HTML тілінде құжаттар жасау негіздері
Автор: bekauti2007 • Март 4, 2022 • Курсовая работа • 4,674 Слов (19 Страниц) • 414 Просмотры
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ....................................................................................................3
1. HTML - құжатпен жұмыс істеу........................................................4
1.1 Бет жасау.................................................................................4
1.2 Мәтінді дайындау және безендіру........................................6
1.3 Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу...................................8
1.4 Front Page кестелері...............................................................10
2. HTML -құжаттың WEB –құрауыштары...........................................12
2.1 Бетті сақтау..............................................................................12
2.2 WEB – құжатты құру мысалдары..........................................13
3. HTML тілінде құжаттар жасау негіздері.........................................14
3.1 HTML тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері.................14
3.2 HTML құжаттарындағы формалар ......................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................29
КІРІСПЕ
Біздің қазіргі уақытта компьютер өте жақсы дамып жатыр. Адам үшін компьютерлік сауаттылық бұрын екінші сауаттылық болса, қазіргі уақытта қарапайым сауаттылыққа айналды. Қайсыбір салаға тоқталсақ та ешқайсысы компьютерсіз жұмыс атқармайтын заманға келіп тұрмыз. Компьютерге қатысты адамдарды екі топқа бөлуге болады: бірі қарапайым қолданушы, екіншісі бағдарламашы. Адамдардың екінші тобы – бағдарламашылар компьютерде жұмыс жасау үшін арналған бағдарламаны ойлап тапса, жасаса. Бірінші топтағы адамдар осы жасалынған бағдарламаларды қолданады.
Бағдарламаларды жасау тілдері өте көп. Солардың ішінде HTML - тілі де өзіне сай ерекшеліктері, тартымды мүмкіндіктері бар. Өз курстық жұмысымда мен осы бағдарламалау тіл туралы зерттеген деректерімді ұсынғым келеді.
1. HTML - құжатпен жұмыс істеу
1.1 Бет жасау
Web-беттің құжаттарын жасау тікелей немесе Office -нің басқа қолданбаларында дайыңдалған құжатты HTML пішімінде сақтау жолымен іске асырылады.
Жаңа Web-бет жасау FrontPage-де File-New-Page (Файл-Создать-Страницу) командасы көмегімен орындалады. Нәтижесінде экранда жасалынатын беттің шаблоны таңдалатын диалогтық терезе пайда болады. General бетбелгісі беттердің неғұрлым жалпы шаблондарынан тұрады, Frames Pages және Stile Sheets бетбелгілері терезелік интерфейс ұйымдастыратын беттерді және тиісінше каскадтық стильдер кестелерін жасауға арналған шаблондарды таңдауға мүмкіндік береді. Бос бет жасау үшін Normal Page шаблоны немесе инструменттер панеліндегі таза қағаз беті бейнеленген пиктограмма таңдалады. Шаблон таңдалғаннан кейін, FrontPage сол шаблонмен берілген элементтер жинағынан тұратын типтік құжат жасайды.
Құжатқа басқа пішімде дайындалған деректерді қосу қажет болған жағдайда, алмасу буферін қолдану керек. Ол үшін алмасу буферіне (Clipboard) бастапқы құжаттың фрагментін алдын ала көшірмелеп алып, FrontPage-re қайта қосылған соң, алмасу буферінің мазмұнын талап етілетін жерге кірістіру қажет. Мұндайда кірістірілетін фрагмент автоматты түрде HTML пішіміне конвертацияланады.
Сурет №1.
[pic 1]
Типтік Web-беттердің кейбір шаблондарының сипаттамасын ұсынамыз:
- NormalPage - таза бланк;
- Bibliography — библиографиялық деректер тізімінін
сипаттамасы; - Confirmation Form — хабар қабылдануын растау;
- Search Page — WWW қүжаттарында ақпарат іздеу үшін
түйінді сөздер беру; - Table of contents — ағымдағы Web-қүжатқа кіретін
барлық беттерге сілтемелері бар мазмұн-бет; - Two-column Body — мәтіні екі бағанға белінетін бет;
- Header — броузердің жұмыс аймағын екі терезеге
(тақырып пен негізгі терезеге) бөлетін бет; - Horizontal Split — броузердің жұмыс аймағын
колденені бойынша екі бөлікке бөлетін бет; - Vertical Split — броузердің жұмыс аймағын тігінен
екі бөлікке бөлетін бет.
1.2 Мәтінді дайындау және безендіру
Мәтінді безендіру бойынша негізгі операциялар Edit (Правка) және Forma! (Формат) менюлерінің командаларын шақыртумен орындалады. Пайдаланушыға ыңғайлы болуы үшін, аталған менюлердің командаларының көпшілігі Standard және Formatting (Стандартная және Форматирование) инструменттер панельдерінің пиктограммаларымен қайталанады. Бұл панельдерді активтеу View (ТІросмотр) менюінің аттас командаларымен орындалады.
...