Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік желінің пайдасынан зияны көп пе?

Автор:   •  Май 30, 2018  •  Эссе  •  612 Слов (3 Страниц)  •  802 Просмотры

Страница 1 из 3

Аты-жөні: Қайділда Мирас

Мамандығы: Есеп және аудит

Курсы: 1

Тобы: 141

Күні: 05.10.2017 жыл

Сөз саны: 462

                           Әлеуметтік желінің пайдасынан зияны көп пе?

       Әлеуметтік желі қазіргі біздің өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Әлеуметтік желі адамзат қоғамын жаулап алды деуге де болады. Қазіргі кезде әлеуметтік желілерсіз өмір сүру мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Оның өзіндік себептері де бар. Бұл сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ бұл сайттар тек осы мақсатта ғана жасалмаған, сонымен қатар музыка, видео, ақпараттың қайнар көздерінің бірі болып табылады [1]. Әлеуметтік желілердің Вконтакте, Instagram, Facebook, Twitter, Whatsapp секілді басқа да көптеген түрлері бар [2].  Қазіргі кезде жалпы адамзат қоғамында, оның ішінде, қазақ қоғамында да әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы мәселе әлі күнгі дейін актуалды болып тұр. Қоғамның бір бөлігі әлеуметтік желінің пайдасынан зияны көп деп есептесе, екінші бөлігі керісінше, зиянынан пайдасын көп деп есептейді. Демек, бұл мәселе бойынша екіжақты пікір қалыптасқан.

              Әлеуметтік желілердің зияны көп деп есептейтін топтың бұған өзіндік себептері өте көп. Біріншіден, уақыттың өте көп және босқа  жұмсалуы. Адам әлеуметтік желіде көп уақытын жұмсайды, ал сол кеткен уақыттың орнына пайдалы істермен айналысып, уақытты тиімді өткізуге де болатын еді.  Екіншіден, шынайы өмірден алыстау, өзі-өзін жоғалтып алу. Әлеуметтік желілерде кейбір адамдар өздерін шынайы өмірге қарағанда басқаша көрсетеді. Үшіншіден, жеке тұлғаның азуы. Егер әлеуметтік желілерде көп отыратын адамдардың сөздеріне назар салсақ, сөздерінің көпшілігі бос сөз екенін аңғаруға болады, және көп сөздері қарапайым адамдарға мүлде түсініксіз. Мұндай адамдар біртіндеп қоғамнан алыстай бастайды. Төртіншіден, әлеуметтік желі алаяқтар мен арам пиғылды адамдардың алаңы. Теріс пікірдегі адамдар өздерінің арам пиғыалдарын, өз ұстанымдарын, өз ағымдарын әлеуметтік желі арқылы тез таратады[3]. Әлеуметтік желідегі осындай теріс ұстанымдардың құрбаны болғандардың саны өте көп. Тіпті өз-өзіне қол жұмсауға дейін бару жағдайы біздің қоғамымызда орын алған. Сонымен қатар әлеуметтік желі өскелең жас ұрпақтың өмірге деген теріс көзқарасының қалыптасуына да әсер етуі мүмкін

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (90.8 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club