Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сызбада өлшем қою ережелері ГОСТ 2.307-68

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  1,228 Слов (5 Страниц)  •  698 Просмотры

Страница 1 из 5

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ

«Фармацевттік өндірістің технологиясы» кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Сызбада өлшем қою ережелері ГОСТ 2.307-68

Орындаған: Рахишева Д.

Тобы: ФӨТҚА 07-18 Ж

Қабылдаған:__________________

Шымкент 2019 жыл

Мазмұны

Кіріспе

  1. Өлшем қою ережелері
  1. Өлшемдерді анықтаудың тәсілдері
  2. Сызбада өлшемдерді қою тәсілдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

        Сызба— бұйымды жасап шығару немесе құрастыру үшін керекті ақпараттар түгелдей келтірілген құрылымдық құжат; КҚБЖ бойынша анықталатын шартты белгілеулер ережелерін сақтай отырып бұйымдарды проекциялар жазықтықтарына кескіндеп түсіру; бұйымдарды, негізінен алғанда машиналарғимараттар, мен олардың бөлшектерін әзірлеу үшін олардың қажетті өлшемдері, масштабтары, құрамын көрсетіп, сызбалап бейнелеу.

        Сызбада бұйымның кескіндері көрсетіледі, ал кескіндерді өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялау әдісімен орындайды. Кескіндерге өлшемдер түсіріледі және келісілген шартты белгілерді пайдаланады. Сызба конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесіне (КҚБЖ) қатысты стандарттардың талабына сай орындалады. Сызбаның негізгі түрлері: жалпы түр сызбасы; кешенді сызба; құрастыру сызбасы; тетік сызбасы.

        Жалпы түр сызбасы (Чертеж общего вида) — құрастырылған бұйымның (машинаның, механизмнің және тағы басқалардың) жұмыс жасау принципін түсінуге, оның құрамына енетін тетіктердің пішіндерін анықтауға мүмкіндік беретін құрылымдық құжат. Жалпы түр сызбасы алғаш ұсынылып отырған жаңа құрасбұйым үшін орындалады. Сызбаны талдаудың және талқылаудың нәтижесінде, машинаны жақсартуға бағытталған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Құрасбұйымның жалпы түр сызбасын тетіктеуге, яғни оның құрамына кіретін әрбір бөлшектің жұмыс сызбасын салуға болады.

        Кешендi сызба (Комплексный чертеж) — Монж әдісімен салынған, бір-бірімен проекциялық байланыста орналастырылған тікбұрышты проекциялардың жүйесі.

        Құрастыру сызбасы (Сборочный чертеж) — машинаны немесе механизмді құрастыру және ажырату үшін пайдаланылатын құрылымдық құжат. Онда құрасбұйымның құрамына кіретін бөлшектер нөмірленіп, ал нөмірлер шығару сызықтарының сәкілеріне жазылып көрсетіледі. Құрастыру сызбасында тетіктер және оның элементтері стандарттарда тағайындалған шартты белгілерді, ережелерді ескеріп ықшамдап кескінделеді. Бөлшектердің қалайша бір-бірімен біріктірілгендері немесе жалғастырылғандары көрсетілгенімен, Құрастыру сызбасын пайдаланып, әр тетіктің пішінін және өлшемдерін анықтауға мүмкіндік болмайды.

        Тетiк сызбасы - тетікті жасап шығару үшін қажетті мәліметтер түгелдей көрсетілген конструкторлық құжат; бөлшектің бейнесі мен оның дайындауы мен бақылауына қажетті басқа да мәліметтері бар, негізгі конструкторлық құжат.

        Онда тетіктердің кескіндері (көріністер, тіліктер, қималар) сызылады. Кескіндер бөлшектің пішінін анықтауға толық мүмкіндік берулері қажет. Кескіндерге өлшемдер түсіріліп, олардың ауытқу шектері (шақтамасы) тағайындалады. Беттердің кедір-бұдырлығын анықтайтын ақпараттарда болады.

Өлшемдерді қою

Бұйым кескінінің өлшемін немесе оның қандай да бір бөлігінің оның өлшемдері қойылады. Өлшемдер қоюда белгілер мен әріптер қолданылады.  Өлшемдерді қою ережелері МСТ 2.307-68 бойынша орнатылған.

Өлшем – таңдап алынған өлшем бірлігінде сызықтық және бұрыштық шамалардың сан мәні.

Өлшемдерді анықтаудың төмендегідей тәсілдері бар:

номиналдық – сызбаларда келтірілетін негізгі есептік өлшемдер;

шекті – нақты өлшем екеуінің арасында болатындай етіп алынатын екі шекті өлшем;

нақты – мүмкін болатын ауытқулармен өлшеніп орнатылған өлшемдер;

...

Скачать:   txt (15.1 Kb)   pdf (326.9 Kb)   docx (176.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club