Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялыларының қозғалысы
Автор: Дана Мейрбек • Октябрь 28, 2021 • Реферат • 1,704 Слов (7 Страниц) • 1,441 Просмотры
[pic 1] | «Астана медицина университеті» КеАҚ |
«Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы |
Тақырыбы: Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялыларының қозғалысы
Тобы: 113 ОМ
Орындаған: Мейрбек Дана
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялыларының қозғалысы
Қазағым, елім,
Қайқайып белің
Сынуға түр таянып,
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып.
А. Байтұрсынов
Патша үкіметі қазақ жерінде екі ғасырдан артық отарлау саясатын жүргізді. Бұл езгі ХХ ғасырдың басында бұрынғысынан да күшейе түсті. Отаршылардың бұратана халықтарға байланысты жүргізген шовинистік саясаты, соған орай еңбекшілер жағдайының, әсіресе жер мәселесі бойынша ауырлауы, карапайым халықтың құқықтарының кемдігі, аяусыз езілуі, басқарудың ұйымдастырылу сипатының халыққа қарсы болуы, рухани мәңгүрттенуі және т.б. қазақ елінің сол кездегі зиялы қауымының ашу-ызасын тудырды. Бұл туралы 1907 жылы М. Дулатов “Қазағым менін, елім менің” деген мақаласында Россияға тәуелді қазақ халқының "ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кекті тудырады", "чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып алып, ойына не келсе соны істейді". "Енді олар біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға ауыз салуда. Жер ауып келген мыңдаған мұжықтар қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып алуда. Чиновниктерді арқаланған олар "сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде”, – деп ашына жазды.
Россияның мұндай отаршылдық саясатына шыдамаған XXғасырдың басындағы қазақ зиялылары оған қарсы күреске шықты. Соның жарқын бір белгісі 1905 жылы Орал қаласындағы
Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, Б. Сыртанов сияқты қазақ интеллигенциясы өкілдерінің "бес облыстық делегаттар съезі” аталған бас қосуда жасаған “Қазақ конституциялық демократиялық партиясын құру жөніндегі әрекеті. Мұндай бас қосулар бұдан соң басқа жерлерде де болды.
1907 жылы наурыздың 27-сінде Петербургте Шаһмардан Қосшығұлов пен Абдрашид Ибрагимовтардың басшылығымен қазақ тілінде тұңғыш бейресми “Серке" газетінің бірінші және соңғы саны шықты. Онда М. Дулатовтың “Жастарға” деген өлеңі мен “Біздің мақсатымыз” деген мақаласы жарияланды.
Кейінірек бұл тарихи кезеңде "Қазақстан”, “Қазақ” газеттері, “Айқап” журналы және т.б. басылымдар дүниеге келді. Солар арқылы қазақ зиялылары патша үкіметінің отаршылдық саясатын әшкереледі, халықты оқу — білімге, мәдениетке, қол-өнерге, отырықшылыққа шақырды, әйелдер тендігін насихаттады. Мысалы, “Қазақ” газетінің бірінші санында редактор А. Байтұрсыновтың бағдарламалық мақаласында бұл газеттің мақсаты — бұқара халықтың мүддесін қорғау, қазақтар арасында ғылым мен мәдениеттің тарауына ықпал жасау, басқа халықтардың өмірі мен жетістіктері жөнінде хабардар ету. Бұл үшін үкіметтің шығарған заң, жарлықтары және басқа нұсқау құжаттарын халыққа түсіндіру. Мемлекеттік дума мен Мемлекеттік кеңес жұмысы туралы мағлұматтар беру өзімізде және шет елдерде болып жатқан жаңалықтармен таныстыру; қазақтардың өткені мен болашағын баяндау; сауда, күнделікті жұмыс, тұрмыс, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы жөнінде кеңестер беру; мектеп пен медреселердің ісіне бағыт-бағдар беріп, ағартушылық, өнердің, тіл және әдебиеттің дамуына көмек жасау, денсаулық және мал дәрігерлік істерді насихаттау керек деп білген. Бұдан біз “Қазақ” газетінің жалпыхалықтық мүдделерді қозғағанын айқын байқаймыз.
...