«Жас қазақ» бар Қазақтын газеті
Автор: sveta_alieva • Февраль 20, 2019 • Реферат • 437 Слов (2 Страниц) • 702 Просмотры
* ЖАЗЫЛЫМ – 2014
«ЖАС ҚАЗАҚ» - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ГАЗЕТІ
Республикалық «Жас қазақ» газетін бүгінде Қазақстан мен одан тысқары жерлердегі қазақы оқырмандардың көпшілігі жақсы біледі. Газет таралымы айдан-айға, жылдан-жылға жылдам қарқынмен өсіп келеді. Апта сайын үлкен форматта етжеңді болып шығатын газет Қазақстанның барлық облыстарына түгел тарайды. Жамбыл облысы оқырмандары үшін де газеттің қомақты бөлігі жеткізіліп жатыр. Әйтсе де, «Жас қазақтан» әлі де толық хабары жоқ оқырмандар үшін аз-кем мағұлмат берудің артықтығы болмас.
«Жас қазақ» - аты айтып тұрғандай, қазақ халқының өткен-кеткен тарихын, ата-бабаларымыздың дәстүр-салтын, кең байтақ жеріміздің ырыс-құт-қазына байлығын, барша құндылықтары мен мұрағаттарының өміршендігін барынша талдап, толғап, тереңдеп жазып жүрген жан-жақты жанашыр газет. «Жас қазақ» - тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі-сыртқы саясатына салдарлы сараптама жасайтын, ел экономикасының қадау-қадау проблемаларына парасаттылықпен қарап, пайымды пікірлер айтатын, әлеуметтік, мәдени, әдеби өміріміздің соқталы-соқталы тұстарына салиқалы, салмақты ойларымен араласатын, қоғамымызда болып жатқан барша құбылыстарға құлшына кірісіп, өзіндік принцип, ұстанымын білдіретін, адами факторлардың ешбіріне де бей-жай қарай алмайтын кең тынысты, мол мүмкіндікті аса ауқымды газет.
«Жас қазақ» алдымен оқырман өмірін, қоғам, қазақ мұқтажын, оның өміршең, өскелең болуын, осы жолда кедергі, кемшілік атаулыны жойып, жасқауды жақтайтын, әділетсіздікпен аяусыз, ашық, айқын күреске шығатын, қандай қарау іске де қарсы батыл, байыпты, адал, әділетті күрес ашатын, әр бетінен шырылдаған шындықты, сорғалаған сұмдықты тура, дәл, нақты фактілермен өрнектейтін өткір газет.
«Жас қазақ» - қазақы тіл, дін, діл, оның бүгінгі, ертеңгі өріс-танымы, өмірлік маңызын туралап айтатын, ұрпақ, болашақ тәрбиесі, тәлімі, білімі мен білігі, кеселі мен кесепаты, кесірі мен есірі, қиыны мен түйіні жайлы кеңінен көсіле, шешіле толғайтын ұлтжанды газет», - деп халық жазушысы Шерағаң, Шерхан Мұртаза айтқандай, «Жас қазақ» - бар қазақтың газеті екені рас.
...