XҮІ ғасырдың бірінші жартысындағы Жоғарғы Жаңару сәулет өнері
Автор: ais1232 • Апрель 5, 2021 • Лекция • 598 Слов (3 Страниц) • 498 Просмотры
XҮІ ғасырдың бірінші жартысындағы Жоғарғы Жаңару сәулет өнері.
XҮІ ғасырдың екінші жартысындағы соңғы Жаңару сәулет өнері.
Жоғары Қайта өрлеу дәуірінің жайлы үйлесім қалдықтары байқалады, готикалық мотивтері жанданып, пішіндердің мәнерлілігі күшейе түседі.
Діни құрылыс күшейе түседі. Осы уақытта жалғасып жатқан Римдегі Әулие Петр соборының құрылысынан басқа өз кескінін түптамырымен өзгерткен жаңа шіркеулер тұрғызылады. Сәулетшілер діни ғимараттардың орталықтандырылған түрлерінен бас тартып, базиликке қайта оралады, сыртқы кескінде вертикализмге деген ұмтылыс пайда болады. Білім, ғылымның құдіреттілігі алдында адамның өз қабілеттілігінен түңіледі.
Жаңаның маңызды белгісі сәулеттің жоғары мәнерлілігі мен «мүсінділікті» іздеу болып табылады. Әсіресе, бұл ұлы сәулетші және мүсінші Микеланджело Буанаротти шығармашылығында байқалады. Кейінгі Қайта өрлеу сәулетіне екі бағыттың күресі:
• бірі болашақ барокконың шығармашылық негізін орнату;
• екіншісі, Жоғары Қайта өрлеу дәуірінің желісін дамыта отырып, классицизм дәуірінің қалыптасуын дайындау тән.
Сәулетшілер қала билігінің тапсырыстарын ғана емес, көбінесе Римде өздеріне сарайлар мен қала сыртындағы виллалар тұрғызып жатқан шіркеу князьдарының, монастырлардың және ақсүйек феодалдардың тапсырыстарын орындады. Сонымен, қала сарайларынан сәулетшілер көрнекілікті іздесе, тапсырыс берушілер шамалы сымбаттылық пен айбындылықты талап етті, ал виллаларды үйлестіру тәсілінде басқаға, яғни тартымды, табиғатпен жақсы үйлесімде болатын кескінге қол жеткізуге тырысты. Сондықтан да қала сыртындағы сәулетте Жоғары Қайта өрлеу дәстүрлері сақталады, кейіннен стильдің өзгергендігі байқалады.
Барокко белгілері пайда бола бастағанда, ХVІ ғасырдың екінші жартысында Италияда сәулетшіліктің жаңа даму желісі Микеланджело шығармашылығында айқын көрініс табады. Қайта өрлеу дәуірінің қала құрылысында «тамаша» қалалардың жобалары және алаңдар, саябақтар, қала ансамбльдері сияқты олардың элементтері жұмыстың негізгі нысандарына айналады. Шынайы қала құрылымында осы кезеңдегі қоғамның жіктелуі кедейлер тұратын қала бөліктері мен жеке сарай, діни ансамбльдерден тұратын құрылыстың ретсіздігі байқалды.
Буржуазияны ортағасырдың қисық тар тұйық көшелері қанағаттандырмады. Ортағасыр қалаларының центрлес құрылымы мен римдік әскери лагерьлердің тиімді формаларының синтезін қамтып көрсететін орталықтандырылған түрдегі қала идеясы туады. Тамаша қалалардың әлеуметтік құрылымының теориялық негізін Томас Мор, Томмазо Кампанелла сияқты философ-утопистер құрады. Олардың «тамаша» қалалары көгал мен ауаға қанық. Қала демократиялық формация болып саналады, бірақ қала бөліктері орталықта ақсүйектердің сарайлары орналасқан таптық тиістілігіне қарай бөлінеді. Кейбір қалалар құрылысына 1593 жылы Пальма Нуова, сәулетші Скамоцци, Ливорно, сәулетші Сангалло және басқалар қатысты. Бұл қалалар сақталмағанымен, олардың жобалары қала ансамбльдерін негізін құруға себепкер болды. ХVІ ғасырдың соңында: Джакомо Бороцци да Виньола, Андреа Палладио, Лион Батиста Альберти сынды бірнеше сәулетшітеоретиктер шықты. Сәулеттің ғылыммен тығыз одағы ғылыми теорияның дамуында көрініс тапты. ХV ғасырда Витрувий трактатының жаңалығы сәулет бойынша теориялық еңбектер қатарын жазуға ынталандырды.
...