Көмейі күмбірлеген Қазтуған шығармалары
Автор: aaudanbekova • Январь 29, 2024 • Статья • 723 Слов (3 Страниц) • 129 Просмотры
Ауданбекова Гүлназ
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Алматы қ., Қазақстан, e-mail: gulnazaudanbekova05@gmail.com, тел: +77085761950
Көмейі күмбірлеген Қазтуған шығармалары
Бұл мақалада Қазтуған жырау және оның шығармалары жайлы мәселелер қозғалады. Мақаланың бірінші бөлігінде Қазтуған жыраудың өмірі жайлы сөз қозғалса, екінші бөлімде жыраудың шығармалары жайлы айтылады. Алдымен, XV ғасыр шамасында Қазтуған Сүйінішұлының кім болғанын және қай жерде туылғаны жайлы айтылады. Шығармалардың екінші бөлігінде Қазтуған өз туындыларында не жайлы сөз қозғағандығы, оның асқан шеберлігі жайында да сөз қозғайтын боламыз.
Түйін сөздер: Қазтуған, Мадақ жыры, Алаң да алаң, алаң жұрт, Қазтуғанның қонысымен қоштасуы, Еділ, хан, жұрт.
Қазтуғанның туып өскен қонысы - Еділден бөліне шығып, онымен жарыса ағатын Ахтуба, Бодан (Бозан) өзендерінің бойы, қазіргі Қрасный Яр қаласы тұрған маңай. Жырау көшпенділердің шынжыр балақ, шұбар төс әскери аристократиясынан шыққан сияқты. Халық аңыздарында ол қолбасы батыр. Бірақ, жырау гуралы Мұрат Мөңкеұлының «Қазтуған» толғауында Қазтуған Жайытың күнбатыс бетіндегі Нарын, Қабыршақты Қарасу жерлерін мекендеген Ноғайлы заманының батыры екен. «Күндердің күні болғанда жұрағатым таршылықта қалады» деп елін бастап Күншығысқа ауған екен. Сондағы «Қазтуғанның көшерінде конысымен коштасып айтканы» дейтін жыр мен Мұрын жырау арқылы жеткен «Қарға бойлы Қазтуған» атты дастан мазмұнына бойлай отырып, ондағы деректерді тарихи деректемелермен салыстыра келіп, шамамен жыраудын кай заман-да өмір сүргенін анықтап, не себепті конысынан ауғандығына жауаптар тапқандай боламыз. Онда:
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау
Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.
Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менім ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас,
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!
деп жырланған.
Осы толғаудан жыр иесі, лирикалык каһарман Қарға бойлы Қазтуған жыраудың салуалы елдің өкілі, анасы мен атасы өмір кешкен, жер жаннаты Еділ бойының перзенті екенін аңғарамыз. Жырау ата қонысын жан жүйесі елжірей жақсы көреді. Бірақ, осынау көркіне тіл жетпейтін, сондықтан да салыстыруға жер жетпейтін Еділден бұл кетуге бел байлаған. Бірақ, кінә жырау жағынан емес… Ал кейінде қалып бара жатқан отандастарына, сол мекеннің бел баласы ретінде кайырлылық тілейді. Сонда калай? Мұны қуып жаткан ешкім жоқ. Егер ондай болса, ол канша жаны нәзік, мейірбанды жаратылыс несі болғанның өзінде де, әлгіндей басбұзарларға елжіремесе керек еді. Сонда оның көзіне не көрініп жылы орнын суытып жүр деп ойлаймыз. Сөйтсек, жырау бұған:
...