Салу есептері
Автор: Жазира Успанова • Март 27, 2019 • Научная работа • 6,589 Слов (27 Страниц) • 1,069 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Салу есептері»
Орындаған:Тулегенова Маржан
Курсы: 3 курс
Тобы: 109-16
Қабылдаған:Ибрагимов Расқұл
Шымкент-2019 жыл
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
1 САЛУ ЕСЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Салу есебінің шығу тарихы
1.2 Қарапайым салу есептері
1.3 Қабырғалары берілген үшбұрыштарды салу
1.4 Салу есептерін шешудің кезеңдері
2 ШЕҢБЕРГЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖАНАМАЛАР
2.1 Шеңберге оның сыртындағы нүктеден жүргізілген жанамалардың қасиеттері
2.2 Екі шеңберге ортақ жанама
2.3 Нүктелердің геометриялық орны
2.4 Геометриялық орны
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
ХХІ ғасыр ғылыми жетістіктердің, үлкен өзгерістер мен үміттерідің ғасыры. Қазірде білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын білім жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде бағдарлай білуге, өзін өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті және жеке тұлғаны қалыптастыруға назар аударылған.
Салу есептері математикаға ғылым ретінде енбей тұрып – ақ өте ертеде адамдар тәжірибесіне енген. Вавилонда, Ертедегі Египетте біздің заманымызға дейінгі IV-II ғасырларда тәжірибелік математика (сандарды жазу ережелері, санау жүйелері түрінде, есептеулердің әр түрлі тәсілдері түрінде ) жаңа тәжірибелік геометрия немесе жерді өлшеу түрінде қолданыла бастаған. Өлшеулер мен құрылыстар жүргізілген кезде салудың қажеттігі туған. Олай болса салу есептерінің адам өміріндегі маңызы өте ертеден бастағаны анық.
Геометрияның және математиканың кейбір басқа салаларының тарихы геометриялық салулар ториясының дамуымен тығыз байланысты болды. Математика курсында геометриялық салулар тақырыбы өзекті орын алады. Салу есептерін шешу арқылы оқушылар әртүрлі геометриялық фигуралар туралы түсінігін, оларды түрлендіру мүмкіндіктерін қарастырады. Мұндай есептердің қойылымы мен әдістері геометриялық фигураларды есептеуге, сол фигуралардың элементтерімен ойша жұмыс жасай алуға т.б мүмкіндіктерін әрі қарай дамытады. Себебі геометриялық фигуралар қоршаған әлемдегі көптеген нақты модульдерді белгілейді. Олардың көмегімен геометрияны оқытуда көзбен бақылауға, салыстыруға, болжауға, эксперимент жасауға зор мүмкіндік бар.
Салу есептері деген не? Салу есептерінде геометриялық фигураны берілген сызба құралдарының көмегімен салу туралы сөз болады. Мұндай құралдар деп көбінесе сызғыш пен циркульді айтады. Есеп шешудің мәнісі фигураны салуда емес, оны қалай салу керектігін айтып, тиісті дәлелдеулер жүргізуде. Есеп шешілді деп есептеу үшін, фигураны салу тәсілі көрсетілуі керек және осы салу жұмыстарын орындау нәтижесінде, шынында да, бізге керекті фигура шығатынын дәлелдеу керек.
Салу есептерін шығара отырып нені үйренеміз? Салу есептерін шығару арқылы есеп шешудің кезеңдерін сақтай отырып, шығаруға, дағдылануға үйренеміз. Салу кезеңінде әрбір элементар салуды сөйлемдер арқылы қадамдарға бөліп жазып, салу алгоритмі орындалады.
...