Алаш қозғалысының Қазақ елінің даму үдерісіне тигізген әсерін саралап білу
Автор: 1118 • Октябрь 22, 2021 • Контрольная работа • 1,867 Слов (8 Страниц) • 357 Просмотры
Абай атындағы қазақ
ұлттық педагогикалық университеті
Ғылыми жоба үгісін құрастырған: Мұхамет Қарлығаш
Тақырыбы:
Алаш
Бағыты: «Алаш қозғалысының Қазақ елінің даму үдерісіне тигізген әсерін саралап білу»
Секция: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Аннотация
Ғылыми-зерттеу жобасында "Алаш" партиясының құрылу себебі, қазақ елінің саясатына қосқан үлесі туралы баяндалады.
Студент:
Мұхамет Қарлығаш
Мазмұны:
Кіріспе.................................................................................................................
Негізгі бөлім.......................................................................................................
1.Алаш партиясының құрылуының басты себебі.................................................
2.Алаш партиясының зиялы қауым өкілдері.......................................................
3.Алаш партиясының программасының жобасы................................................
Қорытынды.........................................................................................................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады. Еліміз тәуелсіздік алып, өз тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи кезеңнің бет пердесі шешілді. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Зерттеушілер мұнда Алаштың партия ретінде қалыптасуы, оның әлеуметтік тірегі қазақ қауымының қандай топтарынан тұратындығына басты назар аударады.Міне осы сияқты көптеген зерттеулер мен ой-пікірлер ХХ ғасырдың бас кезінде құрылған Алаш партиясының жоғарғы дәрежеде зерттелгендігін көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты: «Алаш» партиясының шын мәнінде қандай партия болғандығы туралы өз тұғырымнан зерттеп, өз ойымды нақты жеткізу.
Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
- «Алаш» партиясының құрылуын, оның не мақсатпен құрлығандығын;
- Партия өмір сүргенінде қандай қызмет атқарды;
- Өз алдына қойған мақсатына жетті ме;
- Партияның бағдарламасын толыққанды зерттеу.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізі: оқытудың заманауи әдістері, білім беру үрдісіндегі әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.
Зерттеудің болжамы:Қазақ халқының баспанасының түрлеріне қарай, адам әлеуметтік жағдайын анықтау.
Зерттеу пәні: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, талдау, зерттеу әдістері пайдалану.
Зерттеудің объектісі: Қазақ халқының тарихи дамуындағы Алаш қозғалысының алған орыны.
Жобаның ұсыну формасы: Ғылыми-зерттеушілік
1. Алаш партиясының құрылуының басты себебі. Уақытша үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесінде қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында пайда болған демократиялық бағыттағы негізде құрылған ұйым. Анықтап айтқанда отаршылдық езгіге қарсы шыққын ұлт-зиялы қауым өкілдерінің құрған ұйымы. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан бастап қалыптаса бастады. Деректік материалдардың көрсетуіне қарағанда,мәселен, Әлихан Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазан айының шамамен 12-20 жұлдызы аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, сонан соң Омбыда, ал қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Бірінші бүкілқазақтық сеьзд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Сеьзге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан, оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сеьздерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар:
...