Координаталық жазықтықтың пайда болу тарихы
Автор: aisha777 • Октябрь 25, 2022 • Курсовая работа • 3,940 Слов (16 Страниц) • 442 Просмотры
Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі
Ғылыми жоба тақырыбы:
Ұлттық координаталық кескіндерді Geogebra және 3 D Coral графикада бейнелеп, ұлттық мәнін есептеп көрсету
Координаталық кескіндерді Geogebra және 3 D Coral графикада бейнелеп, ұлттық мәнін есептеп көрсету
2020-2021
Жоспар
І. Кіріспе
1.1. Координаталық жазықтықтың пайда болу тарихы
II Негізі бөлім
2.1. Рене Декарт ұлы математик
2.2. Координаталар бойында нүкте салудың ұлттық ерекшелігі
2.3 Ұлттық координаталық кескіндерді Geogebra және 3 D Coral графикада бейнелеп, ұлттық мәнін есептеп көрсету техникасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ұлттық координаталық кескіндерді Geogebra және 3 D Coral графикада бейнелеп, ұлттық мәнін есептеп көрсету менің қазіргі таңда зерттеп жүрген ғылыми жобам. Бұл тақырып маған өте өзекті.
Математика сабақтарында координаталық кескіндерді есептеу мен шығаруда бізге жетекшім жаңа it технологияларды пайдалана отырып есеп шығару барысында үйретеді.
Осы орайда еуропада дамыған координаталық жүйені жаңа технологиялар көмегімен өз елімізде неге дамытпасақ деген ой келді маған. Себебі біздің ұлттық құндылықтарымызды координаталық кескіндер әлде қайда бұрын пайда болғандығын анау 17-18 ғасырда өмір сүрген біздің көшпелі ата-бабаларымыздың өмір-сүру салтынан ою-өрнектерді сызу технолгиясыннан, ұлттық құндылық киіз үйдің жасалу техникасыннан байқауға болады.
Математика пәні туралы көп білгіміз келеді. Маған математика және математикамен байланыстының бәрі ұнайды. Біз не істесек те, барлығы математика мен сабақтасады. Математика грек тілінен қазақшаға аударсақ, «білім», «ғылым» деген мағынаны білдіреді. Математика бізге ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектеседі. Біз математика дегенде тек сандар ғана емес мұнда басқа да керемет нәрселер аз емес. Бұрынғы кезден-ақ математиканың көмегімен көптеген небір кереметтер жасаған: дұрыс жолды тапқан және күнді, ай мен жұлдыздарды бақылау арқылы жыл мезгілдердің ауысатын уақытын болжаған. Сонымен қатар Галилейдің «Әлем математика тілімен бейнеленген» деген сөздерінен математиканың құдіреттілігін көруге болады. Математиканың әр түрлі қыр-сырларымен таныса отырып, мен координаталық жазықтық тақырыбына тоқталып отырмын. Координаталар бойында нүкте салу арқылы сурет шығару қызығушылығымды тудырды. Менің бұл тақырыпты алып отырған бірден-бір себебім координаталар бойында өзіміздің ұлттық нақыштағы қазақ халқының баспанасы киіз үйді және ою өрнектерін кескіндеу. Сонымен қатар оларды басқа да көптеген елдерге танытып, қазақ елінің мәртебесін көтеру. Еліме өз үлесімді қосу. Екіншіден біз тек математика пәнінде есеп шығарып ғана қоймай халқымыздың салт-дәстүрін әдеп ғұрпын үйрету. Сонымен қатар математика сабағында ұлттық салт-дәстүрге, нақышқа келтірілген педагогика –психологиялық тұрғыда жазылған есептерді қолдануымызға болады.
Аңдатпа
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ұлттық координаталық кескіндерді Geogebra және 3 D Coral графикада бейнелеп, ұлттық мәнін есептеп көрсету.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Координаталық кескіндерді анықтау және арнайы бағдарламалар көмегін пайдалана отырып, графикалап ұлттық мәнін анықтау.
Міндеттері:
• Ұлттық координаталық кескіндерге жалпы талдау жасау;
• Координаталық кескіндерді анықтаудың замануи әдістерін анықтау;
Материалдық құндылықтар: фотосуреттер, Geogebra және 3 D coral графикада жасалған тәжірбиелік үлгі.
...