Оқу тәжірбиенің өтуі туралы
Автор: uljan01 • Январь 25, 2019 • Реферат • 1,435 Слов (6 Страниц) • 400 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН-АМЕРИКАНДЫҚ ЕРКІН УНИВЕРСИТЕТІ
«Бизнес» кафедрасы
Есеп беру
Оқу тәжірбиенің өтуі туралы
Орындаған студент: Есентаева.Ұ.Ж (18-ИС-1-Б-О-К).
Университеттен тәжірбие жетекшісі: Мұратұлы.Д
Кәсіпорыннан тәжірбие жетекшісі: Хаукка К.Н
Өскемен 2019
Мазмұны
Кіріспе | 3 |
1. Техника қауіпсіздік негіздері | 4 |
2. С sharp Объектілі-бағытталған бағдарламалауға сипаттама | 5 |
3. Практикалық бөлім | 6 |
Қорытынды | 15 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 16 |
Кіріспе
Оқу құралының алдыңғы бөлімінде деректер, әдістер, сонымен қатар C# тілінде жазылған бағдарламаның өзі де кластарда орналасуы керектігі жөнінде ескертілген.
Кластардың пайда болуы бағдарламалау технологиясын өзгертті. Егер бұрын құрылымдалған бағдарламалаудың негізгі бірлігі функциялар мен процедуралар болса, кластардың пайда болуы деректерді және сонымен қатар әдістерді біріктіретін бағдарламаның функцияналды аяқталған модульдерін құруға мүмкіндік берді. Осындай бағдарламалардың негізгі бірлігі - кластар (объекттер), кластар арқылы бағдарламалау технологиясы объекті-бағытталған технология деп аталады.
Кітаптың осы бөлімінде Windows қосымшаларды (күрделі бағдарламалық жүйелер) жобалау кезінде объекті-бағытталған технологияны қолдануға байланысты сұрақтар қарастырылады. Объекті-бағытталған бағдарламалау (ОББ) технологияларында кластардың қолданылуы олардың екі қызметті орындай алатынын көрсетеді: бағдарлама модулі немесе деректер типі ретінде қолданылуы.
Құрылымның модульдігі – Windows қосымшаларының негізгі қасиеті. Үлкен бағдарламалық жүйені модульдерге бөлмей дайындау кезінде бағдарламалаудың модульдік технологиясы арқылы дайындаған жүйеге қарағанда уақыт едәуір көп жұмсалады. ОББ-да Windows қосымшалар модульдік принципте әзірленеді, олар модульдің негізі болатын кластардан тұрады. Құрылымның модульдігі – күрделі бағдарламалық жүйелерді әзірлеу процессін жылдамдату бойынша негізгі құрал.
Екінші жағынан класс деректер типі болып келеді. Windows қосымшаларды объекті-бағытталған жолмен әзірлеу деректерге сүйеніп жобалау деп аталатын стильге негізделген. «Жүйелерді жобалау нақты бір есепке сәйкес келетін деректердің абстракцияларын табуға негізделеді. Осындай әрбір абстракциялар класс түрінде құрылады, класс -бағдарламалық жүйе құрылымының архитектуралық бірлігі болатын модуль»
Windows қосымшалардың көпшілігінде кластар екі қызметті де орындайды, сондықтан бағдарламалық жүйенің әрбір модулінің өзінің нақты міндеті бар. C# тілінде деректер типі болатын және модуль қызметіндегі кластар қолданылады. Модуль кластарына, мысалы, Console, Math кластары жатады. Модуль ретіндегі кластар объекттерді құрай алмайды, ал нақтырақ айтқанда осындай кластың бір ғана объектісі болады. Осы модульдің өрістері мен әдістері басқа кластардың әдістеріне қолжетімді болады.
Үлкен бағдарламалық жүйелерді дайындағанда әзірлеу ортасы маңызды рөл атқарады. Бағдарламалау орталары ұсынатын бағдарламалау технологиялары күрделі бағдарламалық жүйелерді дайындау уақытын едәуір қысқартады.
Сондықтан ОББ бағдарламалау технологиясымен Visual Studio.NET бағдарламалау ортасында Windows (Windows Forms Application) қосымшаларын құра отырып танысатын боламыз.
1. Техника қауіпсіздік негіздері
1) Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
2) Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
3) Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
4) Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
...