Зертхананың медициналық құрылғылары, жұмысты ұйымдастыру
Автор: Mashrapova97 • Апрель 2, 2024 • Лекция • 3,289 Слов (14 Страниц) • 160 Просмотры
|
№4.1. Тақырыбы. Зертхананың медициналық құрылғылары, жұмысты ұйымдастыру.
Зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.Кіріспе.Пәннің мақсаты мен міндеттері. Зертханада жұмысты ұйымдастыру принциптері
4.2. Сабақтың мақсаты:
Студенттерге зертхананың медициналық құрылғылары, жұмысты ұйымдастыру, зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы мағлұмат беру және оқушылардың алған білімдерін кәсіптік қызмет барысында қолдана білу.
4.3. Дәріс тезистері.
Зертхана (Laborare - жұмыс істеу, өңдеу деген мағынаны білдіреді) денсаулық сақтау саласында аса маңызды орын алады, ол жерде әр түрлі зерттеулер жүргізіледі (химиялық, биологиялық, биохимиялық, физиологиялық, гистологиялық). Ол зерттеулер ағзадағы
қалыпты жағдайдан ауытқуларды анықтау, дұрыс диагноз қою және жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін анықтау үшін қажет. Зертханалар әдетте әр түрлі емдік және ғылыми-зерттеу мекемелерінің құрамдас бөлігі болып табылады: аурухана, емхана, диспансерлер, медициналық пункттер, ғылыми-зерттеу институттары, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелері.
Атқаратын жұмыстың сипатына және көлеміне байланысты барлық зертханаларда дәрігер-лаборант, фельдшер-лаборант, медициналық лаборант штаты болу керек. Кең бағытты зертханаларда арнайы зертханаларға қарағанда жұмыс орны көбірек болады.
Көптеген емдеу-сауықтыру орындарының клинико-диагностикалық зертханаларында орта медицина қызметкері (фельдшерлер, лаборанттар) дәрігерлердің басшылығымен және өздігінен әр түрлі зертханалық, жалпы клиникалық және бактериологиялық зерттеулерді,
мысалы: зәрді, нәжісті, қақырықты, асқазан сөлін, қанды және т.б. зерттеуге, сонымен қатар арнайы қоректік ортаға күл, туберкулез, қантышқақ, сүзек қоздырғыштарын анықтау үшін егу жүргізе білуі керек.
Орта медицина қызметкері зертханаға зерттеуге әкелген материалдарға қойылатын талаптарды және ауруды зертханалық зерттеуге материал алуға дайындай білуі қажет. Биологиялық материалдарды (қан, зәр, қақырық, асқазан сөлі және т.б.) стерильденген, таза ыдысқа алады. Әр анализге жолдама қағаз толтырылады. Ол жерде мыналар көрсетіледі:
- Аурудың аты-жөні, әкесінің аты
- Жасы
- Емдеу сауықтыру мекемесінің аты
- Жатқан корпусының №
- бөлімшесінің аты
- материалдың атауы
- қандай зерттеу жүргізу керектігі
- бланкіде дәрігердің қолы болуы керек.н
Орта медицина қызметкері саусақтан, көк тамырдан қан алу, тамақтан және жыныс мүшесінен жұғынды дайындау техникасын білуі керек. Дәрігерлер күрделі іс-әрекеттер (мысалы, жұлыннан пункция алу, веносекция жасау немесе қуыстардан пунктат алу және т.б.) жүргізгенде, оларға көмектесе білу керек: аурудың терісін залалсыздандыру, құралдарды дайындау, емшара кезінде көмектесу. Лаборант зертханада қолданылатын жануарлармен жұмыс істей білу керек: термометрия жүргізу, салмағын өлшеу, бекіту (арнайы станоктарға бекіту және т.б.), зерттеуге материал алу және жансыздандырумен
байланысты әр түрлі манипуляциялар жүргізе білу, әр түрлі зертханалық жануарлардан зерттеуге материал жинай білу.
Орта медицина қызметкері негізгі зертханалық жұмыстар техникасын жақсы меңгеру керек, өзінің жұмыс орнын дұрыс жабдықтап, дұрыс ұйымдастыру керек, сонымен қатар зертханада жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережесін білу керек. Зертханада жұмыс істеуге келген кез келген маман мынандай техникалық әдісті меңгергені дұрыс: әр түрлі өлшейтін құралдарда өлшеу жүргізе білу, ертінділер дайындай білу, сүзу, центрифугалау, химиялық анализдерге арналған шыны ыдыстарды жуу, микроскоптау,
...