Сапалық химиялық анализ әдістерінің жіктелуі
Автор: АЙБЕК СИСЕНБАЙ • Январь 24, 2021 • Курсовая работа • 18,881 Слов (76 Страниц) • 703 Просмотры
Алғы сөз
Аналитикалық химия дәріхана жұмысында, фармацевтикалық өндірісте, гигиеналық және клиникалық зерттеулерде аса маңызды роль атқарады. Аналитикалық химия мамандарға өздеріне қажет ерітінділер әзірлеуді дәрілік заттарды анализге дайындауды және анализдің түрлі әдістерін жүргізуді, осы кездегі анализ жасайтын аспаптармен жұмыс істей білуді үйретеді. Қазіргі кезде дәрі-дәрмектер сапасына жоғары талаптар қойылады. Дәріханада шығарылатын микстуралар, жақпамайлар, ұнтақтар, көз тамшыларына және т.б. әртүрлі дәрілік түрлерге дәріханаішілік бақылау жүргізіледі. Аналитик реакцияның шынайлығын анықтайды, яғни дайындалған дәрі-дәрмектің құрамы рецептуралық жазбасына сәйкестігін, сандық мөлшерін анықтайды, дәрілік заттың құрамындағы қоспасының бар-жоқтығын және т.с.с анализдейді. Фармацевтикалық өндірісте шағарылатын дәрілер де, сол сияқты дәрілік препараттарды алудың барлық сатылары да (шикізат, жартылай фабрикаттар, дайын дәрілік зат) бақылауға алынады.
Аналитикалық химия бойынша ұсынылып отырған оқу-әдістемеде сапалық анализдің негізі қарастырылған. Бірінші бөлімде аналитикалық химия ғылым ретінде сипаттамасы және жіктелу әдістері берілген. Екінші бөлімде сапалық анализдің негізгі жағдайлары: анализдің жіктелу әдістері, сапалық анализдің негізгі түсініктері, жүйелі және бөлшектеу анализінің орындалу барысы, сапалық реакцияларды орындау әдістері, иондардың аналитикалық топтарға бөлінуі және зертханада жұмыс жасау ережелері қарастырылған. Үшінші бөлімде катиондар мен аниондарды анықтаудың сапалық реакциялары және бірнеше топ иондар қоспасының анализ әдістері келтірілген. Қышқылды-негіздік әдіс бойынша катиондардың топтарға бөлінуі берілген. Сапалық анықтау жартылай микро-әдіспен жүргізіледі, бірақ бұл оқу-әдістемеде сапалық реакцияларды жүргізудің басқа да - тамшылық және микрокристаллоскопиялық әдістері де қарастырылған.
І БӨЛІМ. АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ
1.1 Аналитикалық химияның дамуы
Аналитикалық химия - химиялық қоспаларды тану тәсілдері мен олардың құрамын, құрылымын анықтау әдістерін зерттейтін ғылым.
Ерте заманан адам әр нәрсенің түр-түсі, иісі, дәмі, қаттылығы бойынша қарапайым тәсілдер қолданып заттарды ажырата алған. Сол кездің өзінде заттарды қайта кристадау, сүзу, және айдау арқылы тазарта білген. Алғаш «химиялық анализ» терминің ағылшын ғалымы Бойль XVII ғасырдың басында енгізді. Ол күкірт және тұз қышқылдарын кальций мен күміс-тұздары көмегімен анықтауды және индикаторды енгізді.
Аналитикалық химия жеке ғылым ретінде М.В. Ломоносов массалардың сақталу заңын ашып, сол бойынша есептеулер жүргізгеннен бері дами бастады. М.В. Ломоносовпен қатар өмір сүрген академик Т.Е. Ловиц микрокристаллоскопиялық анализдің негізін салады.
Зат массасының сақталу заңын пайдаланып француз ғалымы Лавуазье оксидтерге химиялық анализ жүргізеді.
XVIIІ- XIX ғасырда аналитикалық химияның дамуына швед химиктері Бергман мен Берцелиус жұмыстарының маңызы зор болды. Ал француз ғалымы Гей-Люссак заттарға титрометрия әдісімен анализ жасауды алғаш іске асырды. 1859 ж неміс ғалымдары Бунзен мен Кирхгоф спектрлік анализдің негізін қалады.
Аналитикалық химияның ең көрнекті даму белесі – Д.И. Менделеевтің периодтық заңды ашуы мен период жүйесін жасауы еді. Период жүйесі бойынша элементтерді қасиеттеріне қарай кластарға бөлу анализді жеңілдетті.
Алғаш сапа және сан анализінің теориялық негізін Н.А. Меншуткин (1871) «Аналитикалық химия» кітабында жазды. Бұл еңбектің аналитикалық химия теориясын дамытуда мәні зор болады. Онда сапа анализінің күкүртті сутегі әдісі алғаш қолдынылған.
Аналитикалық химияның келесі даму белесі атом құрылысының ашылуымен, ерітінділер теориялары және электролиттік диссоциация теориясымен байланысты.
...