Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ даласының тұңғыш педагогы: жас зерттеушiнiң көзқарасы

Автор:   •  Февраль 2, 2022  •  Эссе  •  978 Слов (4 Страниц)  •  275 Просмотры

Страница 1 из 4

[pic 1][pic 2]


[pic 3][pic 4]

    Тарихқа көз жүгіртер болсақ, әр заманның өзінің ерекше дарынды тұлғасы бар. Олар сол кездегі елдің мұң-мұқтажын көріп, қол қусырып отырмай жанын аямай еңбек етіп, тарих сахнасынан ойып орын алары сөзсіз.

   Осындай тұлғаларымыздың бірі, халқымыздың ұлы перзенті, тұңғыш халық ағартушысы, XIX ғасырдың екінші жартысында шолпан жұлдыздай жарқырап әлем көгінен көрінген, ел игілігі үшін жанын аямай еңбек еткен, ұлт тарихында есімі мәңгі өшпейтін кемел тұлға, өзі өмір сүрген заманының озық ойлы азаматы, қазақ даласының алғашқы ұстазы – Ыбырай Алтынсарин еді.

   Ыбырай Алтынсариннің өмірі арпалыспен, педагогика саласын үнемі зерттеп, қазақ халқының болашағына алаңдап өмірін өткізгендігі барша қазақ жастарына мәлім екендігі айтпаса да белгілі. Себебі, өзіне дейін жауабы табылмаған әлеуметтік мәселелерді өз қолына алды. Қазақ даласында алғаш рет мектеп ашып, халықты сауаттандыру шаруасын өз қолына алған да осы Ыбырай еді. Мұның барлығы оған оңайға түспеді. Өйткені, тарихқа көз салсақ сол заманда жалпы өнер-білімге, орысша оқуға қарсы сан ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-сана, надандық ұғымдары болған еді. Әйтсе де, өз халқының жанашыры Ыбырайды тоқтата алған жоқ. Оның Н. И. Ильминскийге жазған хатында:”Ал енді құдайым басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын”,- деген еді. Осындай сенімінің арқасында көптеген қиындықтарды басынан өткерсе де, өз мақсатына жеткен еді. Осындай қажырлы еңбегінің арқасында 1864 жылы қазақ сахарасында бұрын құлаққа естілмеген жаңа әуен – алғашқы рет қоңырау үні естілген еді. Бұл мақсаты орындалған жас ағартушы қуанышын Н. И. Ильминскийге хат жазу арқылы жеткізді. Хатында: “Осы жылы январьдің 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, не бәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды...” – деген болатын.

Ыбырай Алтынсарин – “Қазақ хрестоматиясы” деп аталатын тұңғыш ана тілімізде жазылған, қазақ балаларына арналған оқулықтың авторы.  Бұл оқулықтың алғы сөзінде: “Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...” – деп, бұл оқулықтың жазылу мақсатын түйіндеп өткен. Хрестоматия бұл міндеттердің барлығын толығымен атқарды. Оқулық революцияға дейін бірнеше өзгертіліп, қайта жарыққа шығуының өзі Ыбырайдың педагогика саласын терең зерттегендігі көрініп тұр. Бұл хрестоматия тек сол заманда ғана емес, одан кейінгі ұзақ жылдар бойында да талай жас ұрпақ үшін білім, рухани қазына көзі бола білді. “Қазақ хрестоматиясының” беташар өлеңі бәрімізге бастауыш сыныптардан таныс, әрі ыстық “Кел, балалар, оқылық!” – өлеңі. Бұл өлеңнің жазылғанына бір ғасырдан артық уақыт өтіп кетсе де, маңызы мен мазмұнын жоғалтпайтыны анық. Жас жеткіншектерді өнер мен білімге шақыратын бұл өлең бір кезде Ыбырай армандаған “өнер-білімі бар жұртқа” – терезесі тең, шаңырағы биік, аспаны ашық елге айналып отырған қоғамда да өз мәнін жоғалтпайды. Қайта әр жыл өткен сайын халықпен бірге жасасып, ұлы ағартушының арман-сәлемін жеткізіп, білім ордасына жас бүлдіршіндерді шақырып тұрғандай. “Қазақ хрестоматиясы” балаларға арналған түрлі әңгімелер мен новеллалардан тұрды. Әңгімелерінің біршамасын өзі жазса, қалғанын орыс елінен өзі аударып енгізген болатын және Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының болашағы Ресей елінің мәдениетімен байланысты екенін дәл болжай білді. Халқын озық орыс елінің мәдениетінен үлгі алуға, үйренуге шақырды. “Қазақ хрестоматиясы” – қазақтарға орыс тілін үйретудің басты құралы – деген пікірде болған жас ағартушы кітаптың кіріспе сөзінде : “Жалпы біліммен пайдалы мағлұмат беретін кітап Азия халықтарының бірде-бірінің тілінде жоқ, сондықтан орыс тіліндегі кітаптан ізденуді мақұл көрдік. Осы себептен біз хрестоматия өзінің мақсатына сай келуі үшін оны орыс алфавитімен шығаруды қолайлы деп таптық” , - делінген.

...

Скачать:   txt (13 Kb)   pdf (421 Kb)   docx (405.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club