Минералды байланыстырғыш негізінде жасалатын жылу оқшаулағыш материалдар
Автор: BSaparbaev • Февраль 4, 2019 • Лекция • 2,259 Слов (10 Страниц) • 1,073 Просмотры
МИНЕРАЛДЫ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
Минералды байланыстырғыш негізінде жасалатын жылу оқшаулағыш материалдар ұялы бетондар және жеңіл саңылаулы бетондар майда дисперсті толтырғыштармен атмосфера қысымы кезінде ылғалды жылумен өңдеу кезінде немесе қалыпты ылғалды жағдайында қатаятын материалдарды айтады. Ұялы бетон – жасанды тас материал деп аталады. Ол саңылау түзілетін байланыстырғыш пен капиллярлы микро саңылаулы сулы жылумен синтездеу арқылы алынады. Ұялы бетондар төмендегідей бөлінеді: маңыздылығы бойынша – орташа тығыздықтағы жылу оқшаулағыш 500кг/м3, және төмен; құрылымдық – жылу оқшаулағыш 500-900кг/м3; құрылымдық – 900-1200кг/м3; саңылау түрлері бойынша – газды, көбікті, көбікті-газды; байланыстырғыштары бойынша – цементті (газдыбетон, көбіктібетон), әкті (газдысиликат, көбіктісиликат), цемент - әкті байланыстырғышы аралас, гипсті;
қатаю сипаты бойынша – табиғи қатаюы, атмосфералық қысымда қатаю (бумен қайнату камерасында, электрлі қыздырғышы бар арнаулы қалыпта), жоғары қысымда (автоклавта). Ұялы бетонның беріктігін сығылу кезіндегі беріктігімен анықтайды.
Шикі зат ретінде – минералды байланыстырғыштар маркасы 400 және 500 болатын портландцемент, толтырғыштарына ұнтақталған құм, ЖЭС күлдері, керамзит және т.б. қолданылады. Негізгі шикізаттардан басқа бетон қоспасына әртүрлі қоспалар қосылады, олар цементтің қатаюын жылдамдатып, саңылаулар тудырады. Саңылау тудыратын қоспалары канифол желімі, смолалар. Ал газды бетондарға көбінесе алюмини пудрасы қосылады. Ұялыбетон иілімді қамырдан алдын ала дайындалған саңылау және газ түзілетін қоспаларды араластыру нәтижесінде массаның саңылаулары көбіктену нәтижесінде алынады. Осы масса сонан соң ұстасып және қатаяды. 1-суреттегі ұялы бетон өндірісінің технологиясында көрсетілгендей құм мен күлдің бункеріндегі материалдар сол бункердің астындағы өлшеуіште (дозатор) өлшеніп таспалы тасымалдағыштың көмегімен шарлы диірменде уатылып жинақтау бункеріне барады. Жинақтау бункерінде уатылып араластырылған құм мен күлдің араласпалары портландцемент, алюмини суцпензиясы және кальциленген сода ерітіндісі, сумен қосылып ерітінділерді қалақты араластырғышта біртекті массаға айналып құю қалыбында қалыпталады.
Бұйымды құю дірілдеткіш үстелде 5-7 минут жүргізіледі. Дайын болған өнімді кранның көмегімен жылумен өңдеу камерасына жеткізіледі. Мұнда өнім 2+8+3 сағат ыстық 90-950С бумен қыздырылады, пісіріледі және салқындатылады. Камерадан өнім беріктігінің 80% пайызын алып шығады. Бұйымды құю кезінде ескеретін жағдай, ол өнім саңылаулардың көмегімен өлшемін ұлғайтатындықтан, құю қалыбының ортасына дейін дайын болған қоспа құйылады. Ол біршама уақыттан соң бұйымның стандарттағы өлшеміне ішкі саңылауларының ісінуі арқылы келтіріледі.
[pic 1]
...