Трансформатор. Асинхронды және синхронды машиналар
Автор: Aksaule11 • Июнь 9, 2019 • Реферат • 3,442 Слов (14 Страниц) • 942 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті
Энергетика кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Трансформатор. Асинхронды және синхронды машиналар.
Жетекшісі:
Жунусова А.К.
Студент: ПС-13-1
Әжібекова О.
Кенжебек А.
Арыстанбек А.
Қарағанды 2014
Трансформатор (лат. transformo –түрлендіремін) – кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы.
Трансформатор — айнымалы токтың кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған электр приборы.
Трансформатордың жұмыс істеу принципі электро-магниттік индукция құбылысына және параметрлік эффектіге негізделген. Негізгі элементтері магнитөткізгіш және онда орналасқан бірінші реттік орамалар (БРО) мен бір немесе бірнеше екінші реттік орамалардан (ЕРО) тұрады. Трансформатордың барлық орамалары бір-бірімен индуктивті түрде, ортақ магнит өрісімен байланысқан.
Трансформатор құрылысы, әрекеті. Трансформаторлар әр түрлі міндет атқарғанмен, олардың құрылысы және әрекеті бірдей. Сондықтан оларды жалпы бір фазалы трансформатор арқылы қарастыруға болады.
Трансформатор ферромагнитті магнитөткізгіш өзектен және кем дегенде екі орамадан тұрады. Орамалардың бірі кернеу көзіне қосылады да бірінші ретті орама деп, ал екіншісінің қысқыштарына электр қабылдағыштар қосылады да екінші ретті орама деп аталады.
Орамалардың орамдары бір-бірінен және өзектен оқшауланған. Өзек қалыңдығы 0,3...0,5 мм трансформаторлық болат парақшалардан жиналған. Бірінші ретті ораманы айнымалы кернеу көзіне қосқан кезде онымен айнымалы ток жүреді де, ораманың айналасында айнымалы магнит өрісі пайда болады. Ал ферромагнитті өзек осы өрісте тұрғандықтан магниттеніп, ораманың магнит өрісін күшейтеді және электр энергиясын магнит өрісінің энергиясына түрлендіру арқылы екінші ретті орамаға жеткізіп береді.
Айнымалы магнит ағыны екінші ретті ораманы қиып өтіп жататындықтан электромагниттік индукция заңы бойынша онда айнымалы ЭҚК тудырады:
dФ
e₂⁼⁻w₂---
dt
W₂-екінші ретті ораманың орам саны;
dФ/dt-магнит ағынының өзгеру жылдамдығы
Өзектегі магнит ағыны өзін қоздырған бірінші ретті ораманы да қиып өтетіндіктен онда өздік индукция ЭҚК-і пайда болады.
Трансформатор тек айнымалы ток тізбегінде жұмыс істей алады, яни айнымалы кернеуді ғана түрлендіреді. Себебі тұрақты ток тұрақты магнит өрісін тудырады, ал тұрақты магнит өрісі қозғалмай тұрған орамада ЭҚК тудырмайды. Трансформатордың өзегі тек қана ферромагнитті материалдан жасалады(басқа материал магниттенбейді)
...