Жобаның экономикалық негізделуі
Автор: Zara2509 • Май 3, 2018 • Лекция • 4,037 Слов (17 Страниц) • 710 Просмотры
4 Жобаның экономикалық негізделуі
«Экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады, осы қатынастар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқада қоғамдық, өмір саласының мазмұнын анықтайды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында орнықты экономикалық өсуі қамтамасыз етіліп, соның негізінде жеке бастамашылық пен кәсіпкерлік қанат жайып, сыртқы сауда мен инвестиция тартылымы белсенділікке ие болды.
Қазақстан – жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған мемлекет. Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша – 7-ші орынды, газ қоры бойынша – 6-ші орынды, уран қоры бойынша – 2-ші орында иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай және газ өндірушілер мен экспортқа шығарушыларының ондығына кірмек. Сонымен бірге, Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес және басқа да көптеген салалар серпінді дамуда.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге әзірлік үстінде және іс жүзінде заңнамалық базаны ДСҰ-ның талаптарына сәйкестендірді. Қазақстан өз экономикасының өтпелі кезеңін табысты аяқтап, жаңа сапалы қадам - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ниет білдіріп отыр.
Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылады. Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз.
Экономикалық тиімділік – адамның қайрат – қуатының ең басты мәселесі. Тиімділікті арттыру – бұл бір эффекті бірлігіне (өндіріс көлемі, өнім бірлігіне деген және т.б.) шығынды қысқартуға қол жеткізу.
Экономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін, әртүрлі факторларды ескеру қажет.Бір факторлар өз кезегінде тексеру мен бағалауға мұқтаж болатын басқа бір факторларды туғызады. Шығындар мен тиімділіліктің экономикалық бағалаулары қызмет ұйымдар түрін жобалауда маңызды роль ойнайды. Шығындарды топтастыру кезінде алдымен шығындардың ең айқын жеңіл есептелінетін түрлерін ерекшелеу қажет.
Мемлекеттің технологиялық дамуы. Бұл кешенді шара іс жүзінде елімізде кезең ауысуының сапалы табалдырығынан өтуін табысты жүзеге асыруға жол ашады. Нақталып айтқанда, өнеркәсіптік және технологиялық артта қалушылықты жеңіп шығу, келешекте әлемдік саяси және экономикалық жүйеде сапалы да лайықты орын алу.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, белгілі ғалымдар мен инженерлердің шығуы қоғам мен экономикада жүйелі өзгерістердің заңдық тұрғыдағы нәтижесі бола алады.
Осының бәрі де экономикалық білімге өту кезеңінде «адам» капиталының мыңыздылығын тағы да бір рет айқындай түседі. Осы кезеңде білім беру ісі ерекше орын алады, қазақстандықтардың жаңа ұрпағы үшін сапалы білім берудегі педагогтердің рөлі артады.
Әзірленген бағдарламалық өнімді енгізуі нәтижесінде мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу, тапсыру және алу прцесстерінің тез жүруі мен қызметкерлердің еңбек өнімділігінің артуы күтілуде.
Ақпараттық жүйені өңдеудің құны келесі формуламен анықталады:
Қ = Ше.а. + Шқосымша, (1)
мұнда
Қ – ақпараттық жүйені өңдеудің құны (теңге);
Ше.а. – ақпараттық жүйені өңдеуге кеткен еңбек ақы шығыны (теңге);
Шқосымша – ақпараттық жүйені дайындау процесіне кеткен қосымша шығын.
Өңдеушінің еңбек ақысы мен еңбек ақы қорына бөлінген төлемді қоса алғанда ақпараттық жүйені өңдеу үшін төленген еңбек ақыға кеткен шығын. Әр персоналдың дәрежесіне қарай еңбек ақы төленеді. Өңдеушінің төлем ақысы (Өт.а.) 60000 теңге.
...