Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасы су заңнамасының негіздері

Автор:   •  Декабрь 8, 2021  •  Реферат  •  2,738 Слов (11 Страниц)  •  476 Просмотры

Страница 1 из 11

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ                                                                                                                  3

1 Қазақстан Республикасы су заңнамасының негіздері                                      4

2 Суды пайдалану құқығының мазмұны, пайда болу және тоқтатылу

негіздері                                                                                                                   6

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                      9

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                10


КІРІСПЕ

        Су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану.

        Су пайдалану құқығы – су объектілерін пайдаланудың жағдайлары мен тәртібін, суды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Су пайдалану құқығының субъектілері ретінде азаматтар мен заңды тұлғалар бола аладлы.

        Су объектiлерiн қорғау – су объектiлерiн сақтауға, қалпына келтiруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсерiне жол бермеуге бағытталған қызмет. Су қорын қорғау саласында су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлау; су объектілерінің экологиялық мониторингі, мемлекеттік су кадастрын жүргізу шараларының маңызы зор.

        Суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау — барлық министрліктердің,мемлекеттік комитеттердіңведомстволардыңкәсіпорындар-дың, ұйымдардың және азаматтардың су ресурстарын пайдаланудың және оларды есепке алудың белгіленген тәртібін сақтауын, суды қорғау, оның зиянды әсерін болдырмау және жою жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ететін мемлекеттік бақылаудың міндеті. Суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органдар, жергілікті өкілі және атқарушы органдары және осыған арнайы уәкілдік берілген өзге де органдар өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.


        1.Қазақстан Республикасы су заңнамасының негіздері

        Қазақстан Республикасында су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етудің негізгі ұйымдастырушылық – құқықтық құралдары және сонымен бір мезгілде табиғи ресурстар саласындағы мемлекеттік басқару функциялары (9.07.2003 ж. ҚР Су кодексінің 35-бабы): экологиялық талаптар мен шектеулерді жоспарлау және сақтау; су пайдалануды лимиттеу; су тұтыну, су бұру және суды қорғау технологиясын жетілдірудің негізгі бағыттарын әзірлеу; су ресурстарының қолда бар көлемдерін, олардың сапасын және оларды пайдалану; мемлекет меншігіндегі су объектілерін тиімді басқару; су объектілерінің сандық және сапалық жай-күйін және суды пайдалану режимін бақылау. Мемлекеттік органдардың аталған ұйымдастырушылық және басқарушылық функцияларының ішінен соңғысы-яғни мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды су ресурстары объектілерін мемлекеттік басқарудың басқа функцияларымен қатар қоюға болмайды. Себебі, мемлекеттік басқарудың барлық басқа функциялары да мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады. Алайда, құқықтық актілерде ол назарға алынбайды, сол арқылы су ресурстарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдар құзыретінің аражігін ажыратуда шатасушылық жасалады. Осылайша, мемлекеттік экологиялық бақылаудың маңызы әлсірейді.

        Су ресурстарын қорғаудың жай-күйін мемлекеттік бақылау міндеттерін жүзеге асыру мақсатында су ресурстарының қорғалатын объектілері шеңберін айқындаудың құқықтық маңызы бар. Су кодексінде су ресурстарын қорғау объектілері қарастырылмаған. Сонымен қатар көлдерді, өзендерді, су қоймаларын пайдалану, антропогендік әсерді қорғау объектілері ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы Жер Кодексі бойынша су қоры жерінің құрамына су айдындары (өзендер және оларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерінде орналасқан ағынды реттеуге арналған су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау аймақтары мен белдеулеріне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитариялық қорғау аймақтарына бөлінген жерлер кіреді. Су қорының жерін пайдалану мен қорғау тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.  Осындай осылайша, су қоры мен су қорғау белдеуінің барлық жерлері Судан бөлінбейтін объектілер ретінде су заңнамасын құқықтық реттеу объектілері болып табылады. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 5-бабында ҚР Су заңнамасы су объектілері ретінде қарастыратыны кездейсоқ емес: жерүсті су объектілері, құрамында жерасты сулары бар жер қойнауының бөліктері және оларды бірыңғай су объектісі ретінде қарастырады.

...

Скачать:   txt (27.5 Kb)   pdf (126.3 Kb)   docx (15.4 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club