Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мобильді қосымшалар арқылы ағылшын тілін үйрену ерекшеліктері

Автор:   •  Февраль 1, 2024  •  Реферат  •  2,199 Слов (9 Страниц)  •  140 Просмотры

Страница 1 из 9

ҚР Кіші Ғылым Академиясының ұйымдастыру комитетіне

СҰРАНЫС

«Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп - гимназиясы» КММ

Бағыты: Гуманитарлық бағытта 

Секцияның аты:  Тіл білімі   

Жобаның тақырыбы: «Мобильді қосымшалар арқылы ағылшын тілін үйрену ерекшеліктері»

Жұмыстың авторларының тегі, аты (толық) сыныбы, мектебі:

«Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп - гимназиясы» КММ-нің  

7 «Б» сынып оқушысы Бокенов Алдияр

Ғылыми жетекшінің аты-жөні (толық), жұмыс орны, қызметі:

Шәблен Айнұр Абзалқызы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Андатпа:

Ғылыми жобaның тақырыбына негіз болған ерекшелік - өзгермелі қоғамдағы оқушының білім сапасына әсер ететін ағылшын тілін үйренуге бағытталған қосымшаларды жетік меңгеру. Оқушының жазған зерттеу жұмысынан тың ақпарат, зерттеушілік пен шығармашылыққа талпыныс, заманауи тың сараптау көреміз. Қазіргі заманға сай тақырыпты алып, өз зерттеуін сапалы жүргізген.  Оқушының жинaған мәліметтері тың, тақырыпты жан жақты ашқан. Дерек көздерімен жұмыс істеуде кітапханаға барып, ғаламтор желісі және сандық білім беру ресурстарынан ақпараттарды оқығандығын байқауға болады. Болашақта осы бағытта жұмысын жалғастырса, зерттелмеген мағлұматтарды ашып, оқушылардың тілді меңгеру деңгейіне өз үлесін тигізері сөзсіз. Оқушының ғылыми жұмысына сәттілік тілеймін.

                     Мектеп директоры:                                       Г.М.Манатаева

         

Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының

7 «Б»  сынып оқушысы

                                                  Бокенов Алдиярдың

«Мобильді қосымшалар арқылы ағылшын тілін үйрену» ғылыми жобасына

Пікір

Ұлтaралық қатынастар үйлесімділігін, халықтар достастығы мен бірлігін нығайтуда егеменді еліміз үздіксіз даму бағытында жұмыс жасайды. Мемлекеттік тілді өркендетіп, табысты ұлт болашағын тәрбиелеуде тілдерді жетік меңгеру маңызды болып саналады, сондықтан оқушының жоба тақырыбы бүгінгі күн де өзектілігін жоғалтпаған.

Бүгінгі таңдa адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында, мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Тілдерді салыстыра –салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Осындай зерттеулер мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.

Еліміз егемендік алып, әлемдік өркениет биігіне ұмтылып отырған заманда, жоғары дамыған Еуропа елдерімен саяси, экономикалық, мәдениаралық қарым-қатынастың дамып отырған уақытында – қазақ тілін Еуропаның беделді тілдерінің бірі ағылшын тілімен салыстыра зерттеу – баға жетпес құнды дүние. Оқушының зерттеу жұмысын оқи отырып, бұл жобаның оқушылар арасында  ағылшын тілін сауатты меңгеруіне ықпал етеді деп нық сеніммен айта аламын.

 

Мазмұны:

  1. Кіріспе………………………..…………………………………………..4
  1. Өзектілігі…………………………………………………………......4
  2. Зерттеудің мақсаты…………………………….…………………….4
  3. Міндеттері…………….……………………………………………....5
  1. Қазіргі әлемдегі мобильді қосымшалардың рөлі………….……...…...6
  2. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері………………………………..…….8
  3. Танымал қолданбалардың сипаттамалары…………………..……...….9
  1. Ең үздік қолданба…………………….…….…………..….................12
  1. Қолданбалардың қорытындысы……………………………….……......13
  2. Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………........14

Кіріспе

Ғаламтор, компьютер, телефон және мобильді қосымшалар сияқты ғылым мен техниканы дамытуға арналған заманауи технологиялар адам өмірінің әртүрлі салаларында біте қайнасып жатады. Бұл қосымшалар оқушыларға пәндерді оқуда және басқа да зияткерлік сабақтарда тиімді көмек береді. Мобильді қосымшалар ағылшын тілін үйренудегі ең ыңғайлы көмекшілердің бірі болып табылады. Бұл қосымшаларды әзірлеушілер сөздерді сәтті есте сақтауға, грамматиканы түсінуге, естіген мәтіндерді түсінуге үйренуге және ауызша ағылшын тілінде айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін соңғы әдістер мен бағдарламарды енгізген.

...

Скачать:   txt (32.3 Kb)   pdf (160.9 Kb)   docx (205.9 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club