Жапырақтармен жұмысты ұйымдастыру
Автор: Zergul • Март 12, 2021 • Реферат • 1,237 Слов (5 Страниц) • 589 Просмотры
Жапырақтармен жұмысты ұйымдастыру
Жапырақтармен жұмыс баланың қоршаған ортаға деген көзқарасының өзгеруіне жәрдемдеседі. Әсем, көркем дүниелерді қадірлеуге деген ықылас-ниетінің оянуына себепші болады. Еңбек сабағында педагог балаларға формалары, түстері әртүрлі жапырақтармен жұмыс жасауға кеңес беріп, оларды белгілі бір ойыншық үлгісінде, сәндік және тақырыптық композиция аясында ұйымдастырып отырады. Өйткені, бала қиялы белгілі бір тақырып шеңберінде шарықтап, нәтижесі тез арада жүзеге асуына мүмкіндік туады. Педагог мұндай шығармашылық жұмыстарда әр баланың дербес ерекшелігін, таным траекториясын әрдайым ескеріп, әрі кеңейтіп отыруы керек. Бұйымды жасаудың түрлі жолдарын қатар ұсыну, баланың елестету, қиялдау әрекетін белсендіріп, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыта түседі.
Жапырақтармен жұмыс – күз шығармашылығының ең көп таралған түрі. Жапырақтармен жұмыста балалардың жапырақтардың маңызы жөніндегі білімдерін кеңейтіп, жапырақтар жинауда тек жерге түсіп қалған жапырақтарды жинау, өсіп тұрған жапырақтарды жұлуға болмайтынын ескерту қажет.
Тұтас жапырақты желімдеу. Мұнда үлкен немесе кішкентай жапырақ алынады, жапырақтың тамыршықтары бар жағын төмен қаратып, жапыраққа қылқаламмен «пва» желімін жағамыз, егерде жапырақ кішкентай болса, онда желімді тамшылап жағамыз. Қағаздың бетіне немесе басқадай жазықтық бетіне жапырақтарды белгіленген сызықтар бойынша және белгілеусіз де желімдейді. Желімнің артығын қағаз майлықпен сүртеміз, қолымыздың көмегімен жапсырған жапырақты қыса басамыз. Жапырақтардан әртүрлі бейнелер қию. Жапырақтардан әртүрлі бейнелер қиып үйренеді. Мысалы, шаршы, дөңгелек, әріптер, шырша, жан-жануарлар бейнелерін, әуелі оңай, одан кейін күрделі бөлшектерді қияды.
Желім жағу реті:
1. Сол қолымызбен желімденетін бөлшектің бір шетін ұстап тұрамыз
2. Оң қолымызбен қылқаламның күшімен желімденетін бөлшектің ортасынан шетіне қарай бір бағытта желім жағамыз.
3. Желімденетін әр бөлшекке желім жоғарыдағы әдіспен жағылады.
Сабаннан аппликация
Сабан – бұл ортасы қуыс сабақты өсімдік. Сабан – дәнді дақылдар орылған соң қалған сабақ. Сабанды ауыл шаруашылығында малға азық ретінде аз пайдаланады. Себебі сабанның құнары аз. Құрамында сөлі мол азықтарға қосып береді. Сабанды көбінесе малдың астына төсеніш ретінде, топыраққа қосып илеп, кірпіш, сылақ қоспасын жасауда, кейде отын ретінде пайдаланады.
Сабан – жеңіл және қарапайым материал, сондықтан да сабанмен жұмыс жасағанда ешқандай қиыншылық болмайды. Жұмыс үшін бидай, қара бидай, арпа, сұлы және жабайы өсетін сабандарды қолданады.
Сабан толық піскеннен кейін ғана, оны материал ретінде пайдаланады. Сабанның сабағы алтын сияқты түс береді. Сабанның ортаңғы бөлігінің төменгісін буынымен кесіп алу керек. Сабан ешқашан да бүлінбейді, оны көпке дейін сақтауға болады. Сабағын сыртқы қабығынан аршығаннан кейін қағазға орап, байлап қояды. Сабанды құрғақ жерде сақтайды. Сабаннан әртүрлі бұйымдар жасауға болады. Ол үшін үтіктелген сабан таспалары қажет. Сабаннан аппликация дайындау өте ертеден белгілі және осы уақытқа дейін сұраныспен қолданылады. Сабанмен жұмыста қайшы, пинцет, үлкен ине, желім, қылқалам және қағаз қажет.
Сабанды жұмысқа дайындау
Сабан жолақшаларын дайындаудың екі тәсілі бар: суық тәсіл және ыстық тәсіл. Суық тәсіл, мұнда сабанды біраз уақытқа суық суға салып қояды. Ыстық тәсіл, мұнда ыдысқа салып қайнаған су құяды. 15 – 20 минуттан кейін сабан жұмсарады. Судан алып, ескі газеттермен, сүлгімен кептіреді. Бұдан кейін сабанды үтіктейтін орын дайындайды. Бұл үшін тақтай қолданады, бұған дымқыл сабанды қойып үтіктеуге дайындау қажет. Әуелі пышақтың көмегімен сабанды ортасынан кеседі, бұдан жолақша таспалар пайда болады. Бірден ыстық үтікпен үтіктеу қажет. Үтікпен алдымен ішкі жағын, содан соң сыртқы жағын үтіктейді. Жақсы үтіктелген материал жұмысқа жарамды.
...