Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

“Қазақ жазуының тарихы» курсының мақсаты мен міндеті

Автор:   •  Сентябрь 17, 2022  •  Лекция  •  1,712 Слов (7 Страниц)  •  439 Просмотры

Страница 1 из 7

Модуль 1. Әріп жазуы, оның пайда болуы мен тармақтары туралы

№1-лекция Кіріспе. “Қазақ жазуының тарихы» курсының мақсаты мен міндеті.

Жазу – таңбалар жиынтығы.

Лекция   жоспары:  

1 Кіріспе. “Қазақ жазуының тарихы» курсының мақсаты мен міндеті.

2.Жазу және жазба тіл.

3. Жазу және сөйлеу

Лекция мақсаты: “Қазақ   жазуының тарихы” курсының мақсаты мен міндеті, жазу және жазба тіл мен жазу түрлері:   пиктографиялық жазу мен пиктограммалар, идеографиялық жазу мен идеограммалар, буын жазуы, әріп жазуы, оның  пайда болуы мен тармақтары туралы түсінік қалыптастыру.

Лекция мазмұны:

"Қазақ жазуының тарихы"  пәнінің алдына қойған мақсаты – түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының жазу тарихын меңгерту.

Қазақ жазуының тарихын түрік халықтарының төл жазуы – Орхон-Енисей ескерткіштерінің графикасынан бастап, күні бүгінгі қолданылып жүрген орыс графикасына дейінгі аралықты ғылыми жүйелілікпен нақты тілдік деректсрге сүйене отырып, студенттерге жазу, жазба, жазба тіл, қазақ жазуының тарихы жөнінде білім беру. Осы мақсаттан мына төмендегідей міндеттер туындайды:

  1. Графикалык жүйелілігі бай, жетілген жазу - Орхон - Енисей жазуын меңгерту, өйткені осы жазу түркі халықтарының төл жазуы, төл мәдениеті екендігін түсіндіру;
  2. Орта ғасыр ескерткіштерін оқып, үйренудегі көне ұйғыр жазуының маңызын ашу,   осы   жазумен   жазылған   көне  түркі  ескерткіштері  мен орта ғасыр ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктерін зерттеу;

3)        Араб жазуындағы ортағасыр ескерткіштері,  араб алфавиті мен қазақ графикасы, орфографиясының алдына қойған міндеттерін ашу;

  1.  Қазақ жазуы тарихынан латын графикасының алар орнын көрсету;
  2.  Орыс (Кирилл жазуының тарихы, сол жазудың қазақ жазуына айналуының жолдарын түсіндіру;)

6) Қазіргі графика және орфографияның, негізгі принциптерін меңгерту.

Біздің пәніміздің негізгі мақсаты – қазақ тілінің жазу тарихын кезеңдермен өту..

Қазақ тілін түркі халықтарының бірі есебінде алып, жазу тарихының төркінін Орхон-Енисей руникалық жазу ескерткіштеріне алып барамыз. Халық ретінде пайдаланған жазудың түрлері мыналар: көне түркі жазулары: Орхон-Енисей, араб жазулары, латын, Кирилл жазулары.

Жоғарыдағы дыбыстық жазудың ең көне түрі-финикий жазуы. Финикий жазуы негізінде шығыста арамей жазуы, батыста грек жазуы тарады. Арамей жазуынан Азиядағы барлық алфавит, көне түркі, көне ұйғыр, моңғол жазулары шықты. Грек жазуынан Европа халықтарының алфавиті жасалды. Қазіргі кезде ең кең тараған жазу қытай иероглифі, унді жазулары, араб, орыс, латын алфавиттері. Халықтың өсу, даму тарихына, мәдениетіне байланысты оның жазуы да өзгеріп, жетіліп отырады. Мысалы, қазақ тілі араб (І929ж) дейін, латын (1929-1940жж) жазуларын пайдаланып келіп, кейін орыс графикасын (1940 жылдан бастап) қабылдады, Қай замандағы қай жазуды алсақ та, сол халықтың  зор мәдени табысы болып табылады.

Тіл ғылымында жазба, жазба тіл, жазу сияқты тілдік ұғымдар бар. Мұның бәрі бір ұғым емес.

Жазба - белгілі бір халықтын калыптасқан графикасы мен орфографиясын, адамдардың жазу арқылы қарым-қатынасын, ой-білімді қағазға түсіруді қамтамасыз ететін шартты белгілер мен графикалық таңбалардың жүйесі. Қазақтың қазіргі жазуы 1940 жылдан бері халықтың тұтынуында, халықтың жазу мәдениетінің өркендеуіне өзіндік үлесі мол,

Жазба тіл - жазу негізінде калыптасқан, өзіндік дәстурі бар тіл. Алғашқы жазба тіл ауызекі тілді дәл беруді, дәл жазып алуды мақсат етеді. Осы мақсаттан келіп түрақты дәстур калыптасады. Жазба тіл де, ауызекі тіл де тұтынудан шығып қалған дыбыс, сөз, тіркес, форма т.б. сақталады, Тұтыну қажеттігінен жазба тіл уақыт өткен сайын өзгеріске түсіп отырады. Әуелде аймақ диалектілік негізде туған бірнеше жазба тіл үлгілері болады. Олардың біреуі қатынас-кұралы ретінде жиі колданылып, әдеби үлгілерді мол пайдалана келе, бірте-бірте тұтас тілдік территорияға үстем бола бастайды. Бұл тенденция бір тілдік территорияны кішігірім ауданында туған өзге жазба тілді ығыстырып шығарады. Сөйтіп, бір тіл әр алуан диалектілік жікке бөлінген болса да, оларда жазба дәстүрі алғаш калыптасқан диалекті ортақ тұтыну күралына айналады. Айталык, көне түркі тайпаларында сөз басында с, ч, щ, ж, және й дыбыстық варианттарын қолданатын бірнеше диалект болғанына қарамай, Орхон-Енисей жазба тілі “й” вариантына ие дилалект негізінде жасалып, өзге тайпалар үшін ортақ үлгі болды. Мұндай ортақ жазба тіл қызметін орта ғасырда түрік тілдерінің оңтүстік тобының белгілерін молырақ сақтаған шағатай әдеби тілі, ХҮШ-ХІХ ғғ. біршама татар әдеби тілі атқарды. Ұлт қалыптасқанға дейінгі дәуірде кейде жазба тіл қызметін бөтен бір тілде атқарады, халық ішінде онын таралу аясы тар болады, орта ғасырлық Батыс Европада латын тілі халықаралық жазба тіл болса, қазақта араб тілі діни аядағы жазба тіл болды. Ұлт қалыптасқан соң бөтсн жазба тілді жалпыхалыктық тіл негізіндс жасалған жазба тіл ығыстырып шығарды, Төл жазба тілде бөтен тілдің не туыстас халықтарға ортақ тілдің кейбір реликтері – көнс қалдыктары (сөз, грамматикалық форма, жеке стильдік өрнек) сақталып қалады. Жазба тілдің әдебиет ғылыми шығарма, публицистики т.б, түрлері болады. Бүлардың әпқайсысының өзіне тән тіл ерекшеліктері, сөз колдану заңдылықтары бар. Жазбатіл кейде жазу тіл деп те айтылады.

...

Скачать:   txt (23.3 Kb)   pdf (119.5 Kb)   docx (15.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club