Инфрадыбыстардың пайда
Автор: gau03 • Февраль 11, 2022 • Реферат • 566 Слов (3 Страниц) • 260 Просмотры
Инфрадыбыстардың пайда болу табиғаты естілетін дыбыстың табиғатымен бірдей. Сондықтан олардың әсерін ажырату мүмкін емес, себебі олар жиі қатар жүреді. Бірдей заңдылықтарға бағынады. Инфрадыбыстың ерекшелігі энергияның аз жұтылуында, яғни едәуір қашықтыққа таралатындығы. Толығырақ айтар болсақ, дыбыстың жұтылу коэфициенті толқын ұзындығы артқан сайын кеми береді. Қуаты 1 Вт дыбыс көзі шығарған жиілігі 3 Гц инфрадыбысты 100 км қашықтықта қабылдауға болады. Инфрадыбыстардың осындай физикалық қасиеттері шудың деңгейін төмендетуде қиындықтар туғызады.
Инфрадыбыс табиғатта көптеп кездеседі. Айталық, адамдар мен жануарлар жүрген кезде, жел әсерінен телеграф сымдарының қозғалуынан, жапырақтың сыбдырынан және т.б. инфрадыбыс пайда болады. Сол сияқты машиналар мен механизмдерде инфрадыбыс шығарады. Сағатына 100 км жылдамдықпен қозғалып келе жатқан автомобильде инфрадыбыс шығарады. Инфрадыбыс теңіздер мен мұхиттарда да пайда болады. Қала тұрғындары далаға шықса тынығып, қала шуылынан құтылады. Осы қала шуылының ішінде адам организміне әсер ететін инфрадыбыс бар.
Инфрадыбыс шығаратын көздері 20 Гц-тен төме жиілікте кез келген дене бола алады. Дегенмен де, тербеліс жиілігі дене өлшемі ұлғайған сайын төмендей береді. Сонда инфрадыбыс тербеліс кезінде, сол сияқты аумағы үлкен денелердің шапшаң орын ауыстыруы кезінде болады. Мысалы, есікті тез ашып жапқанда, керіліп тұрған матаны қатты ұрғанда пайда болады. Тағы сол сияқты табиғаттағы ИД көздері ретінде найзағайдың жарқылын, жарылысты, жер сілкінісін айтамыз. Сондай-ақ табиғаттағы дауылдар, жанартаулар, электр разрядтар және атмосфералық қысым тербелісі инфрадыбыс көздері болып табылады. Ғарыштық ракеталарды ұшырғанда ғарышкерлерге инфрадыбыс әсерінің деңгейі 140 дб (децибел), ал қызмет көрсететін адамдарға 120 децибел. Екі пойыздың кездесуі тоннель ішінде инфрадыбыстық шлейфтің пайда болуына әсер етеді. Осындай ИД көздері, негізінде, синусоидалы емес, импульсті, өшетін тербелістер тудырады.
Инфрадыбыс – «акустикалық нейтрино» — еш кедергісіз бетон қабырғалардан, шыны заттардан оңай өте алады. Инфрадыбыстың ең биік диапазоны 15-40 Гц-ке тең болады. Қазіргі кезде оның min таралу жиілігі 0,001 Гц дейін. Сонымен, инфрадыбыстың жиілігінің диапазоны 15 октав.
Өндірістік орта факторларының ішінде маңызды орынды инфрадыбыс алады. Ол 20 Гц төменгі жиілікті дыбыстық ауытқуларды құрайды. Инфрадыбыс ауытқуларының жиілігі мыңдағын герцтен 20 Гц дейін жетеді. Инфрадыбыс интенсивтілігінің дәрежесі дицибелмен дБ өлшенеді. 20 Гц төмен жиіліктегі көліктен туған механикалық ауытқуды инфрадыбыстың механикалық көзі және көптеген турбулентті газдардан, сұйықтықтардан пайда болған ауытқулар инфрадыбыстың аэродинамикалық көзі болып табылады. Ол ауада, суда, жер бетінде көптеген қашықтықтарға дейін таралады. Қазіргі уақытта гравитационды-акустикалық толқынды тіркеу үшін және штормаларды ескерту үшін инфрадыбысты толқындарды қабылдау бойынша арнайы құрылғылар шығарылады.
...