Таралу аймақтарына сипаттама беру, Қазақстандағы мүмкіншіліктерді көрсету
Автор: nazerke1205 • Апрель 13, 2019 • Курсовая работа • 3,442 Слов (14 Страниц) • 733 Просмотры
Маңғыстау облысы бойынша танымдық тур ұйымдастыру
Мақсаты: Қазақстан жерінде, оның ішінде Маңғыстау облысында керуен туризмін
дамыту
Міндеті: Керуен туризм түсінігін ашу
Өзектілігі: Таралу аймақтарына сипаттама беру, Қазақстандағы мүмкіншіліктерді
көрсету
Жоспар:
1. Танымдық мақсатындағы экскурсия түсінігі. Керуен туризмі.
2. Маңғыстау облысы танымдық керуен экскурсиясы орталығы ретінде
2.1. Ақтау қаласы;
2.2. Қарақия ойысы;
2.3. Шопан ата жер асты мешіті;
2.4. Бекет ата жер асты мешіті;
2.5. Айтман күмбезі;
2.6. Қызылқала қалашығы;
2.7. Кетікқала қалашығы;
2.8. Шақпақ ата жер асты мешіті;
2.9. Қараман ата жер асты мешіті;
2.10. Қошқар ата зираты;
2.11. Сұлтан-апе некрополі мен мешіті;
2.12. Шерқала құмды тауы;
2.13. Тамшалы;
3. Маңғыстау облысы бойынша танымдық керуен экскурсиялық туры
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Танымдық мақсатындағы экскурсия түсінігі. Керуен туризмі.
Туризм – әлемдік экономикадағы қарқынды түрде дамып келе жатқан бизнес салаларының бірі, аталмыш сектордың дамуы көлік, байланыс, құрылыс, халық тұтынатын тауарлар өндірісімен қоса, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету тәрізді сфералардың ілесе дамуына мүмкіндік туғызып отыр. Қазақстан Республикасы туризм саласын дамытуға қажетті жоғары потенциалға ие. Олар әртүрлі географиялық ландшафттар, ерекше флора және фауна, ұлттық және мемлекетте өмір сүретін басқа да ұлттар мен этностардың мәдени ерекшеліктері және т.б. факторлар мемлекетте туризм нарығының дамуына негіз бола алады. Еліміздің туризм саласының одан әрі ілгері дамуына ұсынып отырған жобамыз – Маңғыстау облысы бойынша танымдық керуен экскурсиялық туры.
Маңғыстау облысы – тарихи-мәдени ескерткіштердің шоғырланған жері. Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі батыс пен шығысты тұтастырушы қақпа. 2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау аймағынан өткен. Қазіргі таңда бұл жол туристердің қызығушылығын туғызуда. Әдемі табиғат көріністері мен Үстірт қорығының әр түрлі жануарлары, Маңғыстау жеріндегі көптеген ерекше тарихи және мәдени ескерткіштер, Каспий жағалауының көркем көріністері туристердің айрықша қызығушылығын туғызады.
Керуен экскурсиясы (туризмі). Керуен туризмі – түйенің үстіне міну арқылы танымдық мақсатпен ұйымдастырылатын тарихи-мәдени жерлерге, орындарға серуендеу болып табылатын туризм түрі. Оның жүзеге асуы керуен жолдарына ұқсайды, онымен іспеттес. Керуен жолдары – ежелгі дәуір мен орта ғасырларда Батыс Еуропа мен Шығыс елдерінің арасындағы сауда қатынастарының дамуына ықпал еткен аса ірі халықаралық қатынас жолдары. Қазақ жеріндегі Керуен жолдарының тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шеніндегі «далалық сақ жолдарынан» басталады. Геродоттың жазуы бойынша, бұл жол Қаратау маңынан Дон (Дөң) жағалауына дейін, одан Оңтүстік Оралдағы сарматтар жеріне бағытталып, Ертіс бойы мен Алтайға, Зайсан көліне дейін созылған. Кейбір деректерге қарағанда, ежелгі Керуен жолдарынана «Ұлы Жібек жолы» атауы кейін берілген. Бұл атау осы жолмен тасылған негізгі тауар – жібекпен тығыз байланысты [1].
Керуен туризмі дүниежүзінің бірқатар елдерінде ХІХ-ХХ ғасырлардан бастап пайда бола бастады. Қазіргі таңда бұл туризм түрі мынадай елдерге тән: Египет, Марокко, Тунис, Үндістан, БАӘ, Өзбекстан. Бұл елдердегі керуен туризмі «түйе үстіндегі сафари (сафари на верблюдах)» атымен белгілі. Әр ел керуен туризмін дамытуға болатын аймақтар бойынша туристерге түйе-сафари танымдық экскурсиялық турларын ұсынады. Солардың бірқатарына сипаттама берсек:
Мароккода керуен туризмі ХІХ ғасырларда дами бастады. Оның себебі: Сахара шөліне туристер тарапынан түйе үстіндегі экскурсиялар сұраныс тудырды. Мұндай экскурсиялық турлардың мерзімі ақпан және наурыз айлары. Ең негізгі орталығы – Агадир қаласы.
...