Тепловоз жөндеу технологиясы
Автор: askarovna • Октябрь 27, 2020 • Анализ учебного пособия • 56,109 Слов (225 Страниц) • 498 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«М. Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ
БАЯНДИН Қ.А., УТЕПОВА А.У.
ТЕПЛОВОЗ ЖӨНДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
(оқу құралы)
АЛМАТЫ - 2007
УДК. 629.424.07
ББК 39.235.
Баяндин Қ.А., Утепова А.У.
Тепловоз жөндеу технологиясы (оқу құралы) – Алматы, КазККА,
2007, ______ бет
ISBN
Оқу құралы негізінен темір жол көлігі мамандығы бойынша білім алып жатқан жоғары оқу орындары студенттеріне арналады. Сондай-ақ оқул құралы темір жол мекемелерінің қызметкерлері мен ғылыми қызметкерлер де қажетіне жарата алады. Оқу құралы қайта жасалған бағдарламаға сәйкес алынған материалдардың негізінде жаңа әдіс қолданылған. Бұрынғы әдістеме бір немесе екі түрлі тепловоздың құрамды бөлшектерінің бірін қалдырмастан жөндеу технологияларын қарастырды.
«Тепловоз жөндеу технологиясы» пәнінің негізгі мақсаты - болашақ мамандарға қазіргі жаңа әдістерді өндіріске сәйкес таңдап, оның ресурстар мен жұмысқа жарамдылығын , жөнделуін қайта жасай алатын мақсатпен ғылыми тұрғыдан негізделген білімді үйрету.
Баспаға авторлық нұсқада ұсынылды
Пікір берушілір: ҚазАТК т.ғ.к., профессор Нурмамбетов С.М
ҚҚЖУ т.ғ.к., доцент Бекмамбет Қ.М
ҚҚЖУ т.ғ.к., доцент Жатқанбаева Э.А
© Баяндин К.А., Утепова А.У, 2007
АВТОР СӨЗІ
Дайындау технологиясы мен оның құрылғыларын жетілдіруде анықталынатын тепловоздың сенімділігі – пайдалану үрдісінде бірте – бірте ең соңынан бөлшектерінің қажалуына, металдың жұқаруына, материалдардың тозуына және де басқа да зиянды үрдістердің пайда болуына әкеп соғады.
Олар тепловоздың тоқтаусыз жұмыс істеуіне қажетсіз ақаулардың пайда болуына әсер етеді.
Бұл әдістемелік оқулықты жазу барысында, автор Рахматулин М.Д «Тепловоздарды жөндеу технологиясы» оқулығы пайдаланылған.
«Қандай да машинаның жетілген құрылғысы болса да өндіріс үрдісіне түскеннен кейін, оны тәжірибеде пайдалануда қосымша еңбекпен жөндеуді қажет ететін жетіспеушіліктері пайда болады. Басқа жағынан алғанда, өзінің орта жасынан шегіне жеткенге дейін, демек қалыпты тозығу әрекеті қаншалықты көрінген сайын, қандай материалдан жасалса да, материал неғұрлым көп тозады да, оны соңғы уақытына дейін қолданғанға дейін орташа қалыпта ұстап тұру үшін қажетті, бірнеше маңызды жөндеу жұмыстарын қажет етеді....» деп жазды К. Маркс.
Кез-келген машина сияқты тепловоздың жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет етуі техникалық, пайдаланылатын және экономикалық себептерді тудыратын объективті қажеттілік.
Техникалық себептер –орындалатын функциялардың әртүрлі бөлшектеріне себепші болатын және оларға жүк түсіруге әрекет етуді өзгертетін көптеген диапазонды , жиналмалы бірліктеріндегі әр түрлі үйкелістермен кездесетін активті қозғалатын бөлшектерінің барлығы болып саналады.
Пайдаланушы себептер - локомотив бригадаларын топтастырудағы тепловоз жұмыс істейтін жол және режімді жағдайларда ауа райының әр түрлі кезеңіндегі белгілі бір шамада қажетті бір деңгейде тепловоздың сенімділігін ұстап тұру үшін профилактикалық және жөндеу жұмыстарының көлемі мен мерзімін анықтайды.
...