріне тзімсіз, эфир мен хлороформға сезімтал.
Ауруға жылқы тұқымына, жынысына, жасына қарамай шалдығады. Әйтсе де төл сезімтал келеді. Таза қанды асыл тұқымды жылқылар жиі ауырады, ал жергілікті жылқылар төзімдірек келеді. Басқа жануарлардан есек, қашыр пони ауырады. Ринопневномияның вирусы ауру жылқының қанында, танаудан аққан сорада болады да, жануар пысқырған кезде аэрозоль ретінде ауаға шашырайды. Буаз биенің шаранасында вирус мол шоғырланады да, іш тастаған кезде сыртқы ортаға бөлінеді. Тастанды төл, шу және шарана негізгі жұғу факторы болып табылады. Вирустың айғыр шәуітімен берілетіндігі толық дәлелденген жоқ.
2.1. Тарихи деректер, қоздырушысы
19 ғ. ортасына дейін жылқының кілегейлі қабықтары қабынып, ыстығының көтерілуі арқылы байқалатын бұл ауру тұмау ретінде қарастырылып келеді. 1922-23 жылдары оны АҚШ-та Димок пен Эдвардс сипаттады, ал Германияда аурудың диагнозын 1937 жылы Мисснер мен Хармс қойды. Кейіннен ауру Америка мен Европаның басқа елдерінде, Африка мен Азия құрлықтарында анықталды.
Қоздырушысы – Herpesvirus equi 1, жылқы герпесвирустарының бірінші типіне жатады, құрамында РНҚ бар, ірі, диаметрі 120300 нм болады. Морфологиялық жағынан жылқы герпесвирустарының 2-және 3- типінен, басқа жануарлардың герпесвирустарының айырмашылығы жоқ. Вирусының 2 типі (ЖГВ-2) латентті инфекция, ал 3-типі (ЖГВ-3) коитустық жыныс экзантемасын қоздырады. Бұл вирустардың экономикалық жағынан ең зияндысы ринопневмония қоздырушысы – ЖГВ 1.
Жылқы герпесвирустары жылқы эритроциттерін аггютинациялайды, гемадсорбция тудырады. Торша өсіндісіне өскенде өзіне тән цитопатогендік әсер береді. Ринопневмония вирусының екі подтипі бар, біріншісі Америка континентінде, екіншісі Европа мен Азияда кездеседі.
[pic 1]
1-сурет.Қоздырушысы – Herpesvirus equi 1
Төзімділігі. Вирус сутегі иондарының концентрациясының өзгеруіне сезімтал, рН 4-тен төменғ 10-нан жоғары болғанда тез белсенділігін жояды,вирусқа ең қолайлы орта рН 6-6,7. 50% глицерінде жақсы сақталады, бұл ортада 40 градус температура жағдайында 5 ай белсенділігін жоймайды. Натрийдің дизоксихолоты 1:100 және 1:1000 езіндісінде 22-24 градуста белсенділігін 45-60 минутта жояды. 1% метанол және этил спирті, гепарин немесе ЭДТА вирустың инфекциялық қасиетіне әсер етпейді. Ол трипсиннің әсеріне тзімсіз, эфир мен хлороформға сезімтал.
...