Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Берілген концентрациялы натрий хлориді ерітіндісін дайындау

Автор:   •  Январь 31, 2023  •  Практическая работа  •  624 Слов (3 Страниц)  •  240 Просмотры

Страница 1 из 3

1 тәжірибе. Берілген концентрациялы натрий хлориді ерітіндісін дайындау.

Ерітіндінің тығыздығымен еріген заттың концентрациясы арасында тікелей тәуелділік бар. Көбірек пайдаланатын қышқылдар мен тұздар, еритін негіздер үшін бұл байланыс анықталған және кестеде берілген. Осының арқасында ерітілген заттың концентрациясын, ерітінді тығыздығын тәжірибелік жолмен өлшеп біліп, одан кейін концентрациясын, арнайы кесте арқылы 0,5% дәлдікпен анықтауға болады.

Берілген проценттік концентрация (1,2,3,4 немесе 5%) NaCl ері- тіндісінің берілген көлемін (50, 100, 200 немесе 250 мл) дайындау үшін NaCl тұздың қанша грамын және судың қандай көлемін алу керек екенін есептеп шығарыңыз. Есептеп шығару үшін анықтама кестеден ерітіндінің тығыздығын тауып алыңыз. Есептеп шығарған NaCl массасын 0,0001 г дәлдікпен аналитикалық таразыда өлшеңіз. Өлшенген затты азғана суы бар стақанға салып ерітіңіз, ерітіндіні стақаннан өлшеуіш колбаға құйыңыз, стақанды аз-аздан дистилденген сумен шайып, шайған суды да өлшеуіш колбаға құйыңыз. Одан кейін ерітіндінің көлемін сумен колбадағы белгіге дейін жеткізіңіз (төменгі мениск бойынша). Судың соңғы бөлігін пипеткамен тамшылап қосыңыз. Колбаның аузын мұқият тығындап, одан кейін колбаны бірнеше рет шайқап араластырыңыз.

Алдын ала осы ерітіндімен таза цилиндрді шайып, қалған ерітін- діні цилиндрге құйыңыз. Ерітіндінің деңгейі цилиндрдің жоғарғы ернеуінен 4-5 см төмен болуы керек. Ерітіндіге ақырындап ареометрды салыңыз. Ареометр цилиндрдің қабырғасына жанаспауы тиіс. Ерітіндінің жоғары деңгейіндегі ареометрдің сандық белгілісінің көрсеткіші осы сұйықтың тығыздығы болып табылады. Ерітіндінің тығыздығы мыңдық дәлдікпен анықталады. Тығыздық кестесінен ерітіндінің осы тығыздыққа сәйкес концентрациясын анықтаңыз. Егер кестеде бұл тығыздықтың мәні болмаса, массалық үлесін интерполяция әдісімен табыңыз.

Мысалы, ареометрмен өлшенген тығыздық 1,035. Кестеде тек ты- ғыздықтары 1,027 және 1,041-ге тең ерітінділер үшін мәліметтер келті- рілген, оларға 4 және 6% массалық үлесі сәйкес. Ол үшін кестенің берілгендері бойынша тығыздықтардың және массалық үлестің айырмасын анықтаңыз:

1,041 - 6%

-

1,027 - 4%

0,014 - 2%

Ареометрмен анықталған тығыздықпен және кестеде анықталған тығыздықтың арасында айырмасын тауып, кестедегі мәнін анықтап (1,035-1,027 = 0,008), пропорция құрастырыңыз:

0,014 - 2%

0,008 - х%​х = 0,008*2/0,014 = 1,14%

Алынған санды кестеден алынған массалық үлестің кіші мәніне қосыңыз: 4+1,14 = 4,14%.

Бұл​шама​тығыздығы​1,035-ке​тең​ерітіндінің​проценттік концентрациясына сәйкес.

Тәжірибенің абсолюттік және салыстырмалы қатесін табыңыз.

Dабс = (hтеор - hпрак)

Dсал = (теор - прак)*100% / теор

Дайындалған​ерітіндінің​титрін,​молярлық​және​нормальдық

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (52.7 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club