Мыс кендерін байытудың негізгі әдістері
Автор: rauan adilgazin • Сентябрь 27, 2018 • Реферат • 3,849 Слов (16 Страниц) • 1,714 Просмотры
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Балқаш мыс байыту фабрикасының тарихы
2. Мыс кендерін байытудың негізгі әдістері
3. Мыстың қолданылуы
4. Өндірістің экологияға әсері
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Байыту фабрика - қатты пайдалы кеннің қозғалғыш өңдеуі үшін мақсатпен құнның индустриялық игерушілік үшін азықтық азық-түлігінің ал- техникалық таудың кәсіпорнының.Айтылмыш жұмыс талдағыш есеп беруді туралы өндірістік тәжірибенің “Казахмыс” фабрика Балхаш жіберді,
тәжірибенің мақсатының бекіт-, аумақтау, шұқыр және білімнің қисында, профисионалды және арнаулы тәртіптің байқауында ал, бас негіз нақты кәсіпорынның қызметінің тәжірибенің байқау болып табылатын, профисионалды тәжірбиедегі .
Өндірістік тәжірибенің тапсырмасы ұйымдық құрылыммен және атқаратын қызметтеріммен таныстырылымда қамалады.Халық шаруашылығының барлық салаларында жер қойнауынан алынатын минералды шикізаттардың маңызы зор. Олардан металдар, химиялық заттар, оның түрлері және құрылыс материалдары алынады. Оларды өндіру үшін бастапқы шикізат көптеген өңдеу процестерінен өтеді. Кендердің жаңа түрлерінің табылуы, олардың құрамдарының өзгеріп отыруы және әлі де болса оларды комплексті пайдалану дәрежесі талапқа сай болмауы алда ғылыми және практикалық көптеген мәселелердің шешілуін қажет етеді. Жалпы, кен деп оның құрамынан бір не бірнеше бағалы элементтерді тиімді түрде бөліп алуға жарайтын пайдалы қазбаларды айтамыз. Демек, кен көптеген минералдардан тұрады. Кен алдын ала байыту процестерімен өңделу нәтижесінде пайдалы заттар-минералдар түрінде жеке өнімдерге бөлінеді. Кендерді байытудың технологияларын жетілдіру негізінде өте кедей кендерден жоғары сапалы концентраттар алу және күрделі құрамды кендерден жеке металдар концентраттарын алу мүмкіншілігі туды. Қазіргі кезде барлық дерлік пайдалы қазбалар байыту процестерінен өткізіледі. Байыту фабрикасының дамуы, үлестік мөлшері өте төмен сирек кездесетін металдар кендерінің қорын молайтып, іске қосуға себеп болады. Байыту фабрикалары жоғары өнімді өндірістің үлкен саласына айналады. Оларда жүргізілетін процестер жоғары дәрежеде механикаландырылған және ғылыми-техниканың жетістіктерін барынша толық пайдалануды талап ететін күрделі процестер. Байыту процестерін жетілдіруде біздің еліміздің оқымыстылары мен инженерлері айта қаларлықтай табыстарға жетті. Жалпы, мыс кеніне тоқталып кететін болсақ: Адамдар металдардың ішінде алғашқы болып мысты рудадан тез еритін, оңай бөлінетін болғандықтан ерте кезден қолдана бастаған. Мыс алынатын табиғи шикізаттың құрамына мысы бар 240 – тан астам минерал кіреді. Олардың ішінде өнеркәсіптік негізгілері халькопирит ( құрамында мыстың мөлшері 34%), бoрнит (63,3%), ковеллин (66,4%), халькозин (79,8%), теннантит (57%), тетраэдрит (52,3%), Энаргит (48,3%), куприт (88,8%), тенорит (79,8%), малахит (57,7%), азурит (55,3%), хризоколла (36,1%), брошантит (56,2%), атакамит (59,5%). Мысты құмтас кен орындарында мыстың мөлшері көп болады.
Қазақстанның кен ресурстары - Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, тағы басқа кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), тағы басқа жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кен орны, Жаман Айбат мыс кен орны) мыс қоры 10 млн. тоннадан асады. Ендігі Балқаш мыс байыту комбинатына тоқтала кетсек. Мыс кендерін байыту технологиясының бірінші сатысы елеу және майдалау болып табылады. Мыс кендері тербелмелі құрылғының букерлері арқылы жақты ұсатқышқа біркелкі жіберіледі.Бұны біз бірінші ұсату сатысы деп атаймыз.Біріншілік елеуден кейін мыс кендері екіншілік елеуге таспалы конвейерлер арқылы біржақты цилиндірлі-конусты ұсатқышқа түседі.Ал одан соң майдалау үшін көпжақты цилиндірлі конусты ұсатқыш арқылы жіберіледі. Жалпы, жақты ұсатқыш дегеніміз — кен қозғалмайтын және қозғалатын екі жазық бет аралығында жаншу арқылы ұсақталады. Көбіне орташа және төмен өнімді фабрикаларда ірілеп ұсату сатысында қолданылады. Конструкциясы жағынан екі түрге бөлінеді: қарапайым қозғалмалы жақты және күрделі қозғалмалы жақты. Жалпы негізгі бөлшектері екеуінде де бірдей. Ал, конусты ұсатқыш ірі ұсататын конусты ұсатқыш және ұсақ ұсататын конусты ұсатқыш болып бөлінеді. Ірі ұсататын конусты ұсатқыш — ұсатқыш ірі ұсату сатысында және жоғары өнімді фабрикаларда қолданылады
...