Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктері
Автор: NoQueda • Апрель 28, 2022 • Реферат • 409 Слов (2 Страниц) • 396 Просмотры
Факультет:География және табиғатты пайдалану
Мамандық:Геоинформатика
Аты-жөні:Молдағалиев Аслан
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктері
Қолданбалы зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің үлкен тәжірибесі жағдайында теориялық бағдарланған әлеуметтанушылар арасында “сандық” және “сапалық” әдістерді жақтаушылардың ұзақ жылдарға созылған пікір таластары өрбіді.Осы қағысу әлеуметтанудың тарихи дамуының барысын белгілі дәрежеде ашып көрсетті.Әлеуметтанудың атасы Огюст Конт өзінің көптеген замандастары сияқты әлеуметтік процестерді табиғаттағы процестер секілді математикалық дәлдікпен есептеуге, модельдеуге және болжамдауға болады деп армандаған.
Сандық әдістер сапалық әдістерге қарағанда әлеуметтік ақпарат жинау және талдау кезінде әлдеқайда ертерек қолданыла бастады. Сандық зерттеу- нақты цифрлар мен статистикалық деректер қажет болған жағдайда жүргізілетін зерттеу. Сандық зерттеулер әдісінің негізінде нақты математикалық және статистикалық моделдер жатыр, нәтижесінде зерттелетін көрсеткіштердің нақты сандық мәндеріне ие боламыз. Сапалық зерттеу- адамның мінез құлқын сандық жағынан емес сапалық жағынан зерртеу. Сапалық зерттеудің кең таралған әдістері фокус-топ және тереңдетілген сұхбат.
Сандық әлеуметтанулық зерттеулердің негізгі міндеттерінің бірі - теориялық талдаумен ұштасқанда - себеп-салдарды анықтау. Ғалымдар бір құбылыстың екінші құбылыспен байланысы мен өзара байланысын анықтауға көп уақыт жұмсайды. Ол үшін олар айнымалыларды қолданады. Айнымалы - зерттелетін объектінің әр түрлі құндылықтарды (жынысы, жасы, табысы, кәсібі, мәртебесі және т.б.) қабылдай алатын белгісі. Тәуелсіз айнымалы - бұл басқа айнымалыларға әсер ететін; зардап шеккен айнымалы тәуелді. Мысалы, егер табыстың өмір салтына әсері бізді қызықтыратын болса, онда табыс дербес айнымалыға айналады.
...