Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Иіру машиналары

Автор:   •  Апрель 5, 2018  •  Реферат  •  5,260 Слов (22 Страниц)  •  2,388 Просмотры

Страница 1 из 22

ТТП

  1. Аэродинамикалық және пневмомеханикалық роторлы иіру тәсілінің орындалу принциптері
  2. Беймата жайма өндірісіндегі физико-химиялық және қиыстырылған технологиялар. Бейматалар табиғи шикізаттар мен (мақта, жүн, зығыр) және сонымен қатар химиялық талшықтардан (полиамидті, полиэфир, вискоза, т.б.) химиялық – табиқи талшықтардың қалдықтарынан жасалады.  Б. Мата көбіне жайма түрінде ұзындығы 3 мм қысқа талшықтардан және жіптерден жасалған жайғақтан өндіріледі. Жайғақ (холст) бір немесе бірнеше қабаттардан жасалынады. Қазіргі кезде беймата материалдарының танымал болуы бірнеше факторлар мен көрсетіледі. Бұл өндірістегі құн тиімділігі және кең ауқымды қолдануы машиа жасауда, жиһаз, текстиль өндірісінде, құрылыс, және т.б.                             Беймата бұйымдарының ерекшеліктері:
  • Жылу оқшаулағыш қасиеті жоғары
  • Форма сақтағыштығы жақсы
  • Арзан қолжетімді  

Физико – химиялық тәсіл бейматалы жайғақтады сұйық байланыстырғыш желімдер және ыстықпен әсер ету әдісімен жасайды.

Аралас тәсіл жоғарыда айтылған 2 тәсілді қолдану арқылы алынады.

Іліп тоқыла тігілген жайма құрамында талшықты жайғақ, жіптер, мата болады.

Өндіру тәсілдері:

  • Механикалық технология – тоқып тігу әдісі, ине тесу әдісі
  • Физико-химиялық технология – сіңдіру әдісі, полимер ерітінділерінен қалыптастыру әдісі, термо пресстеу әдісі, қағаз бөлу әдісі  (бумагаделительный) қағаз жасау
  • Аралас – тафтингтеу, электрокирлеу, сіңдіру мен ине тесімді әдіс, киіз басу әдісі, жіптерді желімдеу.
  1. Жүн және химиялық талшықтардан иірімжіп өндіру өндірісі. Жүн саласы текстиль өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі болып табылады. Сала кәсіпорындарында таза жүнмен қатар химиялық талшықтардан жүннің қоспасынан иірім жіп, маталар және бұйымдар өндіріледі. Бұл сала әр түрлі техникалық және арнайы маталар, иленген – киіз және фетр бұйымдары беймата материалдарын өндіреді. Жүн иірім жібін иірудің 3 жүйесі бойынша өндіреді: аппаратты, тарақшалы (мәуітті), және шөткелі.

Аппаратты жүйеде қоспадағы талшықтарды тарау шөткелі машинада, ал өнімді жіңішкелету негізінен созба кареткаларында бөлу процессінде және кей уақытта иіру машинасының тарту приборында тарту процессінде орындалады. Жүн иірудің тарақшалы жүйесінің тарау операйиясы шөткелі тарау және тарақшалы тарау машиналарында, ал өнімді жіңішкелету – тарау приборларында жүргізіледі. Жүннің жіңішкелігіне байланысты тарақшалы жүйе ұз. 55-100 мм болатын жіңішке және салыстырмалы түрде қысқа жартылай жіңішке жүнді өңдейтін жіңішке тарақшалы және де ұз. 130мм-ден астам ұз. Жартылай жіңішке, жартылай дөрекі және дөрекі жүнді өңдейтін дөрекі тарақшалы жүйелерге бөлінеді. Отандық кәсіпорында жіңішке тарақшалы иіру жүйесі қолданылады. Дөрекі шұғалы жүйе негізінен шет елдерде кроссбредті жүнді өңдеуге қолданылады. Отандық кроссбредті типті ұзын жүнді, сондай-ақ  шетелдік кроссбредті және шығ-жартылай дөрекі жүннің химиялық талшықтарынан қоспасын шөткелі иіру жүйесінде өндіреді. Бұл жүйе бойынша техн-қ маталар мен кілем бұйымдарына арналған сызықтық тығыздығы жоғары  (50-500 текс) иірім жіптерді өндіреді. Бұл жүйе бойынша жүнді тарау шөткелі тарау машиналарында, өнімді жіңішкелету таспалық, созбалық және сақиналы иіру машиналарының тарту приборларында орындалады. Химиялық талшықтар жгут түрінде өндіріп, кесіп-штапельдеу машинаарында штапельдейді. Талшықтарды араластыру таспалы машиналармен орындалады.

  1. Жүн маталарын бояуға және сурет басуға дайындау
  2. Жіңішке жүн мен химиялық талшықтарды тарақшалы иіру жүйесімен өндіру. Жүн иірудің тарақшалы жүйесі аппаратты иіру жүйесімен салыстырғанда иірім жіп өндірудің көп ауысымдылығы мен иірім жіптің аз шығарылуы мен сипатталады. Бұл иіру жүйесі бойынша талшықтарды тарау шөткелі және тарақшалы тарау машиналарында, ал өнімді жіңішкелету сызықтық тығыздығы бойынша түзету және таспа ретінде талшықтарды қосымша араластыру – таспалы машиналарда бірнеше қайтара өңдеу арқылы жүргізіледі. Иірудің тарақшалы жүйесі бойынша таза жүн иірім жібімен қатар химиялық талшықтардан қоспасы өндңрңледі. Иірім жіп негізінен боялған талшықтардан өндіріледі. Шөткелі тараудан өткен таспаларды бояу жабдықтарында бояйды. Таза жүн немесе аралас иірім жіпті өндіру 3 кезеңнен тұрады. 60к жүннен таза жүн мен и. ж. Өндірудегі технологиялық просцессті қарастырайық. Бірінші кезең – талшықты материалды иіруге дайындау. Бұл кезеңде талшықтар келесі өңдеулерден өтеді.
  • Қоспа компоненттерін алдын-ала қопсыту, тазарту, майлау, компоненттерді араластыру және шөткелі машинада тарау. Бұл процесстер ПЛГ-Ш ағынды сызығында орындалады.
  • Бірнеше таспаларды ЛМШ-220 типті таспалы машиналарды қосу және біріктіру  (3 ауысым).
  • Периодты әсерлі тарақшалы тарау  машиналарда таспаларды тарақты тарау.
  • Таспалы манинада таспаны қосу және созу  (2 ауысым ).
  • Таспаларды бояу бір уақытта 40 таспаға дейін өңдейтін, жуу-кептіру-үтіктеу агрегатында таспаларды үтіктеу және оларды таздарға салу.
  • Таспалы машинада қосу және созу (2 ауысым). Бірінші ауысымда таспаны майлау.
  • Периодты әсерлі тарақшалы тарау машинасында боялған таспаларды қайтадан тарақпен тарау.
  • Таспалы машинада қосу және созу  (2 ауысым). Соңғы ауысымда созу автореттегіші бар таспалы машиналар қолданылады.

Осымен 1-кезең аяқталады. Өндірілген таспалардағы талшықтар жақсы түзетілген және сызықтық тығыздығы біркелкі болып келеді.

Екінші кезең – алдын-ала иіру, созба құрастыру. Бұл кезеңде бір немесе әр түрлі түстегі екі, үш немесе одан да көп партиядағы таспаларды араластыру.

  • Арнайы – меланжир араластыру машиналарында араластыру.
  • Меланжирден кейінгі жіңішкелету және таспалы машиналардың 3 ауысымда өнімді араластыру. 1-ауысымында автоматті созу реттегіші бар таспалы машина қолданылады.
  • Жоғарғы созу приборы бар созбалы машинада созбаны өндіру. 3 – кезең и. ж. Өндіру.
  • Сақиналы иіру машиналарда и. ж. Өндіру.
  • И. ж. Периодты немесе үздіксіз булау камераларында булау. Оның мақсаты – иіру процессі кезінде талшықтарда пайда болған кернеуден босату.

  1. Иіру және алдын ала иіру процестерінің мағынасы. Алдын-ала иірудің мақсаты – созбадан өте жіңішке өнімді – созбаны құру. Созба құрылысы барпылдақ, салыстырмалы түрде тегістігі жоғары және белгілі бір қалыңдықты жіп. Созбаны таспалардан алады.

Таспалар құрылымы бойынша біркелкісіз және қалыңдығы бойынша жеткілікті түзетілмеген. Таспаның қалыңдығы созба мен и. ж. Қарағанда өте жоғары. Соғанбайланысты созбаны өндіргенде таспалар бірнеше машиналардан өтеді, бұл машиналарда олар біріктірілу және созылу арқылы 5 - 20 есе өнім біртіндеп түзетіліп жіңішкеленеді.  

...

Скачать:   txt (69.1 Kb)   pdf (393.6 Kb)   docx (48.2 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club