100 орынға арналған асхана жобалау
Автор: OserovaSalima • Апрель 4, 2019 • Курсовая работа • 4,767 Слов (20 Страниц) • 1,309 Просмотры
КІРІСПЕ
Қазіргі заман ағысына ілесу — уақыт талабы. Сол орайда еліміздің əр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Ол қоғамдық тамақтандыру бизнесін де айналып өтпек емес. Əлемнің барлық елдерінде үйге қыдыра келген бейтаныс немесе туыс кісілерге ерекше назар аударылып, аса зор құрмет көрсетіледі, сондықтан қоғамдық тамақтандыру саласын үнемі жетілдіріп отыру қазіргі таңда өзекті мəселеге айналып отыр.
Аспаздық тағам даярлау өнері көптеген мыңжылдықтар бұрын отта алғаш рет ет кесектері қыздырылған кезде туындады.Содан бері азпаздық өнері жетіліп келеді. Адамзат барлық уақытта өзінің тағамдарын өзгертіп отырған және тамақ дайындаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып отырған.Біздің эрамыздың төртінші-үшінші мыңжылдықтарында нанның елуден астам түрі, ет, балық тағамдары ал олардың дәмін келтіру үшін көптеген дәмдеуіштер, өсімдіктерді пайдаланған.Тағам дайындау шеберлерінің қасиеттері өте жоғары бағаланған.Әрбір халықтың гастраномиялық тағамдары көптеген жылдар бойы қалыптасқан,тек өнімдерді өңдеу тәсілдері өзгеріп,жаңа тағам түрлері жасалынып отырған.Уақыт өткен сайын әр халықтың өз тағамдары қалыптаса бастаған.Бірақ халықтар миграциясына байланысты ұлттық тағам түрлері көптеген өзгерістерге ұшырап отырған.Мысылы,орыс асханасында Франция ас шеберлерінің әсері мол.Біздің республикамызда кеңінен тараған көптеген тамақтардың атауы да (рулет, котлет, фрикаделькалар,антрекот,майонез, соус, омлет, рагу) Ресей арқылы Франциядан келген.
Тағам дайындау құпиялары атадан балаға беріліп отырған.Жоба пайда болуымен аспаздар қай тағамды қандай өнімдерден жасауды, қанша өнім қажеттілігн жазып отырды.Осылайша алғашқы аспаздық кітаптар пайда болды.Аспаздар көптеген тағамдар даярлау өнерінң дамуына өз үлестерін қоса алады.
Қазіргі кезде тағамтану облысында көптеген ғалымдар қызмет атқарады.Олардың ішінде медицина қызметкерлері,физиологтар, экономистер, диетологтар,ас шеберлері бар.Әрбір тағамның калориялығы, оның құрамындағы белок,крахмал,май,витаминдері есепке алынған.
Барлық халықтармен бірге қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген.Ел жұрт жадында мәңгі жатталып қалған, «Ас адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтықсыз түсінігі болып қалыптасқан.Халқымыз адам өміріне тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұны «Астан үлкен емессің», «Арпа бидай ас екен, алтын,күміс тас екен» деген халық мәтелінен аңғаруға болады.Және тамақтану орындары көбіне мәдени орталықтарда,жанданған көшелерде орналасады.
Сүт кафесі - сүт қышқылды бұйымдарды сатуда мамандандырылады, сүт коктейльдері, балмұздақтар сондай-ақ илеспелі тауарлар, нан, бөлке және ұнды ыстық бұйымдар, жеміс-жидектер таратылады.Мәзірге сүт конселері,жарма мен бұршақтан, жұмыртқадан, сүзбеден жасалған бұйымдар кіреді.Өзіне-өзі қызмет көрсету қолданылады.
Жастар - кафесі әдетте жұмыс істеп тұрған асханалар мен кафелер негізінде ұйымдастырылады.Мұнда мәдени ағартушылық және тәрбиелік сипаттағы әртүрлі шаралар өткізіледі, оларға: өндіріс жаңашылдарымен, әртістермен кездесулер, дискуттар, үйлену тойлары, т.б. жатады.Кафеде жайлы жағдай құрылып,эстрада құрылады, билеуге арналған орын қарастырылады.Мәзірге ыстық және салқын екінші тағамдар,ыстық және нан,бөлке бұйымдары кіреді. Шампан,құрғақ және дисертті шарап сатылуы мүмкін.Өзіне-өзі қызмет көрсету қолданылады.
Балалар кафесі - балалары бар тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған. Мәзірге ыстық және салқын сусындар, ыстық бұйымдар,салқын тағамдар мен басытқылар,конселер екінші ыстық тағамдар,сүт және сүт қышқылды өнімдер кіреді.Мәзірге енгізілген тағамның салыну мөлшері мен шығыны төмендетілген.Бұйымдарды көбінесе ертегінің сүйікті кейіпкерінің атымен
...