Робот ойыншықтар
Автор: aijan7676 • Январь 30, 2022 • Реферат • 3,750 Слов (15 Страниц) • 598 Просмотры
Кіріспе
Ойыншық – баланы уақытша алдайтын құрал ғана емес, ол танымдық дүние. Зиялы ұлт болып қалыптасу үшін, баланың интеллектуалдық дамуына ерекше көңіл бөлген жөн. Яғни бала, ең алдымен, саусақ ұшының сезуі арқылы өзі ұстап отырған зат туралы түсінік қалыптастырады. Қолдағы моторика мен сенсориканың дұрыс дамуы, логикасы мен есте ұстау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Өйткені мидағы осы ұсақ моторикаға жауапты орталық пен сөйлеу орталығы және интеллектуалдық орталық үшеуі бір-біріне жақын орналасқан. Демек осылардың біреуі дұрыс дамымаса, қалғандарының әрекет етуіне кері әсер етеді.
ХХІ ғасырдың баласында неше түрлі гаджет, интерактивті қуыршақтар өте көп. Сондай-ақ, қазіргі заманғы ойыншықтар нарығында роботтар деп аталатын ойыншықтар көп танымал. Олар өте функционалды, балалар ғана емес, олардың ата-аналары да бағалайтын көптеген қасиеттерге ие:
- Біріншіден, заманауи технологиялар роботқа баланы дамыту бойынша көптеген түрлі бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, көптеген ойыншықтар дауыспен жабдықталған және бала командаларына жауап бере бастайды. Ал жаңа "Сони" би роботтары кішкентай би әуесқойын бірнеше қозғалыстарға үйрете алады.
- Екінші салмақты артықшылық – бұл трансформер-ойыншықтары. Қарапайым роботтан автокөлік жинау – тіпті ересек адам үшін оңай іс емес. Сондықтан балаға өз мақсатына жету үшін қиялын, логикасын қосуға тура келеді. Және де жинау кезінде балада бұл қабілеттер тезірек қалыптасады.
- Роботтардың адаммен сыртқы ұқсастығы балаға сүйікті мультфильмнің кейіпкеріне ұқсас келетін жаңа дос табуға мүмкіндік береді. Бала онымен сөйлесе алады, эмоциясын сездірте алады, ал ата-аналар тұлғаның қалыптасу процесін бақылай алады (қарым-қатынас, сөйлеу үні және т.б.).
Осылайша, роботтар ата-аналар үшін жақсы көмекшілер болып табылады.
Әрине, мұндай ойыншықтар баланы ойнату міндетін жақсы орындайды. Заманауи роботтар осы тұрғыда сарқылмас мүмкіндіктерге ие және күн сайын баланы таң қалдырады.
Жұмыстың өзектілігі:
Бірақ әрбір нәрсенің екінші жағы болады. Ал сол робот ойыншықтармен бала дұрыс ойнай ма? Ойыншықтардың барлығы баланың шығармашылық ойлауына, дамуына оң ықпал ете ме? Қазіргі уақытта дұрыс робот ойыншығын таңдау туралы мәселе өте өзекті болып тұр. Робот ойыншықтарын дұрыс пайдаланбау туралы мәселе кеңінен қарастырылуда.
Өз жұмысымда робот ойыншықтары баланың дамуына қалай әсер ететінін және оны қалай дұрыс таңдау және пайдалану керектігін анықтау мақсатын қойдым.
І. Негізгі бөлім
- Робот ойыншықтарының пайда болуының қысқаша тарихы.
Менің "Болашақ роботтары" атты сүйікті кітаптарымның бірінде роботтардың пайда болу тарихын таптым. Роботтарды көптеген адамдар тек жаңа технологиялармен байланыстырады. Алайда, адамдар сияқты машиналар жасау идеясы жүздеген жылдар бойы пайда болған. Мысалы, әлемге әйгілі "Илиада" поэмасында Гомер ұста шеберінің қамқоршысы, от құдайы Гефест жасаған алтын қызметкерлер туралы жазады.
1495 ж. – белгілі суретші Леонардо да Винчи машина адам ретінде қозғала алатынын көрсету үшін механикалық рыцарь жобасын жасайды. Бұл Қайта өрлеу дәуірінің өнертабысы Робот тарихында бірінші болып саналады.
1801 ж. – Жозеф Жаккар Парижде мата жасайтын тоқу станогын ұсынады. Маталардағы өрнектерді басқару үшін перфокарта-механизмнің жұмысын модельдейтін қағаз деректер тасығышы қолданылады.
1890 ж.– Никола Тесла қашықтан басқару құралын ойлап тапты. Бұл құрылғысыз көптеген заманауи роботтарды қозғалысқа келтіру мүмкін емес еді.
1898 ж. Тесла радиобасқарылатын кемені сынаған, содан кейін роботтардың әлем бойынша шеруі тоқтамады.
1927 ж. – Нью-Йорктегі дүниежүзілік көрмеде инженер Д. Уэксли адам командасын орындауға қабілетті қарапайым роботты көрсетті.
1976 ж. - кіріктірме Роботтар-манипуляторлармен жабдықталған, М"Викинг-1" және "Викинг-2" ғарыштық зондтар Марста топырақ сынамасын алады.
2000 ж. – жапондық "Хонда" және "Сони" компаниялары адамдардың қозғалысын қайталай алатын Роботтар-гуманоидтар шығарады.
2004 ж. – Марк Тилден, канадалық физик және робототехниканы әзірлеуші, жаппай сату үшін "Робосапиен"- Робот-гуманоид ойыншығын жасайды.
...