Тұтыну тауарларын сараптаудың теориялық негіздері
Автор: Айым Есенгельдинова • Декабрь 13, 2022 • Лекция • 3,282 Слов (14 Страниц) • 183 Просмотры
1 - лекция: Тұтыну тауарларын сараптаудың теориялық негіздері.
1. Сараптама сипаттамасы.
2. Тауар сараптамасының мақсаты.
3. Бағалау сараптамасының сипаттамасы.
1.1 Сапа туралы білім жүйесі
Сапа – философиялық дәреже. Бұл алғаш рет б.э.д. ІІІ ғасырда Аристотелмен көрсетілген. Ал сапаның философиялық анықтамасы Гегельмен (ХІХ) берілді: «Сапа ең біріншіден болмыспен тепе-тең нақтылық, сондықтан бір нәрсе өзінің сапасын жоғалтқан кезде ол өз болмысын жоғалтады». Сондайақ сапаның заманауи анықтамасы да бар. Сапа дәрежесі объектінің объективті қызметінің маңызды жағы – нақтылығын көрсететінін айта кеткен жөн. Объектінің сапасы, әдетте оның жеке қасиеттеріне түйіспей, одан бөлінбейтін, оны толығымен қамтитын объектімен байланысты болады. Сондықтан сапа түсінігін заттың болмысымен байланыстырады.
1-кестеде сапа түсінігінінің әртүрлі анықтамасы көрсетілген. Бірақ адамдардың бірлесе қызмет етуі үшін терминді стандарттау қажет болды.
1-кесте. Сапа түсінігінің динамикасы
[pic 1]
1986 жылы Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) бизнес пен өнеркәсіптің барлық саласы үшін сапа бойынша терминді тұжырымдада. 1994 жылы термин нақтыланды. Сапаның келесі анықтамасы стандартталған: сапа – объектінің бекітілген және болжалатын қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттілігіне қатысты оның сипатттамаларының жиынтығы.
1994 жылы «сапа» терминін нақтылау кезінде оның анықтамасынан алдыңғы жылдары «қасиет» термині алынып тасталған болатын. Егер де сапа туралы түсініктің тұтастығы бойынша терминдерді орналастыратын болсақ, онда келесідей қатар аламыз: «сипаттама» – «қасиет» – «сапа».
Сипаттама – мәтін, кесте, математикалық формула, график түрінде өрнектелетін тәуелсіз және тәуелді өзгермелі арасындағы байланыс. Әдетте техника бірлік көрсеткіштермен емес (вольтамперлік сипаттама, дифференциальналдық теңдеудің сипатамасы), функционалды сипатталады.
Мысалы, экономикада сұраныс көлемінің функциясы (Q) шын мәнінде нақты тауардың бағалық сипаттамасы (Б). Сол бағада сұраныстың артуы (Q1 – Q2) тауар сапасының жақсарғаның білдіреді.
«Қасиет», «сапа» сияқты – философиялық дәреже және заттың басқа заттан айырмашылығына немесе тұтастығына себепші болатын ерекшелігін сипаттайды. Әдетте ол объектінің бірқатар сипаттамаларын жинақтайды: еру, радиобелсенділік, қауіпсіздік қаситеті және т.б.
«Сапаны» анықтау кезінде түсіндіруді қажет ететін тағы екі термин бар, олар – «қажеттілік» және «объект».
Қажеттіліктер ағзаның (соның ішінде қоғамның) қалыпты жұмыс жасауына қажет талаптардың қанағаттанбауынан пайда болады және осы қанағаттанбаушылықты жоюға бағытталған. Қоғам қажеттіліктерінің жартысы экономикалық қызмет қажет етеді, яғни бұл экономикалық қажеттіліктер деген атауға ие. Басқарудың әлеуметтік формалары және экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру қоғамдық-экономикалық құрылыммен анықталады. Нарық тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатар олардың қажеттіліктерінен шығатын сатып алушылардың сұранысын (сұраныстың төлем қабілеттілігі) қанағаттандыруғада бағытталған.
Сапа анықтамасында қажеттілік түсінігінде бастапқы болып табылады. Олардың сипаттамалары объект сапасының сипаттамаларына сәйкес болуы тиіс. Объект – бұл жеке сипатталуы және қарастырылуы мүмкін. Мысалы, процесс немесе қызмет, өнім, ұйым, жүйе немесе дербес тұлға және олардан құралған кез келген комбинация объект бола алады.
«Процесс» терминінің стандартты анықтамасы кіретін элементтерді шығатын элементке айналдыратын өзара байланысты ресурстар мен қызметтің жиынтығын білдіреді. Ресурстарға жатады: қызметкерлер, қызмет көрсету құралдары, жабдықтар, технология және әдістеме.
«Өнім» терминінің стандартты анықтамасы оның қызмет немесе процесс нәтижесі екенін білдіреді. Өнім қызметті (жеткізуші мен тұтынушының тікелей өзараәрекетінін және тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жеткізушінің ішкі қызметінің қорытындысы), жабдықтарды, өңделетін материалдарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және олардан құралған комбинацияны қосуы мүмкін.
«Жақсы-жаман», «жоғары-төмен» түсініктерімен және объектінің шығу тегіне байланысты сапаның стандартты емес (тұрмыстық, жарнамалық) терминдері кеңінен таралған.
...