Ерітінді дайындауға байланысты есептеулер. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі
Автор: DJans • Март 31, 2024 • Лекция • 359 Слов (2 Страниц) • 118 Просмотры
Лекция №7.
Тақырыбы: Ерітінді дайындауға байланысты есептеулер. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі.
Сабақтың жүргізілу барысы:
Ерітінді – бір заттың екінші бір заттық ортада біркелкі таралуы аркылы әзірленген гомогендік жүйе; кем дегенде екі компоненттерден, бірі еріткіш, екіншісі еритін зат болатын айнымалы құрамның химиялық тепе-теңдiк күйі болатын жүйе.
[pic 1]
Заттың массалық үлесі оның 100 г ерітіндідегі массасын көрсетеді.
m (ерітінді) = m (еріген зат) + m(су)
Есептеудің алгоритмі: 1) Есеп шартын жазу (берілгені, табу керек); 2) Ерітіндінің массасын есептеу; 3) Формула бойынша еріген заттың массалық үлесін есептеу.
1 мысал. 30 г тұзды 70 г суда ерітті. Ерітіндідегі еріген тұздың массалық үлесін есептеңіз.
Берілгені: m(тұз) = 30 г; m(су) = 70 г
Табу керек: ω(тұз) = ?
Шешуі: m(ерітінді) = 30 г + 70 г = 100 г
ω( тұз ) = [pic 2] = 10%
Жауабы: 10%.
2 мысал. 75 г суда 25 г қант ерітті. Ерітіндідегі еріген қанттың массалық үлесін есептеңіз.
Берілгені: m(қант ) = 25 г; m(су) = 75 г
Табу керек: ω(қант) =?
Шешуі: m(ерітінді) = 25 г +75 г = 100 г
ω(қант) = [pic 3] ∗𝟏𝟎𝟎% = 25%
Жауабы: 25%.
3 мысал. 40 г тұзды 120 г суда ерітті. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?
Берілгені: m(тұз) = 40 г; m(cу) = 120 г
Табу керек: ω(тұз) = ?
Шешуі : m(ерітінді) = 40 г + 120 г = 160 г
ω (тұз) = [pic 4]= 25%
Жауабы: 25%.
Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі.
Еріген зат пен еріткіштің массалары белгілі болса заттың ерітіндідегі массалық үлесін анықтау.
5 мысал. Массасы 45 г тұзды 2200 мл суда еріткенде түзілген ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеңіздер.
Берілгені: mтұз – 45 г.
Т.к.: Ⱳ(тұз)?
Шешуі: m(еріт ) = 45 г + 2200 г = 2245 г
V(су) = 2200 мл Ⱳ(тұз) = 45 г · 100% : 2245 = 2%.
...