Мемлекеттің мәні және функциялары
Автор: biberke • Ноябрь 14, 2021 • Лекция • 1,115 Слов (5 Страниц) • 821 Просмотры
Мемлекеттің мәні және функциялары:
Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберіндегі нақты таптық, жалпы адамзатттық, діни, ұлттық және өзге де мүдделерді жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси билік ұғымы.
[pic 1]
Мемлекеттің мәні: Түрлі тәсілдер
Мемлекеттің мәні – мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі. Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды. Кез – келген мемлекет қарама – қарсы болып келетін 2 мән – таптық және жалпы әлеуметтік мән болып бөлінеді.
Мемлекеттің мәнін қарастыру кезінде екі жағдайды ескерген жөн:
1) кез келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екенін (формальды жағы);
2) бұл ұйымның кiмнiң мүдделері үшін қызмет ететінін (мазмұндық жағы).
Мемлекеттің мәніне қатысты негізгі тәсілдерге қоса діни, ұлттық, нәсілдік және басқа да тәсілдерді атап өтуге болады. Бұл тәсілдер тұрғысынан нақты мемлекеттің саясатындағы діни, ұлттық және нәсілдік мүдделер басыңқы рөлді иеленеді.
Мемлекеттің функциялары: түсінігі және түрлері
Мемлекет функциялары – мемлекеттің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді шешуге бағытталған қызметінің негізгі бағыттары. Функциялардан әрбір мемлекеттің мәні, оның табиғаты мен әлеуметтік мақсаты көрінеді.
Мемлекет функциялары – қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана емес тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары.
Мемлекет функцияларының елеулі белгілеріне мыналар жатады:
1) қоғам өмірінің аса маңызды салаларында мемлекеттің тұрақты мемлекеттің мәндік сипаттамасы мен оның әлеуметтік қалыптасқан пәндік қызметі;
2) мақсатының арасындағы тікелей байланыс, ол мемлекеттік қызметі арқылы жүзеге асырылады;
3) мемлекеттік қызметтің қоғам дамуының әрбір тарихи кезеңінде орын алатын ірі міндеттер мен мақсаттарды орындауға бағытталуы,
Бағыты бойынша: Ішкі ( экономиканы ұйымдастыру, басқару, реттеу функциясы, әлеуметтік функция, экологиялық функция, мемлекеттің ғылымды, білім беруді, мәдениетті басқарып, дамытып отыратын функциясы жатады) Сыртқы ( өзін – өзі қорғау функциясы, басқа елдермен қатынас жасау функциясы, бейбітшілік функциясы жатады)
[pic 2]
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары- мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға жағдай жасайтын мемлекеттік органдарының біртектес қызметі.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың құқықтық (заң , нормативтік құқықтық актілер, құқық қолдану қызметі, құқық қорғау қызметі) және ұйымдастырушылық ( экономиканы ұйымдастыру, білім беруді ұйымдастыру , әскери ұйымдастыру)нысандары жатады.
Мемлекеттің типтері және нысандары
Типтер – әр типке тән жалпы белгілерге ие қандай да бір объектілердің үлкен топтары. Мемлекет типологиясы негізінен екі негіз бойынша жүргізіледі : формациялық және өркениеттік.
Мемлекет нысаны - басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын және саяси режимді қамтитын саяси өмірді ұйымдастыру тәсілі. Мемлекет нысаны – оның құрылымдық, аумақтық және саяси құрылысының мәндік жиынтығы.
[pic 3]
Мемлекеттің басқару нысаны
Мемлекет басқару нысаны – жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын, оның органдарын құру тәртібін және органдарының халықпен өзара қарым-қатынастарын сипаттайтын мемлекет нысанының элементі.
[pic 4]
Монархия – мемлекеттің егеменді жоғары билігі бар адамның қолында өмір бойы болады және атадан балаға мұра ретінде беріледі. Монарх ешкімнің алдында жауапты болмайды. Монархия : абсолюттік монархия (Катар, Бахрейн , Біріккен Араб Әмірлігі), конституциялық монархия (Ұлыбритания, Бельгия, Норвегия, Швеция) , дуалистік ( Пруссия,Италия, Австрия, Румыния)
...