Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химиялық реактивтер мен ертінділер түрлері, қаныққан ертінділер мен сұйықтықтар дайындау тәсілдерін үйрену, химиялық реак-тивтерді қолда

Автор:   •  Июнь 2, 2021  •  Контрольная работа  •  2,552 Слов (11 Страниц)  •  765 Просмотры

Страница 1 из 11

     № 8 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Химиялық реактивтер мен ертінділер түрлері, қаныққан ертінділер мен сұйықтықтар дайындау тәсілдерін үйрену, химиялық реак-тивтерді қолдану және сақтау ережелері

Сабақтың мақсаты: Ерітінділердің концентрациясы мен дайындау технологиясын үйрену.

Қажетті материалдар: Өлшеуіш (1л) және жай колбалар (4-5дана), химиялық реактивтер (NaOH, KOH, H24, Na23, NaCl, BaCl2, т.б. ертін-ділер), Менделеев кестесі, электронды таразы, пипеткалар (5-10мл), құй-ғыштар, 25 және 50 мл-лік бюреткалар абақтарымен (со штативами), өлше-гіш ыдыстар, реактивтерді пайдалану және сақтау нұсқаулықтары, норма-тивтік құжаттар, СанПИН- дер және т.б. құжаттар нұсқалары, араластыр-ғыш шыны таяқшалар, фиксаналдар, рәзеңке қолғаптар, алжапқыштар, дистиллденген су, т.б. қажетті материалдар.

Әдебиеттер тізімі:

1) Садуов М.С. «Зертханалық іс». Оқулық. Алм., «Тандем-2», 2016ж.

2) Гинзбург О.Ф., Петров А.А. Лабораторные работы по органической химии. М., «Высшая школа», 1974г., с. 286.

3) Кырыкбайулы С., Садуов М.С., Жумагелдиев А.А., др. Лаборатор-ное дело. Алматы, 2005, 2009гг.

     

         Сабақтың мазмұны:

Химиялық реактивтерді дайындау, пайдалану, тасымалдау және сақ-тау ережелері білім органдарымен реттелмейді. Бұл жағдайда қауіпсіздік техникасының нормалары, химиялық реактивтермен олардың қасиеттері-не байланысты жұмыс істеу ережелері қатаң сақталуы керек. Білім орган-дарының заңдылықтары реактивтерді сақтауға арналған арнайы бөлме бө-лінуді ғана талап етеді.

        Мысалы, көшіріп-көбейту  техникасымен жұмыс істеудің ұйымдасты-рылуына қойылатын гигиеналық талаптар (СанПиН 2.2.2.1332-03).

        Химиялық реактивтер өндіруші-зауыт ыдысында сақталады, ыдыста жарғысы (этикетка) болуы керек. Аммиак пен қышқылдарды бір жерде сақтауға болмайды. Бөтелкелерден аммиак пен қышқылдарды сифонды қолдана отырып құяды.

       Санитариялы-эпидемиологиялық ережелер "Тұрмыстық бұйымдардың химиялық тазалауына қойылатын гигиеналық талаптар (СП 2.2. 1289-03)".

       Барлық химиялық реактивтер және препараттар арнайы жабдықталған алаңқайларда немесе қоймаларда сақталады.

       Қоймаларда химиялық материалдардың сақталуы олардың біртекті-лігіне негізделеді, бір-бірімен арнайы қоршаулармен бөлінуі керек.

       Өндіріс алаңдарында химиялық материалдарды арнайы шкафтарда шектеулі мөлшерде ғана (тәуліктік мөлшер) сақтауға болады. Химиялық материалдарды сақтайтын бөлме өте жақсы желдетілуі тиіс, жұмыс орнын-да ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5м\с кем болмауы керек.

       Қалдықтар жиналатын арнайы алаңқайларда жиналатын қалдықтар-дың мөлшері бекітілген нормадан аспауы тиіс. Ұйымның территориясы және оған қатысты территория да санитария ережелеріне сәйкес ұсталуы қажет.

       Қалдықтар аузы жақсы жабылатын контейнерлерде немесе пластика-лық қаптарда сақталуы тиіс.

       Полиграфиялық ұйымдар, мекемелерге арналған еңбекті қорғау тура-лы ережелер (ПОТ РО 001-2002); "ТИ РО 001-097-2002 полиграфиялық ұйымдары үшін еңбекті қорғау туралы типтік нұсқаулықтары – инструк-циялары" мынадай талаптар қояды:  

        Жұмыс бөлмесінде химиялық реактивтер мөлшері шамадан тыс бол-мауы керек.

 1  Ертінділер жайында түсінік  

Ерітінділер туралы жаппы түсінік. Зертханаларда көбінесе қатты заттардан ерітінділер дайындалады. Әртүрлі заттар еріткіштерде әртүрлі мөлшерде ериді. Еріткіштерде ерітілетін заттар белгілі бір мөлшерде ғана ериді.

Егерде судың бірдей көлемдерін алып, оларда әртүрлі тұздарды ерітіп көрсек, мыс., күкіртқышқылды барийді, ашутастарды (квасцы) және хло-рлы кальцийді, бұл жағдайда көзге тез түсетіні – күкіртқышқылды ба-рийдің ертіндіге өте аз өткендігі, ашутастың жақсырақ ерігендігі, ал хлор-лы кальцийдің өте жақсы ерігендігі. Одан басқа байқай алатындығымыз, суға біршама белгілі бір тұз мөлшерін қосқаннан кейін оның, қанша ара-ластырсақ та ерімей қойғанын көреміз. Ол затты сол мөлшерден артық қанша қосқанда да ол ары қарай ерімейді.

...

Скачать:   txt (33.1 Kb)   pdf (174.5 Kb)   docx (19.5 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club