Созылмалы печенье өндірісінің экономикалық көрсеткіштері
Автор: 11.04.97 • Ноябрь 26, 2018 • Доклад • 15,328 Слов (62 Страниц) • 951 Просмотры
5.1 | Ұйымдастыру- экономикалық бөлімі | 68 |
5.2 | Созылмалы печенье өндірісі технологиясының экономикалық тиімділігін және шығынын есептеу | 70 |
5.3 | Созылмалы печенье өндірісінің экономикалық көрсеткіштері | 78 |
Қорытынды | 82 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 83 |
Кіріспе
Дамыған елдерде салауатты тамақтану мәселесі мемлекеттің саясатқа айналған ең бірінші мәселесі. Қазақстан Респубикасының өздігінен даму жолына түскеніне көп бола қойған жоқ және де, көптеген мәселелер өзінің шешімін күтіп тұр, оның ішінде тамақ өнімдерін бақылау әдістерін жетілдіру, технологияларды жетілдіру және тамақ өнімдерінің ассортиментін кеңейту жиі т.б. тамақ, өнеркәсібін жоғары сапалы шикізаттармен қамтамасыз ету — ауыл шаруашылығының негізгі мақсаты. Ал, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің негізгі мақсаты - денсаулыққа зиянсыз өнімдерді қажетті мөлшерде және жеткілікті ассортиментте өндіру [1].
Қазіргі кезде кондитер өнеркәсібінде өндіріс өсімі көтерілді, бұл біріншіден сатып алушылардың отандық өнімнің арзан болуына және сапасына деген сұраныстың өсуі арқасында болып отыр. Бірақ айта кететін жай, кондитерлік өнімнің өсімі негізінен шетелдік капитал есебінен жүргізілген кәсіпорындардан көрінеді. Кондитер өнеркәсібі жоғары табысты болып табылады және тамақ өнеркәсібінің бюджетін құрайтын ондықтардың ішіне кіреді.
1990 жылы Қазақстан толық қуатпен жұмыс істейтін және 200 мың тоннаға дейін элиталы өнім өндіретін жеті кондитер фабрикалары жетіспесе, ал қазір олардың саны небәрі бесеуге жуық, олардың ішінде қалыпты жұмыс істеп келе жатқандары үшеу: Алматылық «Рахат» ААҚ, Қостанайлық «Баян-Сұлу» және Қарағанды конфет фабрикасы. Көлемі жағынан кішілеу Ақтөбелік «Арай» және Оралдық фабрикалар негізінен тек өз аудандарына қызмет етеді.
Экономиканың құлдырауынан кейін 90-жылдың ортасына қарай қазақстандық өндірушілер рынокты (нарықты) жоғалтып алады. Барлық жердегі дүкен сөрелерінде «сникерстердің» әр түрлері жаулап алды. Бірақ алыс шет елдердің бүл тауарларын мәскеулік үлгілермен ТМД елдерінің тауарлары ығыстырды. Бүгінде алыс шетелден импорттық сатылу деңгейі тек 3%-ды құрайды [1,2].
Кәсіпкерліктің дамуымен қатар сапасыз заттарды шығаратын цехтар да пайда болды. Нарықта ұқсас қағаздарға оралған кәмпиттер «Снежок», «Лимонные» және т.б. карамельдер кездесетін болды. Осындай жағдайлар үлкен фабрикалардың жұмыс істеуіне кедергі жасады.
90-жылдардың ортасына қарай «Рот-фролит», «Красный-Октябрь» және «Бабаевская» фабрикаларының белгілі элиталы сорттарын кеңінен экспансиялау басталды. Бұл бизнес түріне кедендік жеңілдіктер мен біршама контрабандалық үлесі қосылып өте табысты жүрді. «Московские печеньелері» дүкендердің үлкен өрісі пайда болды. Қазақстан Республикасы үкіметінің Ресейлік отандастармен бірігіп енгізген жаңа кедендік бағалар аз болса да өзінің пайдасын тигізді. Бағасы жағынан ұқсас, бірақ жаңа өндірілген жергілікті фабриканың өнімдері пайда болған кезде ресейлік өнімдер шеттеліп қалатын болды. Бірақ Ресейлік тауарлар Қазақстанның нарығында, әсіресе солтүстік аймақтарда 50 % көлемді алып отыр.
Бұрынғы кеңес дәуірінде кондитерлерге стандартты технологиялар және де ассортимент белгілейтін болатын. Қатаң МЕМСТ талаптарды табиғи заттарды пайдалану талап етті. Қазақстанда көбінесе ассотимент түрі өзгеріссіз және шығыс тәттілері де көп шығарылмады. Бұрын оларды щығаруды Қарағандық және Шымкенттік фабрикалар жүзеге асырды.
Соңғы жылдары «Рахат» фабрикасы сапа жағынан алдыңғы қатарларда келді. Қазақстандық фабрикалардың ассортиментіндегі шикізаттың 60-70 % шетелдік өнімдер, өйткені шетелдік қоспалар жақсы өңделген, қосымша шығын кетуін қажет етпейді. Жергілікті өнімдер құрамымен дәмі жағынан дамыған елдерден қалыспайды. Сонымен қатар(ассортименттің) өнім түрлері де артуда. Мысалы: бидай дәнін қуырып, әр түрлі табиғи заттармен алмастырғыштар қосу арқылы жасалған өнімдердің нарықты жаулап алу мүмкіндігі бар. Ұлттық дәстүрдің кондитер өнеркәсібінде дамуы болашақтың ісі.
...