Заманауи құрылыс материалдары және оларды алу жолдары
Автор: 02101980 • Ноябрь 20, 2018 • Реферат • 574 Слов (3 Страниц) • 2,108 Просмотры
1. ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ:Бейорганикалық химия және химиялық технология курстарында «заманауи құрылыс материалдары және оларды алу жолдары» тақырыбын оқытудың әдістемесі
Ғылыми жұмыстың өзектілігі.
Соңғы уақыттағы Қазақстан Республикасының экономикалық өркендеуі мен дамуына байланысты бірқатар мәселелер туындауда, атап айтар болсақ әр түрлі тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың жыл санап артуы қоршаған орта үшін айтарлықтай қауіп туғызуда. Мысалы бір ғана Алматы қаласында жылына 3 миллион тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады екен, оның 30 % дан астамы құрылыс қалдықтары. Өндіріс ошақтары көп Батыс Қазақстан, Ақтөбе, орталық Қазақстан облыстарындағы өнеркәсіп орындарынан немесе шикізатты өндіру кезінде шығатын қатты және сұйық қалдықтар Қазақстан аумағында жетерліктей жиналуда.
Мұнай шламдары және мұнаймен ластанған топырақ қоршаған ортаға орасан зор зиянын тигізіп отыр. Мұнай шламдары — бірнеше жылдар бойы арнаулы тоған қоймаларда жиналатын, іс жүзінде еш жерде қолданылмайтын мұнай химия өндірісінің негізгі қалдықтары. Осы мәселелерді шешудің бірден бір жолы мұнай өндіріс қалдықтарын бағалы құрылыс материалдарын алуға пайдаланудың жаңа технологиясын жасау болып отыр.
Мұндай қалдықтарды екіншілік немесе үшіншілік шикізат көзіне айналдыру, қайта өңдеп халық шаруашылығына қажетті басқа салада қолданысқа, мысалы, жол-құрылысында немесе әр түрлі құрылыс жұмыстарына арзан құрылысматериалы ретінде қолдану қоршаған орта үшінде Қазақстан экономикасының дамуы үшінде аса өзекті мәселе.
Жоғарыда аталған өндіріс және тұрмыстық қалдықтарды өңдеп іске жаратып өндірістік деңгейде шығару үшін арнайы зерттеулер мен мамандар қажеттілігі туындайды. Сондықтан жоғары және арнаулы орта кәсіптік оқу орындарында студенттерге бейорганикалық химия, химиялық технология немесе құрылыс химиясы пәндерін оқытуда олардың химия ғылымына деген қызығушылықтарын арттырып, болашақ ғалым немесе арнайы маман болуына тікелей ықпал ететін «Бейорганикалық химия және химиялық технология курстарында заманауи құрылыс материалдары және оларды алу жолдары» тақырыбын оқытудың әдістемесін дайындаудың маңызы өте зор.
Зерттеудің мақсаты.Қол жетімді және арзан табиғаи шикізат- мұнай өндірісінің қалдықтары негізінде грунт және асфальтбетон қоспаларын алудың технологиясын жасау, тиімді практикалық қолдану аймағын табу мақсатында олардың физика-химиялық қасиеттерін зерттейтін мамандар даярлау.
Отандық мұнай өңдеуден шыққан ауыр мұнай қалдықтары мен арзан өндіріс қалдықтарын пайдалана
...