Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Байланыстырғыш заттарды алудың технологиялық процесстері

Автор:   •  Октябрь 30, 2018  •  Курсовая работа  •  5,538 Слов (23 Страниц)  •  165 Просмотры

Страница 1 из 23

Жоспар

Кіріспе

  1. Байланыстырғыш заттарды алудың технологиялық процесстері
  2. Жалпы сипаттамасы
  3. Битумның түрлері және жалпы құрамы,құрылымы
  4. Битум және оның қасиеттері
  5. Битумды – қара майлы байланыстырғыш заттар
  6. Битумдардың химиялық құрамы
  7. Құрылыс битумдарының сипаттамасы
  8. Битум материалдарының пайдалану қасиеттері

 

 9.  Қазақстанда битум өндіретін зауыттар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Байланыстырғыш материалдар-құрылыс жұмысына бетон және ерітінді дайындау,құрылыс конструкцияларының жеке элементтерін бекіту т.б.үшін қолданылатын минералдық немесе ағзалық заттар.Оларды түрлі тұрғын және өнеркәсіптік үйлердің бөлшектерін зауыттық жағдайда жасап шығаруға қолданумен қатар,біртұтас құрылымдар салуға қолданылады.Оның сыртында бұл байланыстырғыштар неше түрлі тас және темірбетон конструкцияларын бір-біріне жалғастыра жинау үшін дн қолдануға қажет тиімді заттар. 
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар деп сумен әрекеттескенде жақсы иленетін және бірте- бірте қатайып,тасқа айналатынминералдардан және тау жыныстарынан күйдіру арқылы алынатын ұнтақтарды айтады.Сондықтан оларды бейорганикалық немесе минералды байланыстырғыш заттар деп атайды. 
Органикалық емес байланыстырушы заттар жасанды ұнтақталынған дисперсті ұлпа түрінде алынады.Ол сумен,қажет болған жағдайда,кейбір тұздарды ерітінділерімен араластырғанда,жұмсақты-қою және жеңіл қалыпталынатын қамыр тәрізді масса бере алады.Онысы физика- химиялық процестер нәтижесінде біртіндеп қатаяды да тас сипатты денеге айналады.Көпшілік жағдайларда байланыстырушыны үнемдеуге мүмкіндік тудырып,жасанды тас қасиеттерін жақсартуға ықпалын тигізеді. 
Минералдық байланыстырушы заттар белгілі бір ортада қатаю қабілеттілігіне байланысты ауалық және гидравликалық болып бөлінеді. 
Ауалық байланыстырушылар – құрылыстық әк,гипстік және магнезиалдық байланыстырушылар,ерітілетін шыны.Бұлар тек ауалық ортада қатаяды және беріктігін ұзақ сақтай алады. 
Тек суда ғана емес,тіпті сулық ортада одан да жақсы қатаюға және мықтылығын ұзақ уақыт сақтауға немесе жоғарылауға қабілетті байланыстырушы заттарды сулана қатаюшы байланыстырушылар немесе гидравликалық байланыстырушылар (глиноземдік және ұлғаюшы цементтер,гипсоцемент,пуццоландық және кейбір жергілікті байланыстырушы)заттар деп атайды. 
Автоклавта қатаятын байланыстырушы заттар(әкті-кремнеземдік,әкті-нефелиндік,кленкерсіз шлактық және күлдік байланыстырушы немесе гидравликалық байланыстырушыларға жатады.Мұндай байланыстырушылар тек қыздырылған қаныққан температурасы 175С немесе одан да жоғары,қысымдығы 0,9-1,6 МПа булық ортада тиімді қатая алады. 
• Қышқылға төзімді өзінше жеке байланыстырушы тобына қышқыл тұрақты цемент кіреді.Байланыстырушылар беріктігі уақыт ішінде өзгереді. 
Сондықтан байланыстырушы материалдарды,стандартта бекітілген жағдайда қатайғанда,белгілі бір уақытта олардың қабылдаған беріктіктері бойынша бағалайды.Осы көрсеткішін байланыстырушының маркасы ретінде қабылдайды. 
Байланыстырушы заттардың қатаю процесінде шартты түрде екі кезеңді ажыратады-ұстасу және қатаюдың өзі.Жұмсақ байланыстырушы қамыр қоюлана және жұмсақтығын жоғалта бастау тұсы оның ұстасуының басталуына сәйкес келеді.Одан әрі байланыстырушы қамыр тығыздығын ұлғайта бере толық қоюланады,сөйтіп барып,біртіндеп,әзірше айтарлықтай беріктігі жоқ,қатты тас тәрізді денеге айналады.Осы ке ұстасу кезеңінің соңы ретінде есептелінеді.Қайсыбір байланыстырушылар бірнеше минут ішінде ұстасып үлгереді,ал қатаю процесі бірнеше сағат бойы жүреді. 
Байланыстырушы материалдардың елімізде таралуына және де өндіріс саласына көп көңіл бөлінуде.Мысалы,мекеніміз Батыс Қазақстан облысы аумағында Чернозатон,Түксай,Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды.Тас тұзы,калий және бор қабатындағы тұздар,гипс,әк жыныстары,бор және басқа қазба байлықтар ашылды.Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты,керамзит,әк,құрылыстық құм ,құм- қиыршық қоспалары,құрылыс тастары,оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар.Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған.Ақтау(«Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады.Әк өндіруге жарамды бор облыстың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі аудандарда таралған:пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау(«Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген;бұлардың жиынтық қоры 16081 мың метр куб.Жылдық қуаты 1300 мың т. цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1106482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры  21619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін.Қыш шикізаты Федровка с-ның жанынан ашылды,қоры 2042 мың метр куб. 
Отанымызда құрылыс материалдарының өндірісі –өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің 8,6 -ын қамтамасыз етіп отырған Қазақстан экономикасының тұрақты өсіп келе жатқан маңызды саласы.Осы секторың басымдылығы,бір жағынан, құрылыс индустриясының ішкі сұранысымен,отандық өнімді дамытумен және макроөңір елдерінің нарықтарында өткіумен, екінші жағынан-меншікті шикізат базасының болуымен және қазақстандық кәсіпорындардың әлеуетімен айқындалады.Қазақстанда жұмыс істеп жүрген,Global 2000 тізіміне енетін ірі компаниялар:Каспий Цемент,Байказ Бетон,Бектас Group),швейцариялық Sika (бетонға арналған қоспалар,цемент қоспалары,өнеркәсіптк едендерге арналған материалдар,бетон мен болат үшін қорғаныш материалдар,герметиктер мен және басқалары),Шеврон компаниясы (Шеврон Мұнайгаз Инк,Атырау полиэтилен құбырлары зауыты,Атырау құбыржолы арматурасы зауыты).Global 2000 тізіміне енбейтін жаһандық ірі компаниялар қатарынан Қазақстанда гипстен құрылыс материалдарын шығаратын германиялық knauf компаниясы,сондай-ақ,француздық Vicat Group цемент компаниясы жұмыс істейді.

...

Скачать:   txt (90.1 Kb)   pdf (616.2 Kb)   docx (789 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club