Құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлері
Автор: aliyaabil • Сентябрь 29, 2021 • Лекция • 1,479 Слов (6 Страниц) • 525 Просмотры
[pic 1]
ОҚО, Түркістан қаласы, №21 колледждің арнайы пән оқытушысы Ниязбеков Айтжан Козыбаевич
Тақырыбы: Құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлерін
түсіндіру.
Білімділік: Оқушыларды білімділік, біліктілік дәрежесін көтеру. Құрылыс жұмыстары туралы мәлімет беру, тақырыпты меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойын еркін жеткізуі мен пікірін айту дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, адалдыққа және бірін-бірі бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі: көрсетіп-түсіндіру, мәселелі, фронтальді сұрау, тест бақылау және т.б.
Пәнаралық байланыс: Тас қалау, монтаждау, сылау техникасы, майлау техникасы.
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын және сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында интерактивті тақтада мамандыққа байланысты өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар шешіледі.
- Әкеден мал қалғанша, тал қалсын.
- Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ.
- Бір тал кессең он тал ек.
- Қарағайдың түбінен үйіріп алған қобызым,
Үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым.
- Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар (киіз үй).
- Тұр еді сапта топ кісі, жоқ қылды тиген соққысы (балға.)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасының сұрақтары интерактивті тақтада беріледі.
- Іргетас дегеніміз не?
Іргетас - ғимараттың төменгі жерасты бөлігі, ол ғимараттан түскен салмақты үйдің табан негізгі – топыраққа береді.
[pic 2] [pic 3]
- Қабырғалар дегеніміз не?
Қабырғалар – үй жайларды сыртқа ортадан бөліп тұрады.
[pic 4] [pic 5]
- Жаппалар дегеніміз не?
Жаппалар - қорғау және салмақ көтеру қызметін атқарады.
[pic 6]
4. Шатыр дегеніміз не?
Шатыр – атмосфералық жауын-шашыннан қорғап, оны ғимараттан әрі қарай ағызу қызметін атқаратын, ғимараттың салмақ түсетін және қоршалмалы бөлігі.
[pic 7]
- Есіктерді қандай мақсатта қолданады?
Есіктер – үй-жайларды бір-бірімен жалғастыру үшін және көшеге шығу мақсатында қолданады.
[pic 8]
- Терезенің қызметі қандай?
Терезелер – үй-жайды табиғи жарықтандыру мен желдетуге арналады.
[pic 9]
- Баспалдақтар не үшін қажет?
Баспалдақтар – қабатаралық қатынас қызметін атқарады.
[pic 10]
ІІІ. Сергіту сәті.
IV. Үй тапсырмасы тест арқылы пысықталады.
Тест сұрақтары
1. Тұрғындарға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар қалай аталады? | |
а) | Қоғамдық ғимараттар |
в) | Тұрғындық ғимараттар |
с) | өндірістік ғимараттар |
2. Адамдардың тұруына, өндірістік немесе басқа да қызметтерге арналған құрылыстар қалай аталады? | |
а) | Кәсіпорын |
в) | Фабрика |
с) | Ғимарат |
3. Шатырдың салмақ түсетін бөлігі. | |
а) | Қабырғалар |
в) | Итарқа, арқалық, ағаш құрылыстары |
с) | Жаппалар |
4. Ғимараттың ауыр салмағын өзіне қабылдайтын ғимараттың төменгі бөлігі қалай аталады? | |
а) | Топырақ |
в) | Іргетас |
с) | Қабырға |
5. Ғимараттың беріктік дәрежесі неше класқа бөлінеді? | |
а) | 3 класқа |
в) | 5 класқа |
с) | 4 класқа |
6. Терезенің қызметі қандай? | |
а) | Желден, шаңнан қорғау үшін. |
в) | Суықтан, ыстықтан қорғау үшін. |
с) | Табиғи жарықтандыру, желдету үшін. |
7. Ғимараттың отқа төзімділігі дәрежесі қарай | |
а) | Жанбайтын, жануы қиын, жанғыш |
в) | Бықситын, ұшқындайтын, өртенетін. |
с) | Тез тұтанатын, жанатын, көмірленетін. |
8. Қабырғалар дегеніміз не? | |
а) | Ғимартты аяздан, ыстықтан қорғайды. |
в) | Үй-жайларды сыртқы ортадан бөліп тұрады. |
с) | Қардан, желден қорғайды. |
9. Биіктігі қандай ғимараттар көп қабатты ғимараттарға жатады? | |
а) | 3 қабаттан жоғары |
в) | 4 қабаттан бастап одан жоғары |
с) | 9 қабаттан жоғары |
10. Ғимараттың шатыр кеңістігіне орналасқан үй-жай қалай аталады? | |
а) | Мансард |
в) | Чердак |
с) | Техникалық қабат. |
...