Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Целлюлозалық талшықтардың негізі

Автор:   •  Сентябрь 14, 2018  •  Реферат  •  645 Слов (3 Страниц)  •  1,112 Просмотры

Страница 1 из 3

Егер талшықтың сары түсі жанбырдың, шықтың, тұманның, ылғалдың көп мөлшерінен пайда болса, бұл жаман сапаның белгісі. Неғұрлым талшықтың сары түсі қанығырақ болса, соғұрлым талшықтың сапасының төмендігінің көрсеткіші.

Мақтаның жылтырлығы оның сапалы сорт екенін білдіреді, ал төмен сортты мақта талшықтарында көбіне ақ бұлыңғыр көрініс байқалады. Жылтырлық қасиеті көз мөлшерімен сипатталады.

Мақтаның жібектілігі жіңішке талшықты жақсы сорттарға тән қасиет, ал қысқа-жуан талшықты мақта талшығында дөрекілік байқалады. Жібектілік қасиеті қолмен ұстап, саралау нәтижесінде анықталады.

Талшықтың біркелкілігі- штапельде ажырату кезінде талшықтың ұзындықтарының бірдей болуымен көрсетіледі. Штапель дайындау барысында классификаторлар арқылы талшықтарды керіп, штапельдің қолда үзілуімен талшықтың біркелкілігі анықталынады.

Мақта талшығының ластану көрсеткіші -  мақтаның тауар ретіндегі  құндылығына әсер етеді. Себебі, талшықтың ластануы көбірек болған жағдайда, өнімділігі төмендейді.

Мақта – ылғал тартқыш материал,  ол өзіне  ылғалды әжептәуiр күшті қамти  алады. Мақтада болатын ылғал мөлшері, төңіректегі ауаның дымқылдық коэфициентіне  тәуелді болады. тұрақты өзгеріп жатыр. Мақта жоғары  ылғалды ауада өз салмағынан 27% -ға артық ылғалды жұтып ала алады.

Метеорологиялық элементтердің адсорбция процессіне ықпалы :

1. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының артуымен мақтаның ылғалдылық көрсеткіші де жоғарылайды.

2. Ауа температурасының артуымен мақтаның ылғалдылығы төмендейді.

3. Қысымның артуымен мақтаның ылғалдылық мөлшері де артады.

Мақта талшығының химилық қасиеттері

Целлюлозалық талшықтардың негізі  ( табиғи талшықтар, жасанды талшықтар болсын) целлюлоза болып келеді.

Целлюлоза - құрылымы біртекті емес, кристалдық полимер.

Бір-бірімен глюкозды байланыспен бірлескен ангидро қалдықтарынан тұратын - d -  глюкозасы (С6Н12О6).

Целлюлозада молекулааралық өзара әрекеттесу екі байланыс түрімен жүзеге асады: сутектік және Ван-дер-Ваальса күші.

Целлюлоза макромолекуласын ортақ, эмпирикалық және құрылымдық формуламен көрсетуге болады. Эмпирикалық және де  құрылымдық формуласы [С6Н7О2 (ОЛ) 3] n, әрбір қарапайым буында үш гидроксал топтарының бар екенін көрсетеді.

Целлюлозаның химиялық қасиеттері альдегидтік топтардың, глюкозды байланыстардың, гидроксалды топтардың бар болуымен сипатталынады. Сондықтан целлюлоза үшін екі түрлі реакция тән: глюкозды байланыстардың үзілумен гидроксал  топтарының реакцияға қатысуы. Шеткі альдегидтік топтарының бар болу арқасында целлюлоза қалпына келтіргіш қасиеттерге ие.

Судың әсері. Целлюлоза – күрделі шынжырлы полимер, гидрофиль заттарға жатады, сол себепті суға туысқандығы бар. Сумен әрекеттесіп, сутектік байланыс түзеді. Суға батырған кезде целлюлозды талшықтар ісінеді де теріс заряд қалыптастырады. Ісіну дәрежесі, зарядтың үлкенділігі талшықтың түріне тәуелді болады, ал деструкцияға ұшырау көрсеткіштерімен сипаттамалары алдын-ала өңдеудін түріне байланысты.

Қышқылдардың әсері. Қышқылдардың әсеріне целлюлоза тұрақсыз. Целлюлоза қышқылдық ортада глюкозды байланыстарға ыдырап, гидролизденеді. Бейорганикалық  қышқылдар органикалық қышқылдарға қарағанда тез ыдыратады. Температура жоғарылаған сайын гидролиздену өседі.

...

Скачать:   txt (10.6 Kb)   pdf (103 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club