Бетон құрылыс өнімі және оның түрлері
Автор: sagi • Май 21, 2019 • Курсовая работа • 16,499 Слов (66 Страниц) • 921 Просмотры
КІРІСПЕ
Бүкіләлемдік халықаралық сауда ұйымына біздің еліміздің енуі көптеген өкілдерде, өндірісте жаңаша басқару жүйесіне көшу қажеттілігін тудырды, ол өнім сапасын жоғарылатуға, аз шығынмен өндіруді және бәсекеге төтеп беретін деңгейге жетуге және Қазақстан нарығының талабын қанағаттандыруды қарастырады. Сол үшін әрбір қызмет көрсету сапасы мен өнімнің сапасы анағұрлым жақсырақ болуы үшін, өнім сапасына деген сұраныс күн сайын артуда. Құрылыс материалдары бұл жерде шетте қалмады. Біздің елімізде құрылыс нысандары көп салынып жатқандықтан, бізге шет елдің құрылыс материалдарын сатып алғаннан қарағанда, өзіміздің отандық өнімдерді, құрылыс материалдарын пайдаланған өте қолайлы, тиімді әрі арзан болады. Сол үшін өнімдер мен құрылыс материалдары пайдалагуға жіберілмей тұрып оларды тексеру және сертификаттан өткізу қажет.
Құрылыс нысандарын тұрғызарда алдымен қажетті өнім мен құрылыс материалдарын қамтамасыз ете алатын кәсіпорынмен келісімшарт жасау қажет. Құрылыстың барысында, ғимараттрды жөндеу және эксплуатация барысында және құрылыс бөлшектерінің конструкциясы мен көрсетілуі көптеген техникалық, физикалық және физико-техникалық әсерлерге тап болады. Сондықтан, ғимараттың әрбір материалы сапалы болуы міндетті болып табылады. Құрылыс материалының сапалылығы оның сенімділігі, беріктігі, және ұзақ мерзімділігімен сипатталады. Құрылыс өнімдерінің сапасын талдайтын әрбір сертификаттау ұйымы өнімдердің сапасын тексеруге өте үлкен мән береді. Осы мақсатта мен өзімнің дипломдық жұмысымда «ҰлтССО» АҚ Алматы филиалы жағдайында өнім сапасын талдау, оның ішінде «Бетон» өнәмінің сапасын талдауға үлкен мән берілген.
Бетон материалы құрылыс кезінде өте маңызды материал болғандықтан және құрылыс барысында қте маңызды материал болып табылғандықтан мен осы дипломдық жұмысымда бетон материалына көп тоқталып оның сапасы мен сұранысына көп мән бердім. Бетон-жасанды тас құрылыс материалы болып табылады. Бетон құрылыс барысында барысында өте маңызды материал болғандақтан оның сапасын түбегейлі зерттеп, сапасын толық талдау өте маңызды болып табылады. Бетонның сапасына қойылатын шарт ғимараттың констукциясы мен құрылыс ғимаратының жұмыс жағдайына байланысты әртүрлі қойылады. Олардың сипаттау көрсеткіштері келесідей болып келеді: : орташа тығыздығы, беріктігі, әртүрлі әсерлерге тұрақтылығы, теплофизикалық, пластикалық майысуы, декоративтік, қорғаныстық, және басқа да бетонның қасиеттері.
1 БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТ
1.1Бетон құрылыс өнімі және оның түрлері
Адамдардың дүниетанымына сәулет нысандарының әсері ғимараттар мен құрылыстарды әрлеуде пайдаланылатын суреттердің түріне, түсіне және өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Бұл қасиеттер ғимараттар мен құрылыстардың әдемілігіне, көрнекілігіне және басқа да элементтеріне айтарлықтай әсер етеді.
Өнеркәсіптің дамуымен жаңа, мақсаты бойынша мамандандырылған құрылыс материалдары пайда болды: шатыр үшін — табақ темір, рулонды материалдар және асбестцемент; көтергіш конструкциялар үшін — болат илек және беріктігі жоғары бетон; жылу оқшаулау үшін — фибролит, минералды мақта және т. б.
XX ғасырда пайда болған синтетикалық полимерлер құрылысқа тиімділігі жоғары Полимерлік материалдарды (пластмасса) енгізуге түрткі болды. Қазіргі заманғы құрылыста полимерлі әрлеу материалдары, еденге арналған материалдар (линолеум, плитка), герметиктер, пенопласттар және т. б. кеңінен қолданылады.
Материалдарды тағайындау бойынша келесі топтарға бөледі:
* жүктемені қабылдайтын және беретін конструкциялық;
• жылу оқшаулағыш, олардың негізгі мақсаты-жылуды қоршау конструкциялары арқылы ең төменгі деңгейге дейін тасымалдауды қамтамасыз ету және осылайша ең төменгі энергия шығындары кезінде үй-жайдың қажетті жылу режимін қамтамасыз ету;
...