Ұйымның бизнес процестерін үлгілеуге арналған программалық өнімдерге шолу
Автор: FGHJJKKL • Апрель 12, 2022 • Реферат • 9,085 Слов (37 Страниц) • 271 Просмотры
АҢДАТПА
Бұл жұмыста тауарларды сату мен есепке алудың бизнес-процестерінің үлгісін құру сұрақтары қарастырылған. Кез келген ұйымның жұмысын және бизнес-процестерді талдау әдістемелік және инструменталды қолдауды қажет етеді. Ұйымның жұмысын сипаттау бизнес-процестерді құрылымдауға негізделеді. Жобаның құрылымдық талдау ережелеріне сәйкес Ramus Educational ортасында жүйенің функционалдық құрылымы жасалды. Жасалған үлгі негізінде тауарларды сату және есепке алу бойынша бизнес-процестер жүзеге асырылды. ER-диаграмма жасалды және функциялық құрылым мен "мән-байланыс" диаграммасының негізінде деректер базасының құрылымы әзірленді. Деректер базасының құрылым анықтамалықтары, құжаттары және пәндік саланың басқа да объектілері бар метадеректер объектілерінің құрылымына негізделеді. Тұрмыстық техника тауарларын есепке алу үлгісінің негізінде 1С:Предприятие ортасында бизнес-процестер іске асырылды. Ұйымның бизнес-процестерін құрудың ұсынылған әдістемесі тауарларды есепке алу және сату процесінде қолданыла алады.
АННОТАЦИЯ
- данной работе рассмотрены вопросы построения бизнес-процессов по реализации и учету товаров. Анализ работы и бизнес-процессов любого предприятия требует методологической и инструментальной поддержки. Описание функционирования предприятия основывается на структурировании бизнес-процессов. В соответствии правилам структурного анализа разработана функциональная структура системы в среде Ramus Educational, разработана ER-диаграмма и на основе функциональной структуры и диаграммы «сущность-связь» разработана структура базы данных. Структура базы данных базируется на построенной структуре объектов метаданных, содержащих справочники, документы и другие объекты предметной области. На основе разработанной модели на примере учета товаров бытовой техники реализованы бизнес-процессы в среде 1С: Предприятие. Предложенная методика построения бизнес-процессов организации может быть применена в процессе учета и реализации товаров.
ANNOTATION
This paper discusses the issues of building business-processes for the sale and accounting of goods. Analysis of the work and business processes of any enterprise requires methodological and instrumental support. Description of the functioning of the enterprise is based on the structuring of business-processes. In accordance with the rules of structural analysis, the functional structure of the system in the environment of Ramus Educational has been developed. Based on the developed model, business-processes for the sale and accounting of goods are implemented. The ER diagram was developed and the database structure was developed based on the functional structure and the entity-relationship diagram. The database structure is based on the constructed structure of metadata objects containing directories, documents, and other objects in the subject area.
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың таралу жылдамдығы қарқынды түрде дамып келеді. Ақпараттық технологиялардың күннен-күнге үздіксіз дамуына байланысты, көптеген ұйымдық құрылымдар жаңа технологиялардың даму үрдісін пайдалана отырып, бизнес-процестерді жүзеге асыруда. Сонымен қатар бизнес-процестер – қоғамда кең таралуымен және кез келген ұйымдық құрылымда пайдаланылуымен ерекшеленеді. Бизнес-процесс-бұл тұтынушылар үшін белгілі бір өнімді немесе қызметті, сондай-ақ техникалық құрал-жабдықтарды пайдалана отыра, оны жүзеге асыратын орта құруға бағытталған процесс. Бизнес-процесс объектісі бизнес-процесс бағытының
картасын қамтиды, яғни карта бойынша өту кезінде қандай да бір орындаушыларға арналған міндеттер жасалады.
Қоғамның талаптарына қарай автоматтандыру жүйесі басты мәселе болып табылады. Автоматтандыру – адамға ақпаратты жеткізу, қабылдап оны сақтау, өңдеу мен пайдалану процестеріне қарай толықтай немесе жартылай босату мақсатында техникалық, ақпараттық және баска да құралдар мен әдістер кешенін қолдану процесін айтады. Мәселен, ірі зауыттар, кәсіпорындар мен жеке шаруашылық, оқу орындарында және тағы басқа қызмет орталықтарында бизнес-процестерді жобалау барысында автоматтандыру жүйесін кеңейту басты назарда болып отыр. Осы тұрғыда, көптеген салада бизнес-процестерді құрудағы басты мақсат – ұйымды басқаруды және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелерін зерттеу, кәсіпорындағы негізгі жоспарланған іс-қимыл процестерді іске асыру болып табылады.
...