Алаш қозғалысының тарихы
Автор: ablai esenbaev • Март 25, 2021 • Реферат • 3,268 Слов (14 Страниц) • 708 Просмотры
1 Тақырып
1. Курстың пәні және мақсаты
«Алаш қозғалысының тарихы» пәні Қазақстандағы ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуын оқытуға арналған. Осы курста Алаш қозғаысына байланысты тарихи фактілерді, тарихи тұлғалардың саяси, шығармашылық мұралары оқытылады.
Осыған байланысты пәннің негізгі міндеттері:
Курстың тарихнамасы мен деректерін талдау;
ХХ ғ. басындағы Ресей империясының саяси өмірінің қазақ өлкесіне ықпалы;
Алаш қозғалысы және Алаш партиясының қалыптасу және даму тарихының кезеңдерін анықтау;
Алаш зиялыларының Ресейдің 1905-1907 жылдарындығы, 1917 жылында болған Ақпан және Қазан революциясы, және 1918-1920 жж. азамат соғысы кезіндегі қызметін зерттеу;
Алаш зиялыларының 1920-1930 жж. Кеңес үкіметімен қарым- қатынасын анықтау;
Алаш зиялыларының саяси, ғылыми және рухани мұраларын оқып
білу;
Алаш зиялыларының еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясын зерттеу;
Алаш зиялыларының тағдыры және олардың болашақ қазақ
интеллигенциясының қалыптасуына тигізген ықпалын анықтау;
Алаш қозғалысы және Алаш партиясының бағдарламалық мақсатының бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның идесымен сабақтастығын көрсету.
2. Пән бойынша деректерге шолу. Алаш қозғалысы тарихыныңдеректерін топтау жәнесараптау
XIXғ. аяғы және XX ғ. 40-ж. арасындағы Қазақ ұлттық интеллигенциясының қызметі туралы шыққан әдебиеттерді нақты тарихи материалдарды баяндау әдісіне және хронологиялық бірізділікпен жазуына байланысты шартты түрде төрт топқа бөлуге болады:
Бірінше топқа 1920-1930 жж. мерзімді басылымдардағы мақалалар;
Екінші топқа 1940-1985 жж. кеңестік және шетелдік тарихшылардың зерттеулерін жатқызуға болады;
1985 - 1990 жж. арасындағы отандық және шетелдік зерттеулер тарихнаманың үшінші тобын құрайды;
Төртінші топқпа кәзіргі кезендегі (1995-2017жж.) қазақстандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері жатады.
Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі тарихын зерттеуде 1920- 1930 жж. Кеңестік мерзімді басылым беттеріндегі әртүрлі мазмұнда арнайы ресми тапсырыспен жазылған мақалаларды оқудан басталады. Бұндай мақалалар әсіресе 1927 жылы А.Бочаговтың Алашорда тарихына арналған очерктер жинағында Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің кеңес билігіне қарсы күресін айғақтайтын құжаттарды негізге ала отырып, Алаш қозғалысын айыптау тұрғысында жазылған еңбектің шығуынан кейін күшейе түсті. Сондай мақалалрдың бірі 1935 жылы «Большевик Казахстана»
журналының №6 санында Г.Тоғжановтың «Еще о раз о буржуазно- националистической концепции тов. Рыскулова и другие» деген мақаласы басылып шықты. Осындай мазмұндағы мақалалар көптеп жарияланды. Мысалы, 1937 жылы «Большевик Казахстана» журналының №1 санында И.Кабуловтың «Сосредоточить огонь против казахского национализма» деген мақаласы жарық көрді. Бұл мақалада С. Асфендияровты халық жауы ретінде көрсетеді. Сол жылы осы автордың «Казахстанская Правда» газетінің 29 шілдесінде «До конца выкорчевать национал-фашистское охвостье» атты мақаласы шықты. Бұлардан басқа Алаш зиялылары туралы объективті шындыққа негізделген еңбектер де шыққан. А.Кенжин Алаш козғалысына байланысты ұлыдержавалық пиғылды пікірлерге тойтарыс беру мақсатында жазылған мақалаларында, келешекте авторлар ең алдымен Алаш қозғалысының алғышарттарына зер салуға, отарлық тәуелділік жағдайында қалыптасқан қазақ зиялыларының ұлтжандылық көзқарасын өмірлік шындықпен байланыста қарауды керек деп көрсетті.
Алаш зиялылырының ішінде Ә.Бөкейханның көзі тірісінде ол туралы еңбектер жазылған. 1924 жылы Мәскеуде жарық көрген «Қазақ тарихынан» атты зерттеуінде Қошке Кемеңгерұлы Әлихан Бөкейханды «Жүректі бала, иманы таза, шыншыл, сенімшіл Әлиханға қара тұрмыстың кіріне былғанып, саясат сандалына түскенше, пән жолына түсіп, жоспар көрсетуі керек еді. Расында Әлихан саяси іске езілген елі үшін амалсыздан кірді», - деп жазды. Алаш зиялылары туралы тарихи материалдар С.Сейфуллиннің 1927 жылы шыққан «Тар жол тайғақ кешу» атты романында Алашорда партиясының бағдарламасы және Алашордалықтардың Кеңес үкіметінің саясатына қарсы көзқарастары туралы баяндалған.
...