Ы.Алтынсарин әнгiмелерiндегi бала тәрбиесi
Автор: urhiya • Февраль 21, 2022 • Статья • 832 Слов (4 Страниц) • 221 Просмотры
Жолшибекова Урхия Турганбековна
Шахтинск қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы мектеғп-лицейдің мұғалім
Ы.АЛТЫНСАРИН ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте бастан мән беріп, ұрпағының бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан. Дүниеде ең маңыздысы – «артта қалған із» екендігін айтып, «ұрпағымен мың жасайтынын» жақсы білген. Өйткені, бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, ертегі, аңыздары, мақал-мәтелдері, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары барлығы да айналып келіп тәрбиеге тірелген. Халқымыз баланы тәрбиелеуде жан-жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп қалыптастыруды әуел бастан ескергендігіне көз жеткіземіз. Ал заманынан озық туған кемеңгер Абай ақын болса:
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі, − деп, өлеңмен өрнектеп, перзент сүю – адамзат тарихымен бірге жасасып келе жатқан ең керемет құбылыс әрі баға жетпес байлық екендігін паш еткен. Өйткені, бала − өмірдің сәні, отбасының шаттығы.
Есімі мен еңбегі баршаға мәлім, халқымыздың тұңғыш ағартушы, педагог - жазушы Ыбырай Алтынсарин де осы тақырыпты ең өзекті санап, тәрбиеге көп мән беріп, өз еңбектеріне арқау еткен. Ы.Алтынсарин еңбектеріндегі бала тәрбиесі жөнінде, осы аралықта қаншама заман өтсе де еш құндылығын жоғалтпаған, керісінше жас ұрпақтың дамуына керек рухани қажеттіліктерді беріп отыр. Шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Әңгімелерінің негізгі қайнары - халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтқан. Әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар деп қарастыруға болады. Атап айтсақ, Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» және «Таза бұлақ» деген оқу – әдістемелік еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға болып бағаланады және болашақ ұрпақтың ақыл-ойы мен жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық еңбек дағдылары мен қасиетін тәрбиелеудің негізі болып есептеледі. Жеке тұлғаны оқу мен өнерге, мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеуде Ы.Алтынсарин аса бағалы, бай қор - қазақ фольклорына ерекше назар аударған.Ұлы ағартушының істеген ісі мен шығармаларынан бала тұрғысынан қалыптастыру мен тәрбиелеуде қазақ отбасының тәлім аларлық ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергендігін көреміз.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін ?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін,- деген, ақын бұл өлең шумақтарынан отбасындағы ата – ана тәрбиесі мен баланы сүйіп, еркелететіндігін және ата – ана баланың алғашқы табиғи тәрбиешісі, балажандық қасиеті мен ерекше мейірімдігін көреміз. Ы. Алтынсарин еңбек үрдісінің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре біледі. Сондықтан оның
...