Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қылмыс істеу сатылары

Автор:   •  Ноябрь 2, 2021  •  Лекция  •  1,035 Слов (5 Страниц)  •  561 Просмотры

Страница 1 из 5

25.10.2021ж.

Қылмыстық құқық

Тақырыбы:Қылмыс істеу сатылары (20 бап)

Қылмыс істеу сатылары екіге бөлінеді:

Аяқталған қылмыс-

Аяқталмаған қылмыс-

Аяқталмаған қылмыс екіге бөлінеді:

Қылмыс істеуге дайындалу-

Қылмыс істеуге оқталу-

§ 1. Қылмыс істеу сатыларының ұғымы және оның түрлері

Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдылықтары бойынша аяқталған қылмыстар үшін ғана емес, сонымен қатар қылмыс жасауға бағытталған әрекеттер үшін де жауаптылық белгіленген. Алайда, адам барлық жағдайларда өзінің қылмыстық ойын соңына дейін жеткізе бермейді.  Қылмыстық құқықта қылмыс істеу сатыларының кезеңдері көрсетілген:

- қылмыс істеуге дайындалу;

- қылмыс істеуге оқталу;

 - аяқталған қылмыс.

Қылмыс істеу сатыларын жүзеге аспай тұрып, бастапқы кезеңде алдын -алу, күрес жүргізу маңызды орын алады.  Бұл - заңмен қорғалған мүдделерге зиян келтіруді алдын - алуға көмектеседі.  

§ 2. Қылмысқа  дайындалу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 бабы 1 тармағына сәйкес, тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән –жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады.  Қылмыстық жауаптылықты шешу үшін заң істелген әрекеттің ауырлығын, қоғамға қауіпті дәрежесін анықтауды жүктейді. Яғни қылмыстық жауаптылық ауыр немесе аса ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін басталады. (ҚК 24 бабы 2 тармағы). Жалпылама алса, дайындалу қылмыс істеуге жағдай жасау формасында көрінеді. Қылмыстық заңда дайындалудың бірнеше түрі көрсетілген:

 -қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау;  

-қылмысқа қатысушыларды іздестіру;

-қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау.  Қылмыс істеуге дайындалу әрекеті, мысалы, адам өлтіру үшін пышақ жасаса, бұл қандай да бір аяқталған қылмыс құрамын құрайды, ол кінәлі адамның әрекеті қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады. Яғни бұл аяқталған қылмыс ретінде, тиым салынған қаруды әзірлеу ретінде және адам өлтіруге оқталу ретінде сараланады. Аяқталмаған қылмыстарға жаза тағайындағанда істелген әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі ғана істелген және қылмыстың қандай жағдайлардың әсерінен аяғына дейін жетпегендігі ескеріледі.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 56 бабы 4 тармағына сәйкес, қылмыс істеуге дайындалғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.  

§ 3. Қылмысқа оқталу  

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 бабының 3 тармағына сәйкес, тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс -әрекет (әрекетсіздігі), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады.  Қылмыстық оқталуда қылмыстық жауаптылық онша ауыр емес қылмыстарға белгіленбейді. Жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 24 бабының 4 тармағына сәйкес, қылмыстылық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін ғана басталады. Қылмыс істеуге дайындалуға қарағанда, оқталуда адам өз әрекетін нақты іске бағыттайды, яғни ойлаған қылмысының объективтік жақтарын жүзеге асыра бастайды.  Қылмыс істеуге оқталу сатысында адамның ойлаған ойы жүзеге аспай қалуы мүмкін. Мысалы, адамды өлтірем деп тілейді, бірақ оған дене жарақатын ғана салады. Қылмысқа дайындалудағы сияқты қылмыс істеуге оқталу сатысында сот әрекеттің қоғамға қауіпті дәрежесі мен сипатын, қылмыстық тілеуді, жүзеге асыру дәрежесін және қылмыс қандай мән – жайлар бойынша ақырына дейін жетпегенін ескереді. Қылмыстық Кодекстің 56 бабының 3 тармағында, қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мөлшері мен мерзімі Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта ерекше қылмыс үшін көзделеген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауы керек.  

...

Скачать:   txt (14.8 Kb)   pdf (78 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club