Негізгі реакциялар
Автор: Mdina Madina • Сентябрь 28, 2021 • Реферат • 353 Слов (2 Страниц) • 258 Просмотры
Негізгі реакциялар: КВr + H2SO4 ↔️ KHSO4 + HBr
C2H5OH + HBr ↔️ C2H5Br + H2O
Реакцияға түсетін заттар:
Этил спирті -40 мл
Бромды калий -60г.
Конц. күкірт қышқылы -75 мл.
Көлемі 500 мл деңгейлік түпті колбаға спиртті құяды. Оған 35 мл суды құйып, үстіне араластыра және салқындата отырып, аз-аздап күкірт қышқылын тамызады. Барлық қоспаны үй температурасына дейін салқындатып /не үшін?/ үстіне ұнтақталған бромды калий қосады. Колбаға дефлегматор орнатып, оны ұзын либих мұздатқышпен жалғайды. Мұздатқышқа аллонж жалғанады. Аллонждың екінші жағын ішіне мұзды су құйған қабылдағыш колбаға батырады. Себебі бромды этилдің қайнау температурасы өте төмен болғандықтан ауада тез ұшып кетуі мүмкін, мөлшерін жоғалтпау үшін бөлінген бромды этилді мұзды судың астына жинайды. Содан кейін колбаны қабылдағыш колбаға ауыр май тәрізді сұйықтықтың айдалуы біткенге дейін қыздырады.
Егер реакциялық колбадағы көпіршік көтерілсе, қыздыруды тоқтатып көпіршіктің басылуын күтеді. Реакция біткеннен соң қабылдағыш колбаның ішіндегі көлемі сәйкес бөлгіш воронкасына құйып, бромды этилді судан бөледі. Бромды этил төменгі қабатында /не себепті?/. Бромды этил құйған колбаны тұз бен қардың қоспасына салып салқындатып /не себепті?/ үстіне конц. күкірт қышқылын тамшылатып, бөлек қабат түзілгенше құяды. Күкірт қышқылы қосымша түзілген диэтил эфирінен тазарту үшін құяды. Түзілген қышқыл қабатын /жоғарғы ма, әлде төменгі қабат па?/ бөлгіш воронкасымен бөледі. Егер алынған ыдыстардың бәрі құрғақ болса, күкірт қышқылынан кейін құрғатудың қажеті жоқ. Егер алынған колба құрғақ болмаса, онда қосымша құрғату керек. Құрғатқыш ретінде құрғатылған хлорды кальций қолданылады. Ол үшін бромды этилге хлорды кальцидің бірнеше түйіршігін тастайды, сонда 30-40 минуттан кейін бромды этил мөлдір түріне айналады. Одан кейін, құрғатылған бромды этилді құрғақ айдау колбасына құйып, су жылытқышында айдайды. Қабылдағыш колбаны тұзбен мұздатып отыру керек. Бромды этил 35-400 аралығында айналады. Шығымы 45г. Бромды этил түссіз, иісі эфир тәріздес. Ауада аздап сарғаяды, себебі бром бөлінуі мүмкін. 100г суда 200С 0,914г. ериді /қабылдағыш колбаға су құйғанда осыны ескеру керек, яғни суды шамалап құю керек/ спиртте және эфирде жақсы ериді, қаныққан көмірсутектегінің галоген туындысына тән реакция, бромды этилге де тән.
...