Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпкерліктің мәні, қағидалары, функциялары, кезеңдік теориялық концепциялары

Автор:   •  Январь 30, 2021  •  Реферат  •  1,529 Слов (7 Страниц)  •  495 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

[pic 1]

Реферат

Тақырып:  Кәсіпкерліктің мәні, қағидалары, функциялары, кезеңдік теориялық концепциялары

                                                                       Орындаған: Байдулла Аружан

                                                                     Тексерген: Кулиев Илияс Унгарович

Алматы, 2020ж

Жоспар

1.Кіріспе

2.Кәсіпкерліктің мәні мазмұны, қағидалары

3.Функциялары

4.Кезеңдік теориялық концепциялары

5. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Бұл тапсырманы орындау барысында мен көптеген әдебиеттермен таныстым. Біздің экономикалық-нарықтық заманымызда, кәсіпкерлік-эканомиканың дамуына халықтың тұрмысының өрлеуіне әкелетін ең басты жол екендігіне көзім жетті.

Қазақстан Республикасының нарықтық эканомикаға өтуіне байланысты барлық эканомика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер табы өмірге келе бастады.  Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болсын пайда табу мақсатында қызмет етеді.

Кәсіпкерлік қызмет қандай да болмасын экономикалық жүйенің негізі болып табылады. Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметін жетілдірудің ең басты жолы-меншіктік мемлекет игілігіне алу мен жекешелендіру.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің өмірімізді гүлдендіреді және оны қолайлы жасайды.  

  1. Кәсіпкерліктің мәні мазмұны, қағидалары

   Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуына ерекше назар аударды. Өйткені ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен жоспарлы экономикадан нарықтық Экономикға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болды. Осыған байланысты елімізде меншіктің әр түрлі нысандарының қалыптасуы және соның негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне жол беру кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының бастапқы алғышарты болып табылады.

   Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген факторларының ішінде кәсіпкерлік қызмет және оның субъектілері, яғни кәсіпкерлер маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу, оның негізгі белгілерін анықтауға экономика ғылымы үш ғасырдан астам уақыттан бері өзіндік үлес қосып келеді. Алайда, үздіксіз жүргізілген зерттеулер негізінде «кәсіпкерлік» түсінігі жаңа элементтермен толыға түсті. Ол өз кезегінде кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді. Бірақ ол қоғам мен экономиканың дамуына сәйкес жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.  

   Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы орта ғасырлардан бастау алса, кәсіпкер түсінігін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Контильон XVII ғ.-XVIII ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше, кәсіпкер - ол тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам. Кейінірек атақты француз экономисі Ж.Б. Сэй (1767-1832) кәсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс факторыныц, яғни жер, капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді. Ал ағылшынның экономист-ғалымы А. Смиттің (1723 -1790) пікірінше, кәсіпкер - капиталдың меншік иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық идеяларды жүзеге асыру және пайда табу үшін тәуекелге баруы.

...

Скачать:   txt (20.6 Kb)   pdf (152 Kb)   docx (959.8 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club