Дем мен қимыл-іс қозғалысын ұштастыру
Автор: Айдай Олжалы • Сентябрь 30, 2020 • Доклад • 513 Слов (3 Страниц) • 642 Просмотры
Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы
[pic 1]
Орындаған: Олжалы Айдай
Тексерген: Сұлтанова А.
Тақырыбы: Дем мен қимыл-іс қозғалысын ұштастыру.
Тыныс жаттығулары
Жаттығуларды қалай жасалатынын түсініп, жазып, көрсету.
1. Сахна тілі техникалық талаптарының жаттығуларын күнделікті жасау арқылы сауатты меңгеру.
. Кез келген жаттығуды сауатты меңгерген абзал. Сауатсыз жасалған әрбір жаттығу актерға дұрыс бағыт бермейді және актердың дем алғанын, дауысын мүлдем нашарлатады, сондықтан күнде ары кетсе 25 минут жаттығулар істеу керек. Сол үшінде жаттығуларды байыптап, бақылап, саралап жасаған абзал.
2. Тыныс жаттығуларын тек ғана тұрып немесе отырып ғана жасамай, оларды әр түрлі қимыл-қозғалыстарға құру қажет.
Актер дене бітімі жеңіл қозғала білу керек және дұрыс дем алу қажет. Демге жасалатын жаттығуларды мақсатынан айырмай музыкалық бағытта жасаса болады.
Мысалы: Демге арналған жаттығулар екі қолымызды аяқтың тізесіне қойып мельница ретінде айналдырып бірден дем алып сыртқа шығарамыз.
Қос қолымызды екі жаққа созып, кеудені ашық еркін ұстап, демді 1, 2, 3, дегенде демді қысамыз. Бұл жаттығуда оң аяғымыз алдыда, сол аяқ артта тұрады. Енді тапсырма бойынша бұл жаттығуға қимыл қосамыз. Жаттығуды бір орында тұрмай, жүріп жасаймыз.
3. Жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, шұбыртпа сөздер, қысқа өлең жолдарын жатқа оқу арқылы жаттығуларды көрсету.
Мақал-Мәтел
1) Екі жақсы қосылса,
Ай мен Күндей жарасар.
Екі жаман қосылса,
Ырылдасып таласар.
2) Жаңылтпаш
Досым маған еліктеп,
Домбырамен ән салды,
Дән риза болып көп,
Дуылдады, тамсанды.
Абай Құнанбаев
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
“Мені” мен “менікінің” айырылғанын
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей,
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміреп соңына ермей.
Дүниеге дос ақіретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей орныға алмас.
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.
Қартайған арыстан
Қартайып, Арыстанның әлі кетті,
Айбыңды жұрт қорқатын сәні кетті.
Бетіне жан келмейтін уақыттар
Артына бір қарамай, бәрі кетті.
Аяқта дәрмен қалды жүрерлік-ақ,
Тым қарттық жас емес қой көрерлік-ақ.
Тіс түсіп, тырнақ мұқап, қайрат кетіп,
Жайы бар тыныш жатып өлерлік-ақ.
Тынышына қоймады оны өзге аңдар,
Бата алмай, «сені ме?» деп жүрген жандар.
Анау да, мынау да өшін алып жатыр
Қашаннан Арыстанда кегі барлар.
Ат тепті, Қасқыр қапты етін үзіп,
Біресе жаралады Өгіз сүзіп.
Қинады әркім келіп білгенінше,
Арыстан үн шығармай жатты төзіп.
Ыңыранып жатыр еді өлейін деп,
Қасына Есек келді көрейін деп.
Артықша жанға батар жерін таңдап,
О да тұр Арыстанды тебейін деп.
«Я, Раббым, - сол уақытта деді Арыстан,
Мен түгіл, үркуші еді Ат қамыстан.
Бұл Өгіз, мынау Қасқыр тимек түгіл,
Зәресі ұшушы еді, көрсе алыстан.
Дариға, ол заманның бәрі өтті,
Кәрілік деген бәле келіп жетті.
Тіс түсіп, тырнақ мұқап, әл кеткен соң,
Сорыма бәрі мұның ер боп кетті.
«Төбем» деп келіп тұрған мынау
Есек, Аяқта жатушы еді болып төсек.
Кешегі дәурен баста тұрған шақта,
Мұны кім етуші еді жан деп есеп.
Көп шығар, жоқ демеймін, кінәм менің,
Ризамын бақ, бәлеңе бірдей сенің.
Тұяғын сол жаманның тигізбей ал,
Қорлықтан мұнан көрген, жеңіл өлім!»
Аталған бірдей емес осы аңдар,
Ішінде жақсы, жаман, осалы бар.
Арыстан, Жылқы, Өгіз, Есекке ұқсас,
Ойласақ, табылмай ма неше адамдар?
Ерлер бар заманында дәурен сүрген,
Дұшпанын ерегіскен жалғыз бүрген.
Қартайған Арыстандай әлі кетіп,
Қаруы бұл уақытта азып жүрген.
Бақ қонса, сыйлар Алаш ағайын да,
Келе алмас жаман батып маңайыңа.
Басыңнан бақыт құсы ұшқан күні
Құл-қүтан басынады малайың да.
...